"Әртүрлі стресстік жағдайлар бар": Мамандар қазақстандық жасөспірімдер не үшін артық салмақ жинауға бейім екенін түсіндірді

Қазақстандық жасөспірімдер семіздікке жиі шалдығады. Бүгінде 18% ұл балалар мен 20% қыздар артық салмақпен өмір сүреді. Қашықтан оқудың әсерінен болса керек дәрігерлерге жүгінгендер саны артқан. Әрбір бесінші қазақстандық оқушы артық салмақпен өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Мұндай мәліметтерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтіреді. Көбінесе бірінші немесе екінші дәрежелі артық салмақпен 8 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылар дәрігерлерге жүгінеді екен.

 
Мамандардың айтуынша, артық салмақ денсаулыққа зиян. Атап айтқанда, ағзаның бірнеше мүшесіне әсерін тигізеді. 

“Бұл ағзаға артық салмақ. Біріншіден, жүрек-тамыр жүйесіне, екіншіден, тыныс алу аппаратына, ең бастысы – тірек-қимыл жүйесіне омыртқаның қисаюына әкелуі мүмкін. Семіздік гормоналды жүйенің, зат алмасу процесінің бұзылуы немесе қандағы инсулиннің жоғары болуына байланысты пайда болуы мүмкін”, – дейді эндокринолог Қымбат Қасқырбаева.

Мамандардың айтуынша, дұрыс тамақтанбау да бұған себеп бола алады. Балалар тәтті сода, жоғары калориялы фастфуд және жеңіл тағамдарды жиі қолдана бастады. Диетологтар әрбір бесінші жасөспірім аптасына үш реттен көп газдалған сусын ішеді. Нәтижесінде артық салмақ шыға келеді, дейді.

Ал Шымкенттің мектеп асханаларында балаларды ыстық тамақпен: бірінші және екінші тамақ, кола мен энергетиктердің орнына су мен компотпен тамақтандырады.

Шымкент қаласы білім басқармасының оқу бөлімінің басшысы Гүлнар Дарыбаева барлық мектептерде қуырылған тағамдарды сатуға тыйым салынады дейді.

“Оған бургерлер, гамбургерлер, чипсы, фри, тіпті пицца да кіреді. Тағамдар сапасын мектептің бірінші басшысы қадағалайды және барлық мектептерде комиссия бар”, – дейді ол.

Ал енді мектеп қабырғасынан шыққан балалардың қалай тамақтанатынын бақылау қиын. Оқу орындарының жанындағы дүңгіршектерде қуырылған, майлы тағамдар, газдалған сусындар, түрлі тәттілер бар.

Психологтардың пікірінше, көп мөлшерде тамақтану және соның салдарынан семіздікдің пайда болуы стресске әкеледі.

“Мектепте әртүрлі стресстік жағдайлар бар: жаңа адамдармен танысу, үздіксіз оқу, түсініксіз қарым-қатынастар, оқытушылармен және сыныптастарымен түсініспеушіліктер. Баламен сөйлесу керек, ол жайдан-жай шектен тыс тамақтанбайды”, – дейді психолог Герман Владимиров.

Жақында депутаттар дұрыс тамақтанбау мәселесін көтерді. Олар мұның бәріне маркетинг пен жарнама әсер етеді, дейді.

Балалар жарнамаланатын сусындар мен фаст-фуд тағамдардың дәмін татқысы келеді. 

Мамандар баланың табағында көмірсулар емес, көкөністер, ақуыздар мен жемістер болуы керектігін баса айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста