Арқардың қозыларын қолда ұстап отыр

Өкпеті тауын жағалай жайлап, айрандай ұйып отырған - Үштөбе ауылы. Тіршілігі ағараңдап атқан таңмен жарыса басталатын ауылға күн сәулесі түскенімен, қыстың ызғары әлі де бар. Тимур күндегідей күрең атты сипай қамшылап, бір отар қойды қозысымен, ешкі-лағымен өріске қарай бағыттады.
Он жылдан астам Тарбағатай тауымен сілемдесе жатқан Өкпеті тауының баурайында мал бағып отырған Тимур Жұмәділов осы уақыт ішінде табиғаттың талай тамашасын көрді. Ол Өкпетінің сай-саласын, айналасын бес саусағындай біледі. Қай жағында қандай аң мекендейтініне дейін айтып отырады.
Жердің кеуіп, күннің енді ғана жылынып келе жатқан көктем кезі болатын. Тимур бүгін де қой-ешкісін өргізіп жіберіп, алаңсыз төңіректі көзбен шолып отыр. Енді ғана көгеріп келе жатқан беткейге кенеше жабысқан қойлар бір орыннан табжылар емес. Тимурға Сарқырай аққан өзеннің сылдырымен жағаласа жақын маңда суырдың аңқиттаған дауысы естілгендей болды. Сенімді серігі, күшік кезінен қой қайырып өскен төбеті - Сырттанға сенген ол жаяулатып жайлаудағы жар-тастардың арасын аралап кетті. Көп ұзамай-ақ ат шаптырым жерде арқардың қос қозысы көрінді. Өз беттерімен жүрген қозылар әлденеден шошынған сияқты. Енелері қасекеңе жем болды ма екен, кім білсін?! Тимур қос қозыны қуып жүріп ұстап алды. Далада бір күн қалса, жыртқыштарға жем болары анық. Сөйтіп, кешкілік екеуін қолтығына қысып, үйіне алып келді.
Бүгінде бөтелкемен сүт береді. Қолға қанша үйренді дегенмен, жабайылықтың белгісі бар бәрібір. Үркектеу. Тимур қозылар өсе келе далаға жібере салатынын айтады. - Табиғатқа үйреніспей жатса, қоймен бірге жүре береді, - деп те қояды. Үштөбе ауылында бұрындары Ержан есімді (лақап аты «Қасқыр Ержан» екен) жігіт арқарды қоймен будандастырып, мүйізді қойлар алған кездер де болыпты. Соған қарағанда қолға үйренісіп кетуі де ықтимал.
Өкпеті тауы - жазығы аз жартасты жер. Тауды тілгілеп Боғас, Талды базар деген өзендер ағып жатыр. Бұл маңда баяғыдан арқар көп кездесетін көрінеді. Әлбетте, арқарды азық етіп жүрген түз тағыларының да қарасы аз еместей. Тимур бұрындары арқарды қойып, қасқырдың күшігін де асырапты. Жалпы, Өкпеті тауында аңның он сегізден астам түрі мекендейді екен. Ал «Өкпеті» деген атаудың өзі «сиырлы беткей» деген мағынаны білдіреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста