Маңғыстау облысының барлық ауылында дерлік Ардагерлер үйі бар. Ақсақалдарға арналған арнайы орын ашуға қолы жетпей отырған аз ғана елді мекендердің бірі Қарақия ауданындағы Бостан ауылы болатын. Енді, міне, Халықаралық қарттар күніне орайластырылып бұл ауылда да осындай орын ашылды. Ауыл әкімі Оңдабек Иманмадиевтің айтуынша, Ардагерлер үйі тек ақсақалдар жиналатын жер емес, сонымен қатар мұнда ауылдың зиялы қауымы да түгелдей бас қосып, күнделікті мәселелерін талқылап, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, жөнге салып отыратын орын болмақ.
Ардагерлер үйіне бас-көз болу ауыл ақсақалы Алпамыс Жұмалиевке жүктелді. Ол Ардагерлер үйінің болашақта бүкіл жастарға тәлім-тәрбие беретін орынға айналатынына уәде берді. Ақсақалдың айтуынша, бұл орын ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін аса қажет.
Ардагерлер үйінің ашылу салтанатына ауданның Қызылсай, Сенек, Құланды секілді басқа елді мекендерінің ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар жергілікті ақсақалдармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Ардагерлер үйінің ішкі безендірілуінің өзі оның жұмысы қай бағытта өрбитінінен хабар беріп тұрғандай. Мұнда аталы сөздер, мақал-мәтелдер мен өсиеттер жазылған, қазақтың билері мен батырларының суреттері ілінген. Елімізде шығатын газет-журналдардың да түгелге дерлік тігіндісі осында бар.
Ардагерлер үйі – тәрбие ордасы
Последние статьи автора