Араздасқан ағайынды бітістіретін ата ғұрпы қолданысқа енбек

Араздасқан ағайынды бітістіретін  ата ғұрпы қолданысқа енбек

Халқымыздың ауыз әдебиетінде «әділ төрелік айтып, бір топ адамды немесе бір рулы елді биге жеткізбей-ақ, орта жолдан разы қылып қайтарыпты» деп аяқталатын аңыз-әңгімелер өте көп. Бұлар – дау-жанжалға ұрынған ағайынды орынды сөзге тоқтата білген ұлы халық екенімізді дәлелдейтін дүниелер. Ұмыт болған осы дәстүр жақын күндері қолданысқа қайта түсуі мүмкін.

Жоғарғы сотта осы мәселеге қатысты «Екі жақты татуластыру институтын енгізудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті. Онда білікті заңгер мамандар «Бітімгерлік туралы» жаңа заң жобасын талқыға салды. Әкімшілік істер жөніндегі қадағалау алқасының төрайымы Алмаз Тәшенованың айтуынша, мұндай институт қазіргі қоғам үшін өте қажет. Себебі ауылішілік, ағайынаралық істің сотқа дейін барғанынан гөрі, туыстардың тез табысқаны абзал. «Бұл, біріншіден, арыз жазып, алауыз болудың алдын алса, екіншіден, уақыт пен біраз қаржы-қаражатты үнемдеуге сеп болады. Құжат бойынша, бітімгер тәуелсіз, яғни екі жақтың да көңілінен шыққан азамат болуы шарт. Аталған заң жобасы тағы бір рет пысықтаудан өтіп, осы күзде Парламентке жол тартады», – дейді Алмаз Тәшенова ханым.

Бұл, әрине, қуантарлық жаңалық екені даусыз. Алайда әділ төрелік ұясы саналатын Жоғарғы соттан сол жаңалықты өз тілімізде айтып беретін адам табу бітіспес дауға төрелік айтқаннан да қиямет болды. Сауын айтып жүріп шақыртып алдырған Сәбит Ахметов деген Жоғарғы соттың сарапшысы жарытып ештеңе айта алмады. Ақыры ресми тілде мөлдіретіп тұрып түсіндіріп жатқан Жоғарғы соттың судьясы Владимир Борисовтің аузын бағуға тура келді. «Ежелгі билердің тәжірибесінен бастау алатын бұл дәстүр қазіргі заманда «медиация» деген ұғымға сай келіп отыр. Қысқасы, екі жақты келістіру тәжірибесін заңдастыру мәселесін қолға алып отырмыз», – дейді Жоғарғы соттың судьясы.

Оның айтуынша, аталмыш жүйенің қолға алынуы елдегі демократияландыру бағытындағы қарымды қадамдардың бірі болмақ. 
Айтпақшы, би-шешендерімізге қатысты қай аңыз-әңгіме болсын аяғы жақсылықпен аяқталатын: ел-жұрт табысып, бірін-бірі ұзақ уақыт көрмей кеткен ағайын жарасып жататын. «Бітімгерлік туралы» заң жобасы да біреулердің сойылын соғып кетпей, осылай жалғасын табар деп үміттенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста