Аралас неке қазақты аздырудың жолы - Сұлтанәлі Балғабай

Кезінде, яғни, 1950-60-шы жылдары 700 қазақ мектебін жапқан кім? Өзіміз. Ол кездегі ел басқарған азаматтар біреу ұлтшыл деп айтып қоймасын деп, әр жаққа бір жәутеңдеген жігерсіз, жалтақ қазақтар болды. Олардың басым көпшілігі халықтың рухы мен рухани байлығын, ана тілін әртүрлі лауазымдарға, атақдарға, орден-медалдарға айырбастып, сатып кетті.
Өкінішке орай оныны әлі күнге толық сезініп, түсіне алмай келеміз. Оның есесіне жоғардағы тұлғаларды, «халқына зор қызмет еткен, шексіз жақсылық жасаған» деген сияқты атын аңызға айналдыру жиі кездеседі. Әрине, сіңірген еңбегі болса айту керек, көрсету керек. Бірақ алдымен ол еңбектің қандай еңбек екенін біліп, мән-мағынасын ашып, түсініп, алған дұрыс.
Сол сияқты, Кеңес уақытында аралас некені халықтар достығы немесе интернационализмнің кепілі ретіне насихаттайтын үрдіс қалыптасты. Шын мәнінде бұл ешқандай халықтар достығы немесе интернационализм емес, ары кеткенде, қазақша айтсақ, екі халықтың құдалығы. Интернационализм деген – ол мүлде басқа дүние. Ол – ұлттардың бір-бірінің ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сыйлауы, рухани қиындыққа ұшырса, бір-біріне қол ұшын беруі. Яғни, интернационализмнан ешкім зиян шекпеуі керек.
Ал, аралас некеден әуелі қазақтар зиян шекті. Бірен-сарын ауылдық жердегі қазақтар болмаса, орыстан қатын алған қазақ жігітінің немесе орысқа әйел болған қазақ қызының кейінгі ұрпағы ұлттық ерекшеліктерінен айырылып, тіпті есімдері де орысшаланып толық ассимиляцияға ұшырады. Сөйтіп, қазақтың бір буын ұрпағы аралас некенің арқасында азып жоғалды.
Осы үрдіс бұдан былай да жалғаса беретін болса және оған өзіміздің орыстанған қазақтар қосылса, осы ғасырдың ортасына таман Қазақстанның біраз облыстары мен аудандарында тілі таза орысша, түрі қазақ пен орыстың аралық типін сақтаған жаңа халық пайда болуы мүмкін. Мұндай жаңа халық адамзаттың даму тарихында қандай қандай өзгеріс, нендей жаңалық әкеледі – ол әзірге жұмбақ.
Менің бір білетінім: Югославия мемлекеті бытырамай тұрғанда халық саны 23 млн болды. Онының 5 пайыз халқы, яғни, 1,2 млн адам өздерін сербке де, хорбатқа да, македондықтарға да жатқызбайтын, аралас некеден туғандар өздерін жаңа ұлт жасап, «югаславияндық» деп атады. Сөйтіп, жаңа бір халық пайда болды.
Осы жерде мына бір мәселені ашып айтқан жөн. Қазір қазақ тілі құлдырап бара жатыр десеңіз, оны намыс көріп, ана тіліміз гүлдену үстінде деп бой бермейтіндер көп кездесетін болды. Сол сияқты, қазақтардың ассимиляцияға ұшырап, басқа халыққа айналып, құрып бара жатқанын аңғармау жақсылыққа апармайды. Егер бір қазаққа шын жанымыз ашитын болса, осы қауіптің алдын алудың жолын іздестірген дұрыс.
 namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста