Ақтөбеде қыздарды порнофильмге түсуге шақырған жарнама пайда болды
Ақтөбеде қыздарға арналған порно кастинг жарияланды. Бұл туралы хабарлама Вконтакте әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде тараған.
Кастинг талабы бойынша қыздар 19 бен 23 жас аралығында болуы керек. Және өте көрікті әрі төсекте де өзін еркін сезініп, жақсы көрсете алуы шарт. Гонорарға 150 мың теңге ұсынылып отыр.
Айта кетейік, елімізде порнографиялық өнімдер дайындауға және оны таратуға заңмен тыйым салынған.
Сондай-ақ кастингке Ақтөбеден басқа қалалардан да хабарласуға болады екен. Тек қыздар Вкантакте желісіндегі жекеге немесе telegram арқылы хат жазса болғаны.
Хабарландырудың қаншалықты рас-өтірігі белгісіз. Тек фильнің 18 жасқа толған ересектерге арнап түсірілетіні жазылған.
Көпшілік қазақ қыздарының намысын таптап отырған бұндай хабарландыру бойжеткендердің баратын жері емес деп ашулануда.