Ақтөбе облысында иттер малды талап, өлтіріп жатыр (видео)

Ақтөбе облысында иттер малды талап, өлтіріп жатыр (видео)

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында иттер малды өлтіріп жатыр. Тұрғындар бұл хайуандар осылай жүре берсе, балаларға қауіп төнетінін айтады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Бұл туралы "Zello_baiganin_04" парақшасында видео жарияланды. Бейнежазбада үш иттің айғырды талап жүргені айтылады. "Құлынды ұстайын деп жүр" дейді жазба авторы.

 

Бейнежазбаның астына "Қаңғыбас иттер аштықтан қасқыр болып кеткен бе?" деп жазылған. Бұл парақшаға салынған алғашқы видео емес. Бұған дейін де аудан орталығындағы М. Мәметова көшесінде иттердің қойды өлтіріп тастағаны туралы видео жарияланды. Бейнежазбада жерде жатқан қойдың тамағынан жараланғаны, мойынында қарғысы бар иттердің қашып бара жатқаны көрінеді. Видео авторы "қойды өлтіріп тастады" деп айқайлайды.

 

 

Бейнежазбаның астына "Байғанин ауданында көшеде иттер малымызды жеп жатыр. Сабақтан кеш қайтатын балаларымызды жейтін шығар деп шарасыз күй кешіп отырмыз. Соған жәрдемдесіңіздер" деп жазылған.

 

Аудан тұрғындары жазбаға түрлі пікір қалдырыпты. Бірі "иттер жаз бойы қойды жарып жатыр", "баяғыдан келе жатқан жыр ғой, осымен неше қойға шапты" десе, енді бірі иттердің қаптап кеткенін, көшеде жүруге, мектепке балаларын апаруға қорқатынын айтады. Біреулері бұлардың қаңғыбас иттерге ұқсамайтын жазған. Тұрғындар иттерді жойып, бір тәртіпке келтіруін сұрапты. Бұлай болса берсе, жағдай ушығып кетпек.

 

Ал тал түсте малды өлтіріп, жылқыға шапқан қаңғыбас иттер ме? Осы мәселе бойынша аудан әкімі Қайрат Отаровқа хабарластық. Аудан әкімі жағдаймен жақсы таныс екен. Оның айтуынша, қойды өлтірген қаңғыбас емес, иесі бар иттер.

 

 

"Екі итті де анықтадық. Ауласынан босатып жіберген. Иелеріне 8 мың теңгеден 16 мың теңге айыппұл салынды. Бүгін жылқыларды қуған иттерге қатысты видеоны көрдім. Тапсырма берілді. Бейнежазбаны анықтап қарасаңыз, иттердің бірі — тазы, екіншісі — төбет. Қаңғыбас иттер емес. Полиция қызметкерлері сол жаққа кетті, анықтап жатыр. Қожайындарын тауып, шара қолданамыз," — деді аудан әкімі.

 

Биыл қаңғыбас иттерді жоюға 1 миллион 400 мың теңге бөлінген. Бұл қаржыға 657 ит өлтіріліпті. Аталған мәселе әлеуметтік желіге шыққаннан кейін қосымша 900 мың теңге бөлінген. Қазір байқау жарияланыпты. Осы айдың 15-інен кейін ұтқан мекеме анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілмек.

 

"Соған қарамастан полиция қызметкерлері, әкімдік пен ветеринариялық станция мамандары бірлесіп, ауылдық округтерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғындар итті бос жібермеуі керек. Оның соңы осындай жағдайларға әкелуі мүмкін. Бірақ жеме-жемге келгенде, иелері "менің итім емес" деп бас тартады. Итті ұстағаннан кейін жауапкершілік болу керек, "— деді әкім.

 

Аудандық ветеринариялық станцияның директоры Гүлбадан Сәдуованың айтуынша, соңғы кезде жастар қос-қостан, тіпті 3-4-тен ит ұстауды сәнге айналдырған. Әсіресе, тазы, алабай, овчарка иттерін асырайтындар көп. Тіпті итті төбелестіріп, қызықтайтындар кездеседі.

 

"Далада жүрген иттердің барлығының иесі бар. Тұрғындар байламай бос жібереді. Қазір итке малдың шикі етін, өлексесін береді. Ал шикі ет жеген ит ашыққанда малға шабуы мүмкін. Бір үйде 4-5 иттен бар. Оның бәрін тойдыру да қиын. Қазір өріп жүрген аң болмаса да, аңға салатын иттерді ұстайтындар көбейді. Бұндай иттер қызылға құмар болады,"— дейді втеринариялық станцияның директоры.

 

Оның айтуынша, иесі бар иттер жылына бір рет құтыру ауруына қарсы егіліп, профилактикалық мақсатта ішек құртына қарсы дәрі беріледі. Алайда ауруға шалдығып, қабаған болып кеткен иттер тіркелмепті.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста