Аққала жасау қай кезден басталған?

Аққала жасау қай кезден басталған?

Қар жауғанда балалар Аққала жасап ойнайды. Жалпы, Аққала жасау қай кезден басталған және оның мағынасы қандай?

Деректерге сенсек, Аққала жасау XV ғасырдан, нақтырақ айтсақ, 1493 жылдан бастау алған деседі. Дәл осы жылы италиялық мүсінші, сәулетші Микеланджело Буонарроти қардан әр алуан мүсін жасаған екен. Алғашында қардан мақұлықтардың мүсіні жасалса, кейін келе әр аулада жағымды кейіпкерлердің мүсіндері бой көтерген. Адамдар құдайдан тілек тілеп, солар арқылы жын-перілерді үркітеміз деп сеніп, Аққалалар әр үйдің шарбағында тұрғызыла бастаған екен. XIX ғасырдан бастап, қардан сомдалған мүсіндер жаңа жылдық атрибут болып қалыптасқан.

Ал қазақта Аққала сөзі екі мағынада айтылады. Біріншісі – қардан жасалынатын адам бейнесі. Әдеттегі қарды ойып, басына – шелек – танауына сәбіз шаншып орнатып қоятын балалар ойыны. Екіншісі – ықтасын. «Аққаланың әуелгі мағынасы да осыдан пайда болған» деседі. Өйткені солтүстік өңірдің қазақтарында қалың жауған қарды үю арқылы үйдің айналасына ықтасын орнату осы күнде де сақталған. Ескі түркі тілінде қала атауы қорған мағынасында айтылатынын ескі жазбалардан кездестіруге болады. Сондай-ақ мұндай жазбалар қазақтарда да кездеседі. Мәселен, Ер Тарғын жырында «Қырым деген қаланың жел жағына қаласың, ық жағына панасың» деген жолдар бар. Сонымен қатар еліміздің шығыс өңірінде күзде талдан мал қамайтын шарбақ тоқып қояды. Және оны аққала деп атайды

Жалпы, бүгінгі күні Аққала жасау – балалардың қыс мезгіліндегі сүйікті ойыны болып табылады. Алайда соңғы жылдары бұл ойынға ересектер де шындап кіріскен сыңайлы. Өйткені бүгінгі таңда елдер арасында Аққала жасаудан бәсеке бар. Мысалы, Еуропаның Австрия елінде 16,7 метр қар мүсін жасалған болса, АҚШ-тың Бетел қаласында 37,21 метрлік «Олимпия» деп аталатын алып аққала жасалған. «Олимпияны» тұрғызуға 5 890 тонна қар жұмсалыпты. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста