Ақмола облысында әкесі үш баласын зорлады деген күдікке ілінді
Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Ақмола облысында ер адамның өз балаларын зорлады деген күдікке ілінгенін айтты. Оқиға Астрахан ауданында болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
"#НеМолчиKZ желісіне бір отбасыдағы үш балаға қатысты сексуалды зорлық туралы хабарлама келді. Старый Колутон ауылы, Астрахан ауылы. Ата-аналары ішкілікке салынған, балаларды әкесі зорлайды. Бұл ақпаратты еріктілерге әжесі хабарлады. Тексеріп, шара қабылдауды сұраймыз", – деді ол.
Балалардың құқығын қорғау комитеті бұл дерек бойынша білім бөлімінің басшысы мен ішкі істер органының қызметкерлері жіберілген.
"Ішкі істер органының ақпаратынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Мәселе бақылауға алынды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Ал Ақмола облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 122-бабы 2-бөлігі "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша тергеу бастаған.
"2012, 2014 және 2016 жылдары туған үш балаға қатысты медициналық куәландыру жүргізіліп, жыныс мүшелері маңында зақым, көгерген іздер, тыртық пен өзге де жарақаттар анықталмады. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz