Ананың сүті бұзылса, баладан маза кетеді

Ананың сүті бұзылса, баладан маза кетеді

 Қоғам дертіне айналған індеттердің бірі – әйелдердің сүт безі ауруы. Мамандардың айтуына қарағанда, жедел шаралар жасалмаса, әрбір екінші әйел осы дерттің құрығына ілінуі мүмкін. Бүгінде бұл дерт әйелдерді қойып, тіпті ер-азаматтарға да ауыз сала бастапты. Америкада жылына 800-900 жігіт аналық сүт безінің қатерлі дертіне ұшырайды екен. Ал бізде ше?

Біздің елімізде аталмыш ауруға шалдыққан ер-азаматтардың ауырып емделіп жатса да, көпке жария болғысы келмейтіндіктерінен, көбінесе, статистика құпия күйінде қала береді екен. Ал дерттің соңғы кездері ер-азаматтар арасында көбеюінің негізгі себебі жұмыс бабы мен өмір сүру қарқынының өзгеруінде көрінеді. Жігіттер күнкөрістің қамымен айлап, жылдап отбасынан жырақта жүргендіктен, қалыпты жағдайдың қуық асты гормондары мен ұрық безі қызметінің қалыпты дағдысының бұзылуы салдарынан ер-азаматтардың сүт безі ауруына шалдығатыны байқалған. Көбінесе аталмыш аурумен науқастанушылар дәрігердің алдына ауруы асқынып кеткен соң ғана жетіп жатады екен. Мұның сыры бұл ауру адамның жанын жеп, ауырып, мазаламайды, білдірмей үңгіп, адам денесіне уын жая береді екен. ҚР маммолог-дәрігерлер одағының президенті, «Маммология» медициналық орталығының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор Әскер Есенқұлов: «Әйел адамның өмірінде атқаратын қалыпты төрт функциясы бар.

Олар етеккір, жыныстық қатынас, жүктілік, өмірге бала әкеліп емізу. Дәл осы төртеудің біреуі бұзылса, ол – ауруға жолбастаушы болды деген сөз. Егер қарапайым осы заңдылықтар сақталса, қауіптің беті аулақ болатын еді. Алайда өкініштісі сол, қоғамның ауыр дертіне айналып отырған індеттің соңы асқынған ісік ауруына шалдыққан әйелдердің 40-60%-ның өліміне әкеліп соғып отыр. Аурудың арты осындай трагедияға соқтырмау үшін алғашқы белгілері байқалысымен, яғни 0-1 сатысында дәрігерге жүгінсе, кеселдің алдын алу мүмкіндігіне және дене мүшесінің толықтай сақталып, ана болу мүмкіндігінің жоғалмауына толықтай кепілдік бар. Сондықтан қалыпты төрт функцияның бірі бұзылса, дереу дәрігерге көріну керек», – дейді. Сондай-ақ әйелдер кеудесіндегі түйіннен үнемі тексеріліп тұруы қажет екен.

Көбінесе әйелдердің уақытылы тексерілмеуі салдарынан ауру асқынып кетіп жатады. Осы жағдайдың алдын алу үшін елімізде скриник тәсілі арқылы халықты жаппай тексеру тәсілдері жүргізілуде. Шетелде мұндай жаппай тексеру әдісі бұрыннан бар болғанымен, біздің еліміз соңғы кездері ғана халықты жаппай тексеруге көңіл бөлуде. Алайда республика халқын жаппай қамту әлі де мүмкін болмай отыр. Мұның басты себебі – шалғай ауылдарда аппараттардың жетіспеуі және біздің халықтың өз денсаулығына немқұрайды қарауы. Мүмкіндігі өте жоғары аппараттармен тексеру кезінде аурудың белгісі енді біліне бастаған көптеген әйелдер дер кезінде қаралуға мүмкіндік алған. Осындай тексеру нәтижесінде, 400 000-дай әйелдің 1000-нан астамының қатерлі рак дертіне шалдыққаны анықталған. Қорқыныштысы сол, егер аурудың дер кезінде алдын алу шаралары қолданылмаса, алдағы уақытта 30-35 жас шамасындағы әрбір екінші әйелдің осы ауруға шалдығу қаупі бар көрінеді.

Тағы бір айта кетер жайт, аталмыш ауруға көбінесе бір-екі бала ғана босанған әйелдердің жиі ұшырайтыны байқалған. Мамандардың айтуынша, қалыпты төрт функция (етеккір, жыныстық қатынас, жүктілік, өмірге бала әкеліп емізу) бұзылуының салдарынан аналық бездің ұлпалары бүлініп, ауруға шалдыға бастайды екен. Осы орайда бұл аурудың бұрын байқалмауының басты сыры осында секілді. Яғни бүгінгі күні аналардың бір-екі баламен ғана шектелуі аурудың кең таралуына мұрындық болып отырғандай. Сондай-ақ жас қыздарда кездесетін сүт безі қатерлі ауруы тікелей тұқымқуалаушылықтың әсерінен екен.

Әскер ЕСЕНҚҰЛОВ, ҚР маммолог-дәрігерлер одағының президенті, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Жасыратыны жоқ, біздің ұлтымызда кеудесі, яғни сүт безі қалыпты деңгейге дейін өспей қалған қыздар өте көп. Оған бірнеше түрлі себептерді мысалға алсақ болады. Біріншіден, аналық жыныс безінің гормондарының кемуі, екіншіден, тағамның құндылығының азаюы. Біз күнделікті тұрмыста жеткілікті түрде көкөніс, жеміс-жидектер мен дәруменді тағамдар қабылдамаймыз  әрі спортпен шұғылданбаймыз. Егер де қыз балалардың сүт безі өспей, дамымай қалса, екі жолмен емдеу мүмкіндігі бар. Біріншісі гормон беру арқылы болса, екіншісі – хирургиялық жолмен, бұл, әрине, гормон қонбаған жағдайда қолданылатын тәсіл. Хирургиялық әдістен қорқатыны жоқ. Өйткені бұдан он жыл бұрын операция жасап, протез орнатқан әйелдердің бүгінгі күні бала сүйіп, ана атанып отырғанын көріп отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста