«Әмбебап» мұғалім білім сапасына кері әсер етіп отырған жоқ па?

Қазақстанның қай ауылындағы мектепті алып қарасаңыз да, маман жетіспеушілігі айқын сезіледі. Әсіресе математика, физика, химия, информатика сияқты пәндерді оқытатын мұғалімдер жетпей жатады.
Мұғалім жетіспесе, Тәуелсіздік ал­ған­нан бергі 20 жыл бойы балаларымызды кім оқытып келді деген заңды сауал туын­дайды. Жауап: «әмбебап» мұғалімдер. Яғн­и біліктілігі сәйкес келмесе де, сабақ беретіндер. Мұндай жан-жақты ұстаздар әсіресе ауылдағы білім ошақтарында өте көп. Солтүстік Қазақстан облыстық білім саласын бақылау департаменті өткен қыста жүргізген мониторингке көз жүгіртсек, тек осы өңірдегі 404 мектепте жұмыс істейтін 1124 мұғалімнің білімі талапқа сай келмейтіні анықталған. Ал бұл еліміздің білім туралы заңының 51-бабын бұзу болып табылады. 
«Былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң, өгіз өледінің» нағыз өзі болып тұр. Кәсіби маман болмаған соң, берілетін білім сапасы да жоғары болмасы айдан анық. Мұғалім жоқ екен деп сабақ жүр­гізбеуге тағы да болмайды.
2007 жылы қабылданған білім туралы заңның 51-бабы енді жүзеге асырыла бастағандай. Солтүстік Қазақстан облыс­тық білім саласын бақылау департа­мен­тінің бастығы Ерлан Әбілдиновтің ай­туынша, заң талабын орындамай кел­гендер бұдан былай жазаға тар­тылмақ. Мысалы, 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында 56 мектеп тексеріліп, 40 іс сотқа жіберіліпті. Кәсіби біліктілігін растайтын дипломсыз сабақ берген мұғалімдер еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 357-1 бабына сәйкес айып төлейді. Кодексте «Рұқсат, лицензия, біліктілік аттестаты мін­детті болған жағдайларда, тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен ай­на­лысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері бол­маса, әкімшілік құқық бұзушылық жасау­дың нысанасы және құралы тәркіленіп не он­сыз, жеке тұлғаларға айлық есептік көр­сеткіштің жиырмаға дейінгі мөл­ше­рінде айыппұл салынады» делінген.
Облыстық прокуратураның нұсқауы­мен білім беру саласын бақылау депар­та­менті тамыз айында тағы 25 мектепті тек­серіске алған екен. Нәтижесі мы­нандай: жоғары және бірінші санатты мұ­ға­лімдер үлесінің 30 пайыздан аз бо­луына байланысты жеті кемшілік,  құқық бе­ретін құжаттардың болмауы – 13, ме­дициналық қызметке лицензияның бол­мауы – 12, интернет жүйесіне қосылған компьютер сыныптарының болмауына байланысты жеті кемшілік тіркелген. Бұ­ған жол берген 19 мектептің директорына 237 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.
Бұл мәселе мұғалімдерді жазалаумен шешіле қоймайтынға ұқсайды. Алдымен ауылдарды көркейту керек. Әйтпесе жаңбыр мен қарда жолы жүруге келмей қалатын алыстағы елді мекенге кімнің барғысы келер дейсіз?
Еркін АНДЫБАЕВ, мектеп директоры:
– Мұғалімдер жетіспеушілігі ауыл мектептерінде жиі кездеседі. Жыл сайын бос орын жәрмеңкесіне қатысамыз. Мектеп бітірген жастардың дені қалада қалғысы келеді, қалада жұмыс таппа­ған­дары ір­ге­дегі елді мекендерді жағалайды. Ал облыс ор­талығынан жүздеген ша­қы­рым қа­шы­қ­тық­та жатқан ауылға кім барсын? Бұл мә­се­лені шешудің бір жолы – бұрынғы Ке­ңес өкі­метіндегі жүйеге көшу, яғни диплом ал­ған жасты жолдамамен жіберу. Сонда ал­дын ала қай ауылдағы мектепке қандай ма­ман керек екенін білім бөлімдері біліп, бі­тірген жастарды сонда жіберер еді.

Ерлан ӘБІЛДИНОВ, Солтүстік Қазақстан облыстық білім саласын бақылау департаментінің директоры:
– Білім туралы заң 2007 жылы қа­был­­данды. Содан бері 51-бап бұ­зы­лып келді. Заң талабын орындаған еш­­кім жоқ. Сабақты кім көрінген бере бе­­ретін болды. Бұл өз кезегінде білім са­­па­сының төмендеуіне әкеліп соқ­ты­ра­тыны белгілі. Сол себепті бұл мәселені біздің мекеме мықтап қолға алды. Сол­түс­тік Қазақстан облысы мектептерінің 107 мұғалімі қайта даярлаудан өтті. Тағы 350 ұстаз біліктілік жетілдіру ин­ститутында курста оқып жатыр. Ал бі­лік­тілігі сәйкес келмейтін мұ­ғалімдерге неге айыппұл салынуда де­генге келсек, айыппұл салу – санаға әсер ету құралы. Жаза­ла­масаң, ешкім орнынан қозғал­майды. Қайтадан оқуға түсіп, тағы бір диплом алып алсын да істей берсін. Заң­ның аты – заң, ол бұзылмауы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста