"Алтын алқамды" ломбард та алмайды...

Ресейлік utro.ru сайтының хабарлауынша көршіміз үш және одан да көп баласы бар отбасыларға кезектен тыс үй беру мәселесін қарастырып жатқан көрінеді. Бүгінде Ресейде үш және одан көп баласы бар 1 миллионнан астам отбасы өмір сүрсе, оның 129 мыңы тұрғын үйге мұқтаж жандардың тізімінде екен. Біздің елімізде де баспана мәселесі күрделі. Әсіресе талай көп балалы отбасының балалары баспанасыз, әркімнің табалдырығында өсіп жатыр. Тұрғын үй кезегіне тұрғанымен ол үйдің кезегі жеткенінше ол балалардың «өз қолы өз ауыздарына жетіп кететін» түрі бар. Оның үстіне Ресей үш балалы отбасыларды көп балалы отбасы санап, әлеуметтік жағдайына алаңдап жатса, бізде жеті-сегіз баласымен бір баспана түгілі, күнделікті ішіп-жемге жарымай отырған отбасылар жетерлік.
Мәселен Қызылорда облысы Шиелі кентінің 7 балалы тұрғыны Жұлдызай Орынбаеваның сегізінші баласына аяғы ауыр. 8 жылдан бері сабаннан тұрғызылған лашықты 3000 теңгеге жалға алып келеді. Жергілікті басқару орындары үй кезегіне тұрғызбақ түгілі, әлеуметтік көмек көрсетуге құлықсыз. Өйткені «көп балалы отбасыларға жергілікті билік тарапынан да көмек көрсету қарастырылған» деп жалпылама айтылғанымен, нақты көмек түрі көзге шұқып көрсетілмегеннен кейін, көп жағдайда жергілікті билік өкілдері, ауылдық, аудандық бюджет қоржынының түбі бостығын айтып жолатпайды. Осы кенттің тағы бір көп балалы тұрғыны 7 баласымен пәтер жалдап тұрады. Шиттей бала шағасына тамақ тауып бере алмаған күндері «ең болмаса «алтын алқамды» ломбардқа өткізейін десем, ломбард та алмайды» дейді. «Алтын, күміс тас екен» десек те, алтын алқаға таза алтынды қимай отырғанымыз да шындық. Алайда осы аты алтын, заты қарапайым «сөлкебайдан» басқа аналарымызға не істеп жатырмыз?!
Рас, осыдан 10-15 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда аналарымызға жағдай жасалып жатыр деуге болады. Бала туғанда берілетін бір реттік жөргекпұл, бала күтіміне байланысты 1 жасқа дейін берілетін жәрдемақы, жұмыс істейтін аналарға әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем, аз қамтылған отбасылардың балалары 18 жасқа толғанша төленетін көмек ақша, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі жәрдемақы, «Алын алқа» және «Күміс алқа» иегелері алатын арнайы жәрдемақы алады аналарымыз. Алайда бұл жәрдемақылардың мөлшері көпбалалы отбасының шай-пұлынан да артылмайды. Мәселен, жұмыс істемейтін ана ай сайын баласы 1 жасқа толғанша 10 мың теңгенің айналасында жәрдемақы алады. Азық-түлік бағасы бір жылдың ішінде 70 пайызға дейін қымбаттап жатқанын ескерсек, 10 мың теңгеге не алуға болады өзі? Апаларымыз «Кеңес заманында көп балалы үйдің суы, жарығы, телефоны, жолпұлы тегін еді» дейді. Ең болмаса барлық аналарға ортақ сол жеңілдіктерді неге қайтармасқа? Осы орайда айта кетер жайт бірқатар елдер әйелдің аналық рөлін ескеріп, жеңілдіктер ұсынған. Мәселен Ресейде ауылда жұмыссыз отырған көпбалалы ана зейнеткерлікке 50 жастан шығады, және коммуналдық қызмет ақысын төлеу кезінде жеңілдіктер қарастырылған. Кейбір шет мемлекеттерде жұмыссыз аналарға банктен несие алу кезінде жеңілдіктер ұсынылады, баласының санына қарай ол жеңілдіктер барынша ана мүддесіне сай бейімделген. Тіпті несиенің белгілі бір мөлшерін мем¬лекет төлеп беретін елдер де бар екен. Ал бізде ше?! Аналарымыз туғаны үшін жазықты болып, кейбір шенеуніктерден «тусаң өзің үшін тудыңды» да естіп қалып жатыр.
Айта кетер жайт, санамалап жәрдемақының сан түрін айтқанымызбен елімізде жұмыс істемеген аналар жәрдемақының бірқатарына қол жеткізе алмайды. Өйткені кейбір жәрдемақылар әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Ал жұмыс істемеген аналар ол қорға ай сайынғы жарнаны аудара алмайды. Сондықтан оларға жәрдемақы төленбейді. Негізі аналарға жәрдемақы төлеу жүктілікке, бала тууға, бала күтуге төленеді. Олай бол¬са, оларды жұмыс істейтіндер, істе¬мей¬тін¬дер деп бөлу қаншалықты дұрыс? Ауыл¬дағы әйелдердің басым бөлігі жұмыс істе-мейтінін ескерсек, «жұмыс істемейсің, деп жәрдемақыдан қағу оларға жасалған қиянат емес пе? Тіпті ауылдарда жұмыс көзінің өзі үлкен мәселе емес пе? Демографияға сүбелі үлес қосатындар да – ауыл әйелдері. Салыстырмалы түрде алғанда жұмыс істейтін әйелдер мен жұмыс істемейтін әйелдердің бір жылда алатын жәрдемақысының көлемінің айырмашылығы он есе екен. Сондықтан аналарымызға ең алдымен ана ретінде қарап жұмыс істегені үшін емес, өмірге сәби әкеліп, ел демографиясына үлес қосқаны үшін ақша төлеуіміз керек емес пе?! Аналардың аналық қызметін бағалайтын елде солай болуы тиіс еді ғой. Дені сау ана ғана, дені сау ұрпақты өмірге әкеледі. Ал аналарымыз ай сайын алатын 10 мың теңге жәрдемақысына жөргек ала ма, әлде баласына тамақ алып бере ме немесе дәрумен ішіп, жеміс жидегін жеп өмірге ұрпақ әкелген соңғы денсаулығын қалыпқа келтіре ме, әлде жалдамалы пәтерінің жалдық құнын өтеп, коммуналдық қызмет ақысына жарата ма?! Тіпті аналарымыз қарны тоқ болса, «Алтын алқасын» ұстап ломбард жағалар ма?
Қазіргі таңда елімізде 250 мыңнан аса «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері болса, отбасында бала саны 4-тен асатын 240 мыңға жуық жанұя бар екен. Бұлардың қаншасының баспанаға мұқтаж екенін білуге қанша талпынсақ та, қол жеткізе алмадық. Еліміздегі барлық аналарды болмаса да көп балалы аналарды аялап, мемлекетінің қамқорлығын сезіндіре алмай отырғанымыз өкінішті...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста