Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин мемлекеттік наградамен марапатталды

Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин мемлекеттік наградамен марапатталды

Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марапатты мемлекет басшысының атынан сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырды.

"Бұл наградаларды сіздердің елімізді өркендету жолындағы еселі еңбектеріңізге берілген лайықты баға деп қабылдаңыздар. Тіпті бүкіл Алматының жұмысына берілген баға деуге де толық негіз бар. Елге сіңірген еңбек ешқашан елеусіз қалмайды ", - деді Әшімбаев.

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды:

Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.
"Парасат" оденімен марапатталды:

Еңбек ардагері, Алматының құрметті азаматы Байкенов Қадыр;
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин;
Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Георгий Васильевич Кан;
Еңбек ардагері, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы Қалижанов.
"Құрмет " орденімен марапатталды:

Еңбек ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Людмила Ивановна Артамонова;
"Qazaq stroy" компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Әбдірахманұлы Артықбаев;  
"Алматы су" кәсіпорнының директоры Қайрат Алтайұлы Әбдірасылов;
Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев;
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Бақытұлы Әзірбаев;
Алматы қаласы білім басқармасы Ләззат Жылқыбаева;
Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының басшысы Диас Есдәулетов.
Сонымен қатар әртүрлі салада қызмет етіп жүрген бірқатар азаматқа ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы", "Ерен еңбегі үшін" ордені табысталды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста