Алматыны қаңғыбас иттер басып барады

Алматыны қаңғыбас иттер басып барады

Ит адамның досы екендігі ежелден белгілі. Десек те, қаңғыбас иттердің проблемасы еліміздің үлкен қалаларындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Мектеп жасындағы балалар мен қарттардың қаңғыбас иттердің шабуылынан жәбірлену фактілері азаймай отыр. Бүгінгі күнде Алматы қаласында 40 мыңнан астам қаңғыбас иттер бар көрінеді.
Сәуірдің 16-сы күні Орбита-3 ықшам­ауданында тұратын №132 орта мектептің 9-сынып оқушысын, ал 22 сәуір күні Мәметова көшесі, 12/21 үйдің тұрғыны 1947 жы­лы туған Үмбетов Мағауияны ит қа­уып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. №12 аурухана дәрігерлерінің мәліметіне қара­ғанда, күніне осындай бірнеше оқиға тіркелетін көрінеді. 2008 жылы Алматы қаласында (Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары бойынша) ит қауып, дәрігер­лік көмекке 1100 адам жүгінген көрінеді. Ал 2009 жылдың үш айында (Бостандық, Алмалы, Медеу аудандары бойынша) 323 оқиға тіркелген. Оның 263-і – белгісіз ит­­тер. Жалпы, Алматы қаласын алып қа­­рар болсақ, бұл сандардың екі еседен артық болары анық. Қаңғыбас иттер күн­­діз аулада ойнайтын балалардың, жүр­­гін­шілердің аяғына оратылса, түнде тыным­сыз үріп, тұрғындардың демалуы­на ке­дергі жасайды. Алматы қаласы бойынша иттерді ұстау және «ұйықтатумен» айна­лысатын екі жеке кәсіпкерлік мекеме бар. Олар – «Кожекеев» ЖК (Алмалы, Әуе­зов, Медеу аудандары бойынша) және «Рим­зан» ЖК (Бостандық, Жетісу, Түрксіб ау­дандары бойынша). Бұл меке­мелер қалалық әкімдіктің тапсырысымен жұ­мыс істейді. Осы мақсатта жергілікті бюд­жет­тен 2008 жылы 78 млн теңге бөлінген. Бір ит­ті «ұйықтатуға» – 4000 тең­ге, уыт­сыз­дан­­­ды­рып (дезинфекция), жер қой­нау­ына жібе­руге 500 теңге жұм­сала­ды. Қазіргі уақытта хайуанаттарды қорғау­шылар ит­терді вете­ринарлық ем­ха­наларда сте­ри­­лизациялау мәселесін көте­ріп отыр. Бұл жағдайда вете­ринар дәрі­герлердің ба­қылауында 10 күн бо­лып, иттер қайта бос­тандыққа жібе­ріледі екен. Бұл түсінікті, бірақ мәселені шеше ала ма? Ветеринарлық емханада стерилизациялауға 5000 теңге жұмсалады екен.
Ұлыбританияда «Қоғамды сауық­тан­дыру қызмет бөлімі» жұмыс істей­ді. Олар қала көшелерін ке­зіп, иесіз ит­терді құрықтап, иттерге ар­нал­­ған орынға тапсырады. Егер де жеті күн ішінде ит иесі табылса, ол ит­ті құрық­тауға, жеті күн асырауға кет­кен шығын­ды төлеп, итін қайтарып алады (шама­мен 55 фунт стерлинг). Ал жеті күн ішінде иесі табылмаған жағдайда, ит «Хайуанаттарды қорғау қоғамының» меншігіне өтеді. Өз кезе­гін­де «Хайуа­наттарды қорғау қоға­мы» итті аламын деуші басқа адамға беруге немесе «ұйықтатуға» құқылы.
Иттердің аулаларда мекендеуіне, бір жағынан, тұрғындардың өздері де кінә­лі. Өйткені санитарлық нормаларды сақ­та­май, тамақ қалдықтарын ауладағы кез келген бұрышқа лақтырып кете бара­тын жағдайларды жиі кездестіреміз. Екін­ші жағынан, тиесілі мекемелердің қал­дықтарды уақытында алып кетпеуі себеп болып отыр. Ал тамағын қорғаштаған иттердің тосын мінез танытуы – табиғи заңдылық.
Сонымен қатар қаңғыбас иттер кө­лік жүргізушілердің де проблемасына айналып келеді. Мысалы, 2006 жылы көлік астына түсіп өлген иттердің саны – 2318.
Ахмет, жүргізуші: «Өткен сенбі кү­ні Сайын көшесімен төмен түсіп келе жатқанымда, алдымды кесіп ит жүгіріп шықты. Қас қағым сәтте не істерімді білмей, тежегішті басып, рульді бұ­рып жібердім. Абырой болғанда сен­бі күні көлік аз болып, ешкіммен қақ­тығыспай, жол жиегіндегі арыққа тү­сіп кеттім».
Ит тістеген жағдайда, салғырттыққа салынбай, жедел түрде дәрігерге қарал­ған жөн. «Құтырған» ауруының емі болма­ғандықтан, әрбір сәт қымбат.
Иттерге арналған приюттерді көбейтіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру ке­рек. Өйтпеген жағдайда, биылғы 40 мың ит ендігі жылы 50 мыңға жетуі мүмкін. Ал ит санының көбеюі, проблеманы арттыра түседі.

Жұманова Мағираш Рауанқызы, Алматы қаласы Медеу аудандық қадағалау басқармасының бас маманы: «Ит, мысық, егеуқұйрық, тышқын тісте­ген жағдайда ескерусіз қалдыруға бол­май­ды. Міндетті түрде дәрігерге көріну кер­ек. Ауруханалар әрбір оқиғаны біз­ге хабарлайды. Ал біз өз кезегінде жәбір­ленушінің шартты немесе шартсыз түрде емделуін қадағалаймыз және хайуанат­тар­дың жұқпалы аурумен ауырған-ауыр­мағандығын тексеріп, бақылап отырамыз. Дәрігерге көрінбесеңіз, бақылаудан тыс қаласыз. Мұның соңы қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруы мүмкін».

Дәрігерлік ескерту:
Құтырған ит тістегенде инкубациялық кезең 15 күннен 55 күнге, кейде 6 айға дейін созылады. Жалпы, ауру үш кезеңнен тұрады. Бірінші – драмалық кезең. Ол – 1-3 күн. Бұл кезеңде аурудың ыстығы 37,2-37,3 градус болып, ұйқы қашуы, мазасыздануы байқалады. Жарақаттың ізі жазылып кеткен сияқтанғанмен ауруы басылмайды. Екінші – өршу кезеңі. Шамамен 4-7 күнге созылады. Бұл кезеңде ауру кез келген ұсақ-түйекке шамданғыш келеді. Шамның айқын жарығы бұлшық еттердің құрысып-тырысуына әкеліп соқтырады. Үшінші – паралич кезеңі. Алғашында ауру көрмей, содан соң қол-аяғы істемей қалады. Ақыр аяғында сырқаттың тыныс мүшелерінің қызметі тоқтап, адам өліміне әкеліп соқтырады. Бұл кезең – 5-8, кейде 10-12 күнге созылады. Ит қапқан жағдайда спирттік ішімдіктердің қай-қайсысынан болса да, бас тартқан жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста