Алматылық жезөкшелер клиент тарту үшін мобильді қосымша жасап шығарған
Қарасай ауданындағы Іргелі кентінде орналасқан қонақ үйде бірнеше жезөкше ұсталды. Полицейлер жеңгетайдың есеп кітабын да видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Заңсыз қызметті ұйымдастырғандар арнайы мобильді қосымшаны да жасап шығарды. Сол арқылы клиенттерді тауып отырған.
Криминалық полиция басқармасының қызметкерлері бас жеңгетайды ұстады. Ол Қаскелен қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған жұмыс істеген қыздар да полиция бөлімшесіне жеткізілді.
1
Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы бапқа сәйкес, кінәлі деп танылған адамның мүлкi тәркiленiп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Ал адамдар тобы бірнеше рет жасаса, оған қоса, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартумен ұштасқан дәл сол іс-әрекеттер болса, үш жылдан жеті жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мүлкі де тәркіленеді.