Алматыдағы теміржол ауруханасы «бомждар» мекеніне айналды

Ғимараттың есік-терезесі сынып, шынылары айналаға шашылып жатыр. Қала тұрғындары теміржол маңайынан жағымсыз иіс шығып, қоқыс шашылып жататынын айтып шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.
 
 

Ғимарат «Абай-Масаншы» көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұрын теміржол ауруханасы болған. 2018 жылы үкіметтің қаулысымен еліміздегі 16 теміржол ауруханалары сенімді басқаруға берілген. Кейіннен жер мәселесінде түсініспеушілік туындап, ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданған. Дегенмен, дәрігерлер ғимаратты тарихи кешен ретінде сақтап қалуды өтінген. 


Бұрын ғимараттың маңы темір қоршаулармен қоршалған еді. Кейіннен бір жағдайлармен қараусыз ғимаратқа айналды. Қазіргі қарасаңыз аурухана болған жерге ұқсамайды. Терезелері шағылған, қорқынышты мекенге айналды. Айналасында мас күнемдер, бомждар көбейіп кеткен. Жанынан өтерде қорқамыз. Балаларды бұл маңайға ойнауға жібермейміз. Айналасында жастар қыдырып жүреді, оларға да алаңдаймын. Жөндеу жұмыстары неге жүргізілмейді деген сұрақ туындайды. Жаз шықса айналасы қоқыс алаңына айналып, шыбын шіркейлер қаптайын деп тұр. Қазірдің өзінде жағымсыз иіс мүңкіп кетеді. Бұл маңайда адамдар көп жүреді. Қала әкімдігі бір шара қабылдап, жөндеу жұмыстарын бастаса. Ғимарат тарихи кешен, дегенмен ғимарат қаланың сәнін кетіріп тұр, – дейді Нұргүл Қасымхан есімді қала тұрғыны. 

Тұрғындардың шағымынан кейін біз айтылған ғимаратқа барып, айналасын суретке түсіріп қайттық. Ғимараттың шынымен өте нашар күйде екенін көрген соң, Алматы қаласы Құрылыс басқармасына сауалхат жібердік. Қалалық басқарма бұрыңғы теміржол ауруханасы жаңа медициналық орталыққа айналатынын хабарлады.

2022 жылы аталған ғимарат Алматы қаласы Құрылысы басқармасыны теңгеріміне тапсырылған. Қазіргі таңда құрылыс басқармасы ескі ғимаратты Балаларға арналған қалалық оңалту орталығы ретінде қайта жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айында бастау жоспарланған, – делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста