Алматыдағы көлік жөндеу орны жөзекшелердің мекені болып шықты (видео)

Алматыда кезекті жезөкшелер ордасы анықталды. Түрксіб ауданында талайдан бері көлік жөндейтін орын жеңілжүрісті қыздардың мекені болып шықты. Онда қылықтылар еш қымсынбастан, күн-түн демей тән саудасын қыздырып келген. Былыққа толы ғимаратқа бас сұққан полицейлер желік қуғандардың барлығын қолға түсірді. Тек бір түндік рейдтің өзінде тәртіп сақшылары жиырмадан астам жеңіл жүрісті қызды анықтады.

Сейфуллин даңғылында орналасқан мына қосқабатты үйде жеңілжүрісті қыздардың тән саудасын қыздыратынын естіген полицейлер пәтерге баса-көктеп кірді. Сөйтсе, расымен де ішінде екі жігіт пен өрімдей жас қыздар көңіл көтеріп отыр екен. Тұтқиылдан кіріп келген тәртіп сақшыларын көрген қыздар әбден састы. Бірден бет-жүздерін бүркеншіктеп, тілшілерге тіл қатудан бас тартты.

« – Не жұмыс істеп отырсыздар?

– Ештеңе істемейміз, мен жалға пәтер өткіземін.

– Жеңіл жүрісті қыз емессіз бе?

– Жо-жоқ!

– Клиенттер не істеп жүр анда жігіттер?

– Қандай жігіттер? Олар клиент емес!..»

«Судан таза, сүттен ақпыз» деп ұзақ ақталған қыздар түн ішінде бұл пәтерде не тындырып жүргендерін түсіндіріп бере алмады. Есесіне, өздерімен еріп келген желік қуған клиенттері бар шындықты жайып салды.

«Екі қыз интим-қызмет ұсынды, сағатына 6 мың деді», – деп жауап берді жігіттер.

Пәтер ішін тінтіп шыққан құзырлылар тәнқұмарлар мен қылықтыларды көліктеріне тиеп әкетті. Арада жарты сағат өтпестен аудандағы Дулатов көшесінде тағы бір жезөкшелердің ордасы анықталды. Үшқабатты ғимараттың бірінші қабаты көлік жөндейтін орын болса, қалған бөлігі жын-ойнаққа айналыпты. Оннан астам бөлмесі бар нысан ішінде сандарын жалтыратқан жеңіл жүрістілер топырлап жүр. Олар да шақыртусыз келген қонақтарды жақтыртпай, тілдесуден бас тартты. Тек арасындағы ең жасы баласын бағу үшін тәнін саудалайтынын бүкпесіз баяндады.

« – Ақша керек.

– Басқа жұмыс істеуге болмай ма?

– Жетпейді...»

Қуыс-қуыстағы пәтерлер мен қонақүйден табылғандар жезөкшелік қызметін барынша жасырғысы келгендер екен. Ал клиент таппай, ақшадан қысылғандары кешкі сағат алтыдан бастап көше торуылдауға кірісетін көрінеді. Қыздардың өздері әсіресе, қалталылардың көңілін табуға тырысамыз дейді.

« – 20-25 мың теңге табамыз күніне. Сағатына 5000 теңге аламын.

– Сонда күніне қанша адам келеді?

– Екі-үш адам.

– Өзіңіз қайдан боласыз?

– Тараздан.

– Осындай жұмыс істейтініңізді әке-шешеңіз біле ме?

– Иә, біледі, араласпаймыз...»

Полицейлер былыққа толы пәтерден жеңілтек қыздар мен оларға орын ұсынған тұлғалардың барлығын қолға түсірді. Тәнқұмарлар да бұл жолы сақшылардан сытылып кете алмады. Барлығы аудандық бөлімшелерге жеткізілді. Түрксіб ауданының Ішкі істер қызметкерлері жезөкшілермен осылайша күн сайын күреседі. Олар тек бір түндік рейдте жиырмадан астам жеңілжүрісті қызды анықтайды екен. Осы жолы қолға түскен «түнгі көбелектердің» бесеуі құжаты жоқ шетелдік азаматшалар болып шықты.

«Жергілікті полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері ауданда 33 жезөкшеге арнайы орын ұсынған фактілер орын алды. Учаскелік инспекторлар анықтап, барлық фактілер бойынша әкімшілік құжаттар жиналып, әкімшілік сот арқылы іс қаралды. Барлық құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның үшеуі қонақүй, қалғандары жеке тұлғалардың пәтерлері», – деді Алматы қаласы Түрксіб аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Фархат СЫБАНБАЕВ.

Түрксіб ауданы бойынша жеңгетайлықпен айналысқандарға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салыныпты. Ал қала көлемінде осы жылы 300-ден астам жезөкше қыз қоғамдық орында тиісу бабы бойынша әкімшілік жаза арқалаған. Сондай-ақ, жеңіл жүрістілерге арнайы орын ұсынып отырған 121 дерек тіркелген.

almaty.tv

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста