Алматыда Райымбек даңғылында орналасқан "Молл Апорт" сауда ойын-сауық орталығының қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Адамдарды эвакуациялау жұмыстары түске таман басталған. Не себепті жасалып жатқаны белгісіз.
Куәгерлердің біреуі жарылғыш затты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.