Арызданушының айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде, өз жастарынан әлдеқайда кіші баланы зорлаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ теленграм арнасына сілтеме жасап.
23 наурыз Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданды. Ол өзінің арызында сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы - 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды.
Бұдан өзге, тиісті материалдар 27 наурыз күні осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.