Алматы облысында ХҚКО қызметкерлері бас көтерді

Алматы облысында ХҚКО қызметкерлері бас көтерді

Алматы облысында Халыққа қызмет көрсету орталығы жабылғалы жатыр. Салдарынан тек штаттық режимде жұмыс істейтін 44 қызметкер жұмыссыз қалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 

Қарасай аудандық мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейтін мамандар бүгін бас көтеріп, басшылыққа қарсылығын білдірді. Олардың сөзінше, бастықтар екі ай бойы қысым көрсетіп, барлығына жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазуды талап еткен көрінеді. Жаңа жылдан соң жұмысқа шыққан қызметкерлеге ХҚКО жабылатынын мәлімдепті.

 

«Бүгін бізді жұмысқа шақырып алды да, өз еріктеріңмен жұмыстан кетіңдер деп талап қойды. Басқа ХҚКО ауысу туралы өтініші жазыңдар деп қулыққа барды. Шындығында бізге басқа жерден жұмыс орын ұсынып отырған жоқ. Біз олардың талабы заңсыз, орынсыз деп қарсылық білдірдік. Екі ай болды қысым көріп келеміз. Бізді жұмыстан кетірудің себебі айтылмайды, тек ауызша орталық жабылады деп қана айтты. Құжат жүзінде көрсете алмайды, біз міне бүгін тағы қарсылық білдіріп жатырмыз», - деді Алматы облысы Қарасай аудандық ХҚКО маманы Шынар Сәрсенбаева.

 

Орталыққа келіп, қажетті қызмет, көмек алатын адам саны көп. Мемлекеттік мекеме Қарасай ауданы ғана емес, автокөліктерді тіркеу бойынша облыс көлемінде қызмет көрсетеді. Көлік тіркеудің транзиттік нөпірі көп болғандықтан орталық 2019 жылы ғана ашылған еді. Тұрғындарға мұнда қызметтің 17 түрі көрсетіледі. Жаңа орталық қажетті құрылғылардың барлығымен жабдықталған. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері клиенттерге ыңғайлы болу үшін коммерциялық банктердің кассалары мен мультикассаларын, көлік қоятын тұрақты да ашқан.

 

«Құрметті үкіметтегілер, біздің облыстағы мына жағдайға көңіл аударыңыздар. Мен өз ауданымыздағы осы орталыққа келіп, көлігімді тіркейін десем, олар бұл жердің жабылғанын айтты. Қажетті мемлекеттік төлемдерді жасадық, кезекке де тұрып, жұмысымызды бітірейік десек, бізге қызмет көрсетуден бас тартты. Облыстық орталықты жабуды қалай түсінуге болады? Біздің мәселемізді шешіп беріңдер», - деді Қарасай ауданының тұрғыны Расул Камалов.

 

 

Қымбатшылық қысқан сәтте жұмыстан қуылып жатқан қызметкерлер отбасын қалай асыраймыз деп бас қатырып отыр. Олардың сөзінше, Алматы облысы ХҚКО келетін адамдардың саны жағынан республика бойынша бірінші орында. Алматыға жақын Іргелі ауылындағы орталықтың ғимараты жалға алынған. Штаттан тыс жұмысшыларды қоса алғанда елуден астам адам осы жерде нәпақасын тауып отыр.

 

«Басшылық ресми құжат көрсетпейді, тек қысым көрсетіп келеді. Бізді кінәлі етіп, жоғарыға хат жібермек. Шындығында, Қызмет көрсету орталығының жалға алынған ғимаратына төлейтін ақша жоқ. Оны да жасырады бізден. Қалаға, басқа жаққа ауысыңдар дейді, бізге ол жақтан жұмыс орнын тауып қойғандай. Президент бірінші кезекте халықтың әлеуметтік проблемасына мән беріп, әлеуметтік мәселелерін шешіңдер деген жоқ па? Оны мына басшылық неге тыңдамайды?» - деді ашынған қызметкерлер.

 

Ал мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жетекшісі Хайдар Әкімбаев арыз жазбаған мамандарды қорқытып қана қоймай, боқтап-балағаттауға көшкен. Оның сөзінше, 2 мың шаршы метр ғимаратта орналасқан орталықты жабу туралы шешімді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы қабылдаған.

 

«ХҚКО жабылсын деген шешімді мен қабылдаған жоқпын, оны Нұр-Сұлтандағы басшылар шешкен. Жабылсын деген хат енді келеді. Қызметкерлер жұмыссыз қалмайды. Орталыққа 300-500 адам аралығында күнделікті дайын құжаттарды алуға келеді. Қызметкерлердің жалақысы сақталады, Қаскелеңге немесе өзге де орталықтарға ауыса алады. Басқа жақтағы ХҚКО-да орын болса шешіп береміз, оның бәрі бір күнде шешілмейді. 2021 жылдың 26 қазанынан бастап осы орталыққа басшы болып тағайындалдым. Мен қол астымдағы қызметкерлерді балағаттаған жоқпын», - деді Алматы облысы Қарасай ауданы мамандандырылған ХҚКО жетекшісі Хайдар Әкімбаев.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста