Алматы облысында мектеп психологы педофилдің жантүршігерлік қылмысын ашты

Алматы облысында мектеп психологы жас қыздарды қорқытып, зорлық көрсетіп жүрген педофилді түрмеге жапты. 11 жыл бойы педагог болып қызмет атқаратын Ажар Дүйсенбекова демалыстан келген оқушының мінез-құлқындағы өзгерісті байқап, бірден іске кіріскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кішігірім Матай ауылында ерен еңбек атқарған мектеп психологы жайлы журналист Жанна Ахметова өз Facebook парақшасында жазды. Ол оқиға барысын да баяндап, үш баланың анасы Ажар Дүйсенбекованы марапаттау қажет екенін айтты.

Ахметованың сөзінше, оқиға 2018 жылы болған. Балалар жазғы демалыстан келген соң педагог Ажар оларды мұқият бақылай бастаған.

"Барлық балалар өздерін қалыпты ұстаған. Бірақ, жетінші сынып оқушысының мінез-құлқы өзгерген. Белсенді, ашық әрі көңілді жүретін қыздан түк қалмаған. Жасөспірім тұйық болып, ешкіммен сөйлеспеген. Тек жерге қарап отырған", - дейді журналист.
Осыдан кейін бойын күдік билеген психолог тез арада жоғары сыныптар арасында анонимді сауалнама жүргізеді.

"Мен сауалнама кімдікі екенін ажырата алу үшін оларды арнайы бөліп отырғыздым. Одан бөлек, қатарлар арасында жүріп, тез анықтай алу үшін сауалнамалардың ерекшеліктерін бақыладым", - дейді педагог.

Сауалнамаларды тексерген соң Ажар жазда оқушының бір жағдайға тап болғанын түсінеді. Ол бірден қыздар тобын шақырып, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылық тақырыбында сенімді әңгімелесулер жүргізеді. Әңгімелесу барысында психолог күдігі алдамағанын түсінеді.

"Жеке әңгімелесуге де уақыт келді. Сол кезде жасөспірім өзін бір ер азамат зорлап жүргенін айтады және бір рет қана емес! Ол қызды секс-құлына айналдырған. Ұстап алып, қорқытып, ұрып, мазаққа айналдырған. Жанұясын ұятқа қалдырып, өлтіремін деп қорқытқан. Жасөспірімді бұл жайлы ата-анасына айтуға көндіру оңай болған жоқ", - дейді Ахметова.

Педагог оқушымен екі апта әңгімелесу жүргізген соң екі апта ата-анасымен бірге сотқа дайындалады. Кейіннен ол педофилден тағы бір жасөспірім қорлық көріп жүргенін анықтайды.

"Өте ауыр сот процесі болды. Күдіктінің анасы ұлын қорғап шығу үшін бәрін жасады. Нәтижесінде, ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Оны бір адам болса да, тоқтата алды", - деп жазды журналист.

Жанна Ахметованың айтуынша, қазір қыздар Матай ауылынан кетіп, колледжге оқуға түскен. Олар өткен өмірін санасынан өшіргісі келеді. Ал мектеп психологы Дүйсенбекова балаларды мұқият бақылауды жалғастыруда.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста