Алма-Арасан шатқалын жалға алғандар қора салып, мал өсіруге көшкен

Жерді жалға алғанымен, өзін қожайындай сезінеді. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы жеке кәсіпкерлер табиғатқа қастандық жасап жатыр деп дабыл қақты. Айтуынша, жерді 49 жылға жалға алғандар Алма-Арасан шатқалында қора салып, мал өсіруге көшкен.

 

Бұл сорақылыққа парк басшылығы көз жұма қарайды деген орманшының пікірінше, ерекше қорғалатын аумақтағы жалғыз заңсыздық бұл емес. Ауқымды текcеріс жүргізілсе, талай былықтың беті ашылатынына заңгерлер де сенімді.

 

Әлеуметтік желі арқылы президенттен араша сұраған Қайрат Найзабаев Іле Алатауы табиғи паркінің инспекторы қызметіне кіріскелі жылға жуықтаған. Қорықшының үндеу жариялауына дәл үйінің іргесінде тұрғызылған қора себеп болыпты. Тау бөктерінде кірпіштен ғимарат соғып мал өсіру еш талапқа сай емес дейді ол.

 

Қайрат Найзабаев, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы:

 

- Таудың астын қопарып тастаған. Топырақты сырып алып тастаған. Бұл өте зиян. Сосын қора соққан. Паркте мұндай қора салуға болмайды. Туризмді дамытамыз деген желеумен барлығы бизнес жасап жатыр. Бұл басшылардың қателігі. Жерді кім көрінгенге таратып беріп жатыр. Бұлай кете берсе, ерекше қорғалатын аң-құс пен өсімдіктен ештеңе қалмайды.

 

Инспектордың айтуынша, жауын-шашында ірі қараның тезегі бұл жерге жайылып, тау суына қосылады. Оған қоса жағымсыз иіс ауаға таралып, туристердің тынысын тарылтатын көрінеді.

 

«Табиғатты аялайық» деген орманшының жанайқайын әзірге еститін құлақ болмай тұр. Тіпті Іле Алатауы ұлттық паркінің басшысы бұл мәселені біле тұра ешқандай шара қолданбаған.

 

«Шарасыз күйге түстім» деген Қайрат табиғатты ластап, оңды-солды құрылыс жүргізетін жалға алушылармен күресіп келетінін айтады. Бірақ нәтиже шамалы. Өйткені парк басшысымен ым-жымы бір кәсіпкерлер қорықшылардың ескертуін елемейді.   

 

Қайрат Найзабаев, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы:

 

- Жалға алушылардың 90 пайызында іргетасы құйылған осындай нысандары бар. Керек десеңіз, монша да бар. Жалға алушылар инспекторларды адам құрлы көрмейді. Біз оларды ескертіп, айыппұл салатын құқығымыз бар. Бірақ олар бізді пысқырмайды. Әрине, басшылардың істеп отырған ісі ғой.

 

Іле Алатауы ұлттық паркінде 200 мың гектар жер жалға берілген. Туристер тынығуға барлық жағдай жасалуы тиіс кей кәсіпкерлер қалтасының қамын күйттеп кеткендей.

 

Ең сорақысы, ерекше қорғалатын аумақтағы гектарлаған жер жекенің қолына өтіп кеткенін заңгер Бақытжан Базарбай әшкере қылған. Ол коттедж, сауна сынды түрлі нысанды тұрғызған дөкейлер ұмса табиғатқа қастандық жасап отыр деп қынжылады.

 

Бақытжан Базарбай, заңгер:

 

- Заңсыздық өте көп. Егер Іле Алатауы ұлттық паркінде құзырлы органдар тиісті тексерсе, заңбұзушылық ауқымы өте көп. Күн сайын саябақ аумағындағы жерлер заңсыз беріліп отыр. Оны қоғам білмей отыр. Монша, сауна, қонақ үй соғып тастаған. Уәкілетті орган бәрі заңды деп айтады. Сондықтан тәуелсіз тексеру ұйымдастыру керек.

 

Алайда қорық басшысы ерекше қорғалатын қорық аумағындағы жерлер ешкімге сатылмайды деп сендіруге тырысты.

 

Ал туризмді дамытпай, талапты бұзған жалға алушылармен келісімшарт бұзылады дейді Дамир Малгелдиев.

 

Дамир Малгелдиев, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры:

 

- Министрлік табиғатқа зиян келмейтін материалдардан құрылыс жасауға рұқсат береді. Біз ай сайын мониторинг жүргіземіз. Орманшылардан шағым түссе, оны қараймыз. Өзіміз тікелей шығып қараймыз. Бұл жұмыстар бақылауда. 123 шарт жасалған, Іле Алатауы паркінде. 20 шартты бұздық. 25 шартпен соттасып жатырмыз. Ол шарт бойынша жұмыстар атқармаған үшін келісімшарт бұзылады.  

 

Ұлттық парктің директоры қарамағындағы қызметкерінің сөзін теріске шығарды. Оның айтуынша, мемлекет меншігіндегі жерге инвестор қора салып беріпті-міс. Ол жерге қыста инспекторлардың жылқылары тұрады дейді директор.

 

Қазір қорықшының мәлімдемесін арнайы құрылған комиссия тексеріп жатыр.

 

 

 

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста