«Алла-аят» аяны жастарды улап барады

«Алла-аят» аяны жастарды улап барады

«Алла-аят» бірлес­тігі 2008 жылдың жел­тоқсан айында Алматы қаласы ауданаралық экономикалық сотының шешімімен таратылып, Республика көлемінде әрекет етуіне тыйым салынған болатын. Алайда Ақтөбе облысындағы оның белсенді мүшелері жұмысын тоқтатпай, бүгінгі күнге дейін жалғастырып келгені анықталды.
Жуырда қала мейрамханасының бірін­де заңсыз діни бірлестіктердің мүше­лері адамдарды жинап, өз жұмыстарын жүргізіп жатқан жиынның үстінен түс­кен. Бұл ұйым бұған дейін де кафе, мейрам­ханаларды жалдап, өз беттерімен әрекет етіп, ара-тұра жиын өткізіп тұрыпты. Ар­уақ­тармен «тілдесетін» олардың бір қа­тары жүйке ауруына шалдыққан.
Бұл жолы мейрамханада бас қосқан заңсыз ұйымның белсенді мүшелеріне про­куратура мен әділет департаментінің мүшелері және полиция бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Дегенмен құқық қорғау органдары оларға тек ескертумен шектелді. Алдағы уақытта ұйым мүшелері тағы осындай заңсыздыққа баратын бол­са, әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынатын болады.
Қазір облыс аумағында 112 діни бір­лестік бар. Оның 80-і исламның түрлі ба­ғыт­тарын ұстанады. Яғни бір мешітте бөлек-бөлек отырып, намаз оқиды. Ол аз болса, облыста евангелистердің үш ұйымы және түрлі елдерден келген 51 миссионер уағыз таратуда. Осындай жайларды ес­кер­ген жергілікті оқу орындарының бас­шы­лары имамдарды шақырып, студент-жас­тармен кездесулер өткізіп жатыр. Оған тағы бір себеп, КазҰТУ-ның студенті өзінің дер­бес компьютеріне рұқсат етілмеген діни ағымдардың бейнетаспасын сақтап, оны студенттер арасында насихаттау үшін пай­даланып келген. Тағы бір ақтөбелік тыйым салған ұйымның 125 таспасын тара­тып үлгерген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста