Әлихан Бөкейханов және Алаш идеясы

Әлихан Бөкейханов және Алаш идеясы

«Бүгінгі таңда күллі қазақтың арманы мен мұңын біріктіріп, басын қосатын жалғыз ғана жол қалған сияқты. Ол – біртұтас Алаш идеясы». Астанада «Аманат» зияткерлік пікірсайыс клубында «Әлихан Бөкейханов және Алаш идеясы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде белгілі алаштанушы, жазушы, филология ғылымының докторы, профессор, «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры Тұрсын Жұртбай осылай деп атап өтті.
«20 жылда жете алмаған жетістігіміз бен белесімізді Алаш рухымен табысу арқылы ғана бағындыра аламыз. Бұл ретте Алаш арыстарының көшбасшысы болған ұлы тұлға – Әлихан Бөкейхановтың 145 жылдығын мемлекеттік тұрғыда атап өтуге тиіспіз», – деп санайды ол.
Алаш партиясы тарих сахнасына 1917 жылы шілде-тамыз айларының өлара уақытында келіп қосылды. Алғаш рет жалпы қазақ құрылтайын өткізді. Діни басқарма мемлекеттік құрылымнан тыс мекеме деп танылды. Өзінің идеясын бекітіп, жеке ел болуға қадам басты. Ғалымның айтуынша, Алаштың негізгі идеясы бес тұжырымға негізделген. Оны өзі жинақтап шығыпты:
Ең бірінші – Алаш ұлттық демокра­тиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер – Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей. Осы жерге біреу қадам басса, ең бірінші сол ұлттың өкілі басуы тиіс. Ал өзінен асып жатса – ғылым мен техниканы игерген соң қазақ өз еркімен береді.
Екінші ұстанымы – Алаш жерінің ас­тындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық бай­лық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. «Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс», – дейді Жұртбаев мырза.
Үшінші ұстанымы – Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге тиіс болған. «Алаш арыстарының төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Яғни бұл идеологиялық ұстаным болатын. Ал бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің бұл ұстаны­мының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға ай­налып шыға келуі дәлел болса керек. Дәс­түрге беріктік деп отырғаны – осы», – дейді Тұрсын ағамыз.
Шараға сонымен қатар танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен тарихшылар қатысты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста