Әлімжеттікке тоқтау бар ма: Ақтөбеде сарбаз талма ауруына душар болған

Әлімжеттікке тоқтау бар ма: Ақтөбеде сарбаз талма ауруына душар болған

Жамбыл облысынан Ақтөбеге әскери борышын өтеуге аттанған сарбаз талма ауруына душар болған. Ол өзін сержант орындықпен бастан ұрып құлатқанын айтты. Науқас баласын Таразға алып келген ата-ана, жалғыз ұлын қарататын дәрігер таппай отыр. Ақтөбедегі 66/55 әскери бөліміндегі әлімжеттікке қатысты әскери прокуратура тергеуді бастады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

 

Телеарнаның жазуынша, қорғаныс министрлігі де бұл жағдайдан хабардар. Ведомство Әскери – дәрігерлік комиссияның шешімімен сарбаз науқастануы бойынша ұзақтығы 30 тәулік демалысқа жіберілді деп отыр. 

 

Алдиярды биыл жазда ғана әскерге аттаныпты. Әскери ант қабылдамай жатып, ауыр соққы алған. Тепсе темір үзетін азамат қазір талма ауруына шалдыққан. Оның әу бастан әскерге барғысы келмеген. Колледждегі емтиханнан соң күштеп алып кеткенін айтады. 

 

“Емтихан тапсырып болдық, сосын газелмен алып кетті. Мен бармаймын деп айттым. Жоқ барасың ана жаққа барып сөйлесеміз деді. Казармадан шығармай қойды. Сосын медкомиссиядан өткізді. Одан өтірік-өтірік өткізді әшейін. Былайша айтқанда қарғанда жоқ бізді. Қолымызда ақ қағаз болды. Соған печать ұра берді болды”, – дейді Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінің сарбазы Алдияр Кеңесбек.

 

Алдияр жел шығарып қойғаным үшін, сержант басымнан орындықпен ұрды дейді. Артынша талып қалғанын айтты. Сап-сау баланы ауру етті деген ата-ана әскери қызметкердің жазалунын қалайды. Жалғыз ұлын қайда апарып емдетеніні де білмейді.

 

“Әскери адам деп не аурухана алмай жатыр. Госпитальга апарайын десек жолдамасыз қабылдамаймыз дейді. Оны военкоматтан алыңыз дейді. Олар бізден кеткен сап-сау кеткен деп бізден ала қашады олар”, – дейді анасы Назгүл Бикенов.

 

Сарбазды әкесі Ақтөбеден Таразға алып келген. Енді қайта әскерге жібергісі жоқ.

 

“Енді қайтіп жіберемін мен бұл баланы? Егер өткенде мен бармағанда баланың өлігін әкеледі екенмін ғой шыны келгенде былай. Мен мына жерде шыдай алмай кеттім да өзім бардым. Барсам балам жылады папа мен қиналып кеттім деп”, – деп бөлісті әкесі Кеңесбек Әбдірайымов.

 

Болған жайтқа қатысты әскери бөлім қандай да бір ақпарат бермеді. Ал әскери прокуратура қызметін асыра пайланған сержанттың мәселесін қарап жатырмыз деді.  

 

“Билігін асыра пайдалану дерегі бойынша мерзімді әскери қызметші 66/55 Ұлттық Ұланның әскери бөлімінде болған оқиға бойынша 20 қыркүйек 2022 жылы Ақтөбе бөлімі Әскери Тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімімен ҚР ҚК 451 бабы 1бөлімі бойынша тергеп тексеру басталды. Қазіргі уақытта тергеп –тексеру бойынша шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілуде. Медициналық сараптама тағайындалды”, – дейді Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры  Жандарбек Спан. 

 

Алдиярға Ақтөбедегі медициналық орталық «эпилепсия және эпилептикалық синдором» деген диагноз қойған. Жалғыз ұлын ауруға душар еткізген әскерилер жауапқа тартылсын дейді ата-ана. Бұған медициналық тексерістен өткізбей, көшеден күштеп алып кеткен Жамбыл облыстық Қорғаныс департаменті де кінәлі деп отыр. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста