Әлемнің журналист ғалымдары – журфакта

Ұлттық тәрбиені ұлықтай отыра, өзге елдердің кемелді қырын игеру – заман талабы. Бұл талапты артығымен орындап жүрген Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде желтоқсан айының 5-жұлдызында кезекті басқосу өтті. Кездесуді журналистика факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор, заңгер-журналист Есберген Алауханов ашып, әлемдегі ең танымал кәсіпқой журналистер ретінде арнайы таңдаумен шақырылғандық­тарын айтып өтті.
Кездесу тәжірибе алмасу бағытында профессор Т.Қожекеев атындағы акт за­лында өтті. Польшадан Н.Коперник атын­дағы университеттің профессоры Ивона Массака, Өзбекстан елінің танымал журналисі, журналистика жоғарғы курсының жетекшісі, журналистика ғылымының докторы, профессор Құдірет Ерназаров, «Акборат» телеарнасының бұрынғы директоры, профессор Бабұр Әлиханов және Германиядан Журналистер одағының төрағасы Берид Бруссиг, Щве­циядан Жоғары журналистика мектебінің медиажетекшісі, Стокгольм университетінің профессоры Вероника Менжун сияқты бір топ тәжірибелі тұлғалармен өткен бұл жиынға факультет студенттері қатысты. Бейресми жағдайда өткен басқосудың соңы қызықты әрі пайдалы әңгіме-дүкенге ұласты.
Әңгіме «Қазақстан және Германия, Польша, Швеция және Өзбекстан журна­листикасы: айырмашылықтары мен ұқсас­тықтары» тақырыбында өрбіді. Қонақтар өз елдерінің ақпараттық кеңісті­гіндегі соң­ғы жаңалықтарды, журналистика саласын­дағы өзгерістер туралы жан-жақты әңгіме­леп берді. Мемлекеттік емес БАҚ көлемін 70%-ға жеткізген көрші Өзбек еліндегі сөз бостандығы мен журналистер қауіпсіздігі туралы, әлемде журналистикада қолданыла бастаған мультимедиалық әдіс-тәсілдер жайында, «нарықтық жур­налистика» тура­сында студенттер екіжақты пікірсайыс өткі­зіп, ой жарыстырды.
Мерейлі басқосуға қатысқан факультет ұстазы, профессор Сағымбай Қозыбаев ескі досы әрі замандасы – профессор Құ­дірет Ерназаровпен салиқалы әрі салмақты ой­лары мен кеңестеріне алғыс айта оты­рып, сыйлы мейманды «Өзбекстан баспа­сөзінің атасы» деп атады.
Ғылым ретінде де, өнер ретінде де журналистиканың жілігін шаққан төртінші билік өкілдерін іздеп, тауып, студент қауы­мымен жүздестіруді дәстүге айналдырған факультет еңбегі Тәуелсіз Қазақстанның сөз бостандығы үшін жемісті болары хақ.

Інжу Төлеубаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің ІІІ курс студенті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста