Әлем балалардың көзімен...Әрбір суретте күн бейнеленген

Әлем балалардың көзімен...Әрбір суретте күн бейнеленген

26 мамырда Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Әлем балалардың көзімен» акциясын өткізді.
Акция аясында суреттер фестивалі өтті, оған 55 кішкентай науқастың жұмыстары қатысты, олардың 12-сі Онкология және радиология ҚазҰЗИ науқастарының суертетрі, 43-і «Ақсай» университеттік клиникасы науқастарының суреттері.
Бұл – нағыз шығармашылық мерекесі болды, балалар өздері өмір сүргісі келетін әлемнің суретін салуға тырысты. Рафаэль есімді балақай «Моя страна» картинасын салыпты, онда алма толы себет бейнеленген, ер бала алманы анасымен және әпкесімен бақтан жинаған екен. Имран Курбанов өз отбасымен бірге үлкен мерекеге барғанын бейнелепті. Әлия Жұматай көздері мейірімге тұнған жолбарыстың суретін салыпты. Әбі Сержан тау асып батып бара жатқан күннің әдемілігін көрсетті. С. Қабылбек баршаға жаздай жадыраған әдемі көңіл-күй сыйлады, оның суретінде жоталар арасындағы жайлау, аппақ киіз үйлер, жап-жасыл шөп, жайылымдағы жылқылар бейнеленген.
Бір таңғалдырарлығы, балалар салған барлық суретте күннің бейнесі бар, бұл балалардың әлемді жарық, жарқын етіп көретіндігін білдірсе керек. Жұмыстарды қорытындылай келе осыны байқаған қазылар алқасының төрайымы – Надежда Павловна Шарифова, «Ақсау» университеттік клиникасының неврология және реабилитация бөлімінің жоғары білікті психологы Санам Дильмуратовна Тухтыева және осы клиниканың бірінші дәрежелі психологы Айгүл Әбдіқұловна Насырова.


Бірақ байқаудың аты байқау. Сондықтан сурет фестиваліне қатыстқан барлық қатысушыларды елеп-ескерген Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының қамқоршысы, «Ас-ай» компаниясының қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Мұкаметали Әлнұр және Ақсай клиникасының бас дәрігері Ирина Владимировна Брежнева жас суретшілердің барлығы да берілген тапсырманы ойдағыдай орындағанын, өзіміз өмір сүретін әлемге деген тың көзқарастарын көрсете білгендерін атап өтті. Үздік деген жұмыстарды іріктеу оңайға соққан жоқ.


Жеңімпаздарды атап, оларға сыйлықтарды табыстау Халықаралық «Мирас» мектебінің жоғары білікті педагогы Әлия Айдарханқвзв Алимоваға тапсырылды. Сонымен алты баланың жұмыстары үздік деп танылды, оларға Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры атынан сыйлықтар берілді.


Бұлар – жазда ең қажетті деген велосипедтер, самокаттар. Балалардың қуанышын, жүздеріндегі алғыс сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Алған сыйлықтары оларды бір сәттік бақытқа бөледі.
Осындай ұмытылмас сәттер үшін де Қор жұмыс істейді.
Айтпақшы, осы акцияны ұйымдастыруға жұмсалған қаржы 29 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің футбол алаңында мини- футболдан өткен қайырымдылық турнирінен жиналған болатын. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры ұйымдастырған футбол турниріне қатысуға ниет білдіргендер өте көп болды..
Солардың ішінен 13 команда іріктеліп алынды: «Қайырымды жандар», «Самғар тау», «Жетісу», «Өнер», «Дос», «Атлант», «Ақсай», «Реал-2017», «Ас-ай», «Береке», «Бірлік керуен», «Персона нон грата», «Көк-жал»...
Акцияға қатысуды қалайтын, балалардың денсаулығына бейжай қарай алмайтын адамдардың көптігіне қарап, әркімнің қайырымды іске өз үлесін қосқысы келетінін байқауға болады. Қайырымдылық іс жасау біздің ұлтымыздың қанында бар қасиет. Қазақ халқы үлкенді сыйлаған, кішіге ізет көрсеткен, жетімді жылтапай, қамқорлық жасаған, жағдайы төмен жандардан көмектерін аямаған.
2016 жылы құрылған Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына еріктілер де көмектесіп тұррды. Олар қор қызметкерлерімен бірге қатерлі ісік дертіне шалдыққан балаларға қолдау білдіріп, нақты істер атқаруға атсалысады.
Асқар Жакулин атындағы қор балалардың еміне жұмсалатын шығынды көтереді, отадан кейінгі және реабилитациядан өту кезеңдерінде де материалдық қолдау білдіріп отырады. Қайырымдылық қоры мемлекеттік медициналық мекемелерге қажетті кәсіби жабдықтарды алуға көмектеседі. Бұл да қор жұмысының маңызды бір бөлігі.
…Мерекеге қайта оралатын болсақ, мұнда балалардың көңіл көтеруіне барынша жағдай жасалды. Кішкентай науқас балаларға арнап сиқыршылармен бірге шоу ұйымдастырылды. Шараға қатысқан әр бала сыйлықсыз қалған жоқ…

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста