Алашордашы Жаманмұрыновтың жақсы жобасын жаңғыртсақ қайтеді?

Кезінде Асан қайғы бабамыз атының сауырына сыйғыза алмай, қимай қоштасқан Жерұйықтың бірі бүгінде Ақтөбе аумағына тиесілі. Онда құсжолының бойымен ұшатын миллионнан аса құс жазғытұры оңтүстіктен ұшып келіп, ұя салып, күзге дейін балапандарын өсіріп, солтүстіктен келген құстармен бірге жылы жаққа ұшып кетеді.

Бұл – Ырғыз, Өлкейек, Торғай өзендерінің бойындағы 30-дан аса ірі көлдер мен 50-ге жуық кіші көлдердің бойында – көлемі 790 мың гектар жерде Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты. Онда халықаралық және республикалық Қызыл кітапқа енген бірнеше ондаған жануарлар мен құстардың түрі қорғалады. Аймаққа кей жылдары Қорғалжын қорығынан қоқиқаздар да келеді. Ол – сирек кездесетін құстардың бір түрі. Жер жүзінде аққудың алты түрі бар болса, бұл жерге сыбырлақ және сұңқылдақ деп аталатын аққудың екі түрі кездеседі. Су мол жылдары балық аулаған қызғылт бірқазан көп кездеседі. 1960-70 жылдары сүтқоректілердің тіршілігін зерттеген ғалым Хамит Қыдырбаев пен құстардың тіршілігін зерттеген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің үлкен ұлы Ернар Әуезов бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Е.Әуезов дүниежүзінде аса сирек кездесетін реликт шағаласы деген құстың түрін анықтаған.

Бүгінде сол резерваттағы жағдай адам алаңдарлықтай күйде.

Көне замандарда Ырғыз өзені батыстан шығысқа қарай ағатындықтан «Терісаққан» деп аталған. Тоқсан сала Торғай, отыз екі сала Өлкейек өзендері осы Ырғызбен Құйылыс деген жерде бір арнада тоғысып, әрі қарай Құрдымға барып құяды. Қанша мол су болса да, мамыр-маусымның аяғына дейін Құрдым жұтып алатын. Ал бірнеше жыл қар аз түсіп, өзендер тасымай қалса, жоғарыдағы бірнеше ондаған көлдер кеуіп қалады.

Осы Құрдымның жерасты өзендері арқылы Арал теңізімен байланысатындығы туралы халық арасында жанды болжам бар.

Оған дәлел болар және Ырғыз өңіріндегі көлдердің тартылу себептерінің бірі ретінде айтуға болар тағы бір қызықты деректі Л.И.Брежневтің естеліктерінен алуға болады.

Л.Брежневтің жазуынша, Байқоңыр ғарыш айлағын салар кезде екі ұсыныс айтылған. Бірінші ұсыныс – айлақты Кавказда салу болды. Алайда екіншісі – айлақты Қазақстанда салу ұсынысы құпталып, құрылысты бастаған кезде жерасты сулары тап болып, жұмысқа кедергі келтірген. Бірер ай жұмыс тоқтап қалған. Мамандармен ақылдасып, жерасты жарылыстарын жасау арқылы ағып жатқан суды тоқтатып, космодромның ракета ататын айлағының астын құйып шыққан. Бұл – Құрдымға жиналған су мен Арал теңізі арасындағы байланыстың барлығының бір дәлелі болса керек.

Жалпы, бұл суды сақтауда Қазан төңкерісіне дейін Петербор ауылшаруашылық академиясы суландыру факультетінде оқыған, уақытша өкімет тұсында Ырғыз уездік азаматтық комитеті деген құрылымның төрағасы болған, ырғыздық Алашорда мүшесі Тел Жаманмұрынов (1888-1938) үлкен еңбек сіңірген екен.

Тел Бұқпанұлы Петербордан алған білімін қазақ даласында суландыру жүйелерін салудың жобаларын жасауға бағыттады. Торғайдағы Албарбөгеттің, Ырғыз бойындағы Ақши, Қыл, Құтикөл бөгеттерінің жобасын жасап, 1928-1929 жылдары өзі басшылық жасап Құтикөл бөгетін салған. Кейін Ақши, Қыл бөгеттері де салынып, су Аралға қарай 60-70 шақырым жердің бетімен көл болып жайылған.

Бүгінде Т.Жаманмұрыновтың жобасымен салынған Құтикөл, Ақши, Қыл бөгет-бөгендері қирап-бүлінді. 1990 жылдардың басында Л.Шоқпаров сияқты жергілікті азаматтар көтерген Торғай өзенінің аяғындағы Сәмет қожа мен Қыл бөгет-бөгендерін (темір-бетоннан шлюздеп) салу жөніндегі жақсы идея да аяқсыз қалды.

1960 жылдардың аяғында осы аймақтағы өзен-көлдер түгелге жуық құрғап қалды. Соңғы бес-алты жыл қатарынан су тасымай қалғанын ескерсек, мәселенің қарасы қоюлана түседі.

Бүгінгі таңда жергілікті тұрғындар ауызсу түгіл, малын суаратын су таппай, ауа көшуге әзір. Бұл құрғақшылықтың 790 мың гектардан асатын Ырғыз-Торғай табиғи резерватының ұлан-ғайыр аумағында көбейіп келе жатқан қалың киік пен тайдай тулаған балыққа да кері әсерін тигізері сөзсіз. Асан қайғы бабамыз қимай қоштасқан жерұйықтың ХХІ ғасырдың басындағы ел болып ойлар қазіргі жайы осындай.

Бекарыстан МЫРЗАБАЙ, «Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» ММ бастығы:
– 1938 жылы Т.Жаманмұрынов «халық жауы» болып жазықсыз жазаланып, атылып кетті. Сөйтіп, оның тіпті бұл ғажап жобаға авторлық құқығы да қалмаған. Оның жобаларын иемденгендер кезінде түрлі дәрежеде ғылыми атақтар қорғап алды. Оны енді қайта дәлелдеу қиынға түсері анық. Онымен айналысып жатқандар да жоқ. Ол тұрмақ, іздеушісі болмаған соң ба, сондай керемет тұлғаның атымен Ақтөбеде бір көше де аталмаған...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста