Алаш АВТО

Мәскеуден машина мініп кайту тиімді ме?
Өткен нөмірлердің бірінде біз Беларусь Республикасынан көлік әкелу туралы әңгімелеп едік. Бүгін тағы бір одақта­сы­мыз – Ресей Федерациясынан көлік әкелу туралы сөз етпекпіз. Кедендік одақ ресми іске қосылып, үш мемле­кет­тің арасындағы шекаралардағы кедендік бекеттер алы­нып, шеттен келетін көліктерді кедендік рәсімдеу үшін Ортақ кедендік тариф (ОКТ) белгіленіп, оның бағасы ша­рық­тап кеткелі бері одақтас мемлекеттердің аза­мат­тары көлік іздеп бір-біріне сабылды. Осы тұста қазақ­стан­дықтар «ақбоз аттарын» Ресей аумағынан да ізд­ей бастады. Нысанаға алынғаны – Мәскеу қаласы мен облы­сы аумағындағы және Новосібір мен Владивосток аумағын­дағы көлік базарлары болды. Енді осыларға тоқталайық.
Мәскеу айналасында бірнеше көлік базары бар. Солардың ішіндегі ең ірісі – 3000 көлік сыйып кететін Лю­бер­цы («Автогарант») автобазары. Бұл Мәскеу іргесіндегі Котельники қа­ла­­сында орналасқан. Тағы бір ірі ба­зары МААЖ 91-шақырымында орна­лас­қан Мытищин (Суперавтомаркет Фор­мула 91) деп аталады. Кун­це­водағы базар тағы бар. Бұл үш базарда да Еуропа мен АҚШ-тан келген, бұрын жү­рілген автокөліктер сатылады. Бе­ларусь базарларын алыссынып, қом­сын­ғандар осы мәскеулік базарларды жа­ғалайды. Себебі мәскеулік көлік тұ­тыну­шылардың талғамы біздегілер­дікі­нен аса алшақ кете бермейді. Ба­ғасы қымбаттау болса да, бізде мі­ні­летін көліктер жиі кездеседі.
Бұлардан өзге, арзан көлік іздеген­дер Новосібірдегі 22 гектар жерді алып жатқан, 7000 көлік сыятын, Ре­сей­дегі ең үлкен көлік базарларының бірі – «Столицаға» тартып кетеді. Мұн­дай үлкен базардан көңілден шығатын кө­лік таңдау оңай шаруа болмай­тын­дықтан, базар басшылығы келушілерге жақсы жағдай жасап қойған. Айнал­ды­ра бейнекамера орнатып, кіреберіс­те барлық көлік тіркеліп кіргізіледі. Қа­жет болғанда таңдаған көлігіңізді ЖҚҚМИ (ГИБДД) қызметкеріне тек­сер­тіп алуға мүмкіндік бар.
Тіпті мұны қомсынғандар болса, Қиыр Шығыс асып, Владивостоктағы 1993 жылдан бері қызмет етіп келе жат­қан, 6000 көлікке дейін сатылымға қо­йы­латын ірі әрі ежелгі көлік базары – Зеленый Уголға тартып кетуге болады. Жапон теңізінің жағалауында орналас­қан бұл базарға, негізінен, жапон, ко­рей, қытай көлік индустриясының өнім­дері қойылады. Негізінен, оң жақ тізгінді көліктер сатылғанымен, сол жақ тізгінді жақсы көліктер де кезде­се­ді. Бірақ бір ескерер жайт – соңғы аталған базарлардан алған көлігіңізді жеткізу машақаты да қиындау болады. Орталық бақылау назарынан алшақтау орналасқандықтан, қайтар жолда жер­гілікті бұзақылармен ілінісіп, кө­лік­сіз қайту қаупі көбірек. Бұған қоса, солтүстіктегі көршілерімізде көлік ұр­лығы­ның қызып тұрғанын, сіздің де ұр­лықы көлікке тап болуыңыз мүмкін екендігін де ескеру қажет. Сондықтан мұн­дай алыс сапарға шықпас бұрын жақ­сылап ойланып алу керек.
Әлқисса, сонымен, жоғарыда біз ата­ған қалалардың бірінен немесе өт­кен жолы сөз еткен Беларусь Респуб­ли­касынан өзіңіз ұнатқан автокөлігіңіз­ді аман-есен тұрғылықты жеріңізге жет­кізіп алдыңыз делік. Келесі кезекте сол көлікті рәсімдеу мәселесі тұрады. Енді сол туралы баяндалық.
1.Таңдаған автокөлігіңізді Ресей­ден немесе Беларусьтан сатып алған кез­де мынадай құжаттары түгел болуы керек:
1.1.Көлік құралын тіркеу куәлігі (тех­никалық паспорт)
1.2.Көлік құралының есептен шығарылғандығы, оның қазақстандық азаматқа сатылғандығы туралы есеп анықтамасы (счет-справка)
1.3.Сатып алу – сату келісімшарты
1.4.Көлік құралын сату үдерісін рә­сім­деген мекеме мен жеке тұлға ара­сын­да жасалған комиссия келісімшар­ты
1.5.Көлік құралын жүргізушіге бе­ріл­­ген сақтандыру полисі.
2.Елге келген соң, осы құжаттары­ңыз­ды, көлігіңізді алып, көлік құралы­ның бізде рұқсат етілген Еуро – 4 стан­дарт­ына сәйкес келетіндігін анықтап, сәй­кестілік сертификатын беретін ме­кемеге барасыз. Олар көлігіңізді ар­найы лабораториядан өткізіп, барлық рег­ламенттеріне сәйкес келіп тұрса сер­тификат береді.
3.Содан соң әкелген тұлпарыңыз­дың өзіндік құнын бағалату үшін баға­лау компанияларының бірінің есігін қа­ғасыз. Олар көлігіңізді жақсылап тек­серіп, ақаулары болса ескере оты­рып, оның нарықтағы (бір қызығы, жер­­гілікті) бағасын шығарып, бағалау қорытындысын береді.
4.Бағалау қорытындысының нәти­же­­сін, өзге де жинаған қағаздарыңыз­ды алып, содан кейін жергілікті салық ко­ми­тетіне барасыз. Ол жерден әкелген көлігіңіздің өзіндік құнының (бағалау қорытындысы бойынша) 12% ҚҚН төлейсіз. Егер көлігіңіздің қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден артық болса, әр текше сантиметрге 100 теңгеден акциз салы­ғын төлеп, есеп тапсырасыз.
5.Тапсырылған есеп нәтижелерін алып, бағалау қорытындысын қосып, салық комитетінде арнайы ашылған Кеден­дік одақ аясында қосымша салық­тарды ұйымдастыру деген бө­лім­ге тапсырасыз. Олар сізге 10 жұмыс күнінд­е Қосымша салық төленгені рас­талды деп мөр басып, салық тө­ленгені туралы есепті қайтарып береді.
6.Салық төленіп болған соң, барлық құжаттарды жинап, енді көлік­­ті тіркеуге қою үшін тұрғылықты жер­дегі ЖПБ-ға барасыз. Олар барлық құ­жат­тарды тексеріп, дұрыс болса көлік құ­ра­лын тіркеу туралы куәлік (техпас­порт) көшірмесін алып қалып, 10 жұ­мыс күнінен соң қайта кел дейді. Осы уақыт аралығында олар көліктің «төр­кі­ніне» тұлпарыңыздың сізге «ұзатыл­ғанын» растауын сұрап факс жібереді. Олар растап жауап жазған­нан соң ғана сіз көлігіңізді тіркеуге қойып, ҚР мем­лекеттік нөмірін ала аласыз.


салық
Көлік салығы көбейді
ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің айтуынша, жанар-жағармай баға­­сын шамамен 10 пайызға қымбаттату инфля­циялық үдерістерді 0,1 пайызға арт­тырады.

«АҚШ-та көлік салығы эколо­гия­лық жүйеге негізделіп, салық жа­нар-жағармай бағасына үсте­ме­ленген. Бүгінгі таңда ІЖӨ жан басы­на шаққанда 12 мың дол­лар­­дан аспай отырған экономи­калық жағдайды ескере отырып, ІЖӨ жан басына шаққанда 50 мың АҚШ долларынан асатын АҚШ-тағы жүйені Қазақстанға қолдану тиімсіз. 2012 жылы көлік салы­ғынан бюджетке ша­ма­­мен 27 млрд теңге қаржы түсіп, 4 млрд литр жанар-жағар­май пайдала­ныл­ғанын, бұл көр­сет­кіштің бұдан әрі арта беретінін ескерсек, 1 литр бензин құнын 8,35 теңгеге өсіру қажетті­лігі туын­дайды» делінген министрлік­тің ҚазТАГ агенттігінің сауалына берген жауабында.
Мұндай жағдайда үстеме са­лық ҚР барлық азаматтарына қа­тысты болып, инфляциялық үдеріс­тер­дің 0,1 пайызға өсуіне, тиі­сін­ше бағалардың қымбаттауы­на әкеледі.
Осыған орай, Экономика ми­нистр­лігі «қазіргі Салық кодексін­де қозғалтқыш көлемі 3001-ден 4000 шаршы см аралығындағы автокөліктердің салық көлемі 15 АЕК (25 926 теңге) болса, қоз­ғалт­қыш көлемі 4000 шаршы см-ден асатын көліктердікі 117 АЕК (202 527 теңге) болып отыр. Кө­ріп отырғандарыңыздай, жа­нар-жағармайды аз тұтынатын эконом кластағы көліктерге жатпайтын автокөліктер арасындағы салық төлеуде 10 есеге дейін айырма­шы­лық бар. Сол себепті салына­тын көлік салығының бірқалыпты өсіп отыруын қозғалтқыш көлемі­нің үлкендігіне қарай қамтамасыз ету үшін қозғалтқыш көлемі 3001 текше сантиметрден 4000 текше сантиметрге дейінгілер арасын­да­ғы көлік құралдарына салынатын салық көлемін қайта қарастыру көз­деліп отыр. Мұндағы мақсат «Не­ғұрлым көбірек ластасаң, со­ғұр­лым көбірек төле!» деп тү­сінікт­еме берді.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада арнайы бағытта екі автобус жүргізілетін болады.
№3 автобустар күн сайын түнгі 22:00-ден бастап, таңғы 06:00 аралығында жұмыс істейтін болады. Түнгі көлік төмендегідей бағыт бойынша жүреді: Алматы қаласының әуежайынан шығып – Майлин, Хмельницкий, Сүйінбай көшелерімен келіп, «Саяхат» автобекеті маңындағы «Аллюр авто» орталығы арқылы Фурманов көшесімен көтеріліп, Абай даңғылы арқылы Орталық стадионға дейін барады.
Жол ақысы – 200 теңге. Жүру жиілігі – 45 минут. 


ойтүрткі
Даңғаза әуен апатқа апарады
Біле білгенге автокөліктегі магнитоланың көлік жүргізу мәнеріне әсері зор. Мәселен, британдық ғалымдар (GEM Motoring Assist) осы мәселеге қатысты үлкен зерттеулер жүргізіп, әуен ауанының жол-көлік апаты оқиғаларымен тікелей байланысты екенін анықтаған екен. Олай болса, зерттеу қорытындыларына назар аударайық.
«Ырғағы жылдам және баяу әуендер әрқилы көңіл күй ахуа­лын туғызуға қабілетті». Бұл – ағыл­шын ғалымдарының мың­даған фактілерді зерттей отырып жасаған соңғы тоқта­мы. Жалпы, мұндай түйін еш­кім­ге де таңсық болмаса керек. Мә­селенки, жыл­дам ырғақты әуен тыңдағанда өзіңді Шу­махер сезініп, шұғыл да қауіпті ма­неврлар жасауға кірісе­тінің бар емес пе? Ал баяу әуен бол­са, керісінше, әрбір жағдайды оңды бағамдап, әрбір қимыл-қозғалысты қатаң бақылауда ұстауға бейімдейді.
Даудың басы –
даңғаза әуен...

Өз кезегінде психологтер қауы­­мы көлік ішін даң-дұңға тол­­­тыруға қабілетті қуатты акус­ти­калық жүйені орнатпауға шақы­ра­ды. «Өйткені сіз тым қатты қойыл­ған музыканың әуе­ніне елтіп отырып, ішкі түй­сі­гіңізді әл­сі­реткеніңіз былай тұрсын, бай­қам­паздық деп атала­тын ең ұлы қасиетіңізден айы­рыласыз. Бір ғана жол бел­гісін байқамай өту­дің өзі қан­ша­ма проблемалар­ға бастау бола алады» делінген ағыл­­шын ға­лымдарының қоры­тын­ды сөзінде. Расымен де, үл­кен мөл­шерде айып тосын жағдай­­­лар­­дан ешкім сақ­тан­­­­ды­­рыл­ма­ған. Ал шытыр­ма­ны мол жол бо­йында өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де 100 пайыз қыра­ғы бо­лу – өмір мен өлімнің мәсе­лесі. Бас­қасы басқа, жүргізуші қат­ты қойылған әуеннің кесірінен өзге көліктердің сақтандыру да­­былдары мен ескертулерін есті­мей я көрмей қалып жа­тады. Айтары көп ағылшын ға­лым­дары осылайша қайсыбір му­зыка жанр­ларының жүргізу­шіге зиян­ды екенін анықтап отыр. Дәлірек айтқанда, ол қо­рытынды бойын­ша хип-хоп, хаус, ауыр рок, бір сөзбен айт­қанда, осы стильдер­дің ағайын-туы­сы болып есепте­летін барша жанрлар қауіпті саналуға тиіс көрінеді.
Әрине, қарапайым қисынға салып, «әй, қойшы, осы музыка де­генің не зиян келтіре ала­ды?!» деп шорт кесуге де бо­ла­д­ы. «Тың­дайсың да кете бере­сің» дегенге саяды мұндай ойдағы­лар­дың пайымы. Кейде тіпті нақ­ты не, кім туралы музы­ка екен­­дігін аңғармай, әйтеуір, даң­­ғыр-дұңғырға мәз болып бара жататынымыз бар. Алайда бір айта кететін жайт, музыка өзге де сырлы қасиеттерімен қа­тар, түйсікті бағдарламалау қыз­метін де қоса атқарады. Ен­деше, осы орайда «мен өзімнің бей­саналық болмысыма рок, хип-хоп, хаус сынды әуендерді тың­дай отырып, қандай даңға­за­лықтың дәнін егіп жатыр­мын?» деген сауалдың туын­да­уы заңды болса керек-ті. Хаус жанрын­дағы музыкалар, әл­бет­те, ми ашытар шаңқылы­мен-ақ өзі үшін өзі сөйлеп тұр. Бір сөзбен айтқанда, алғашқы та­нысудың өзінде оның агрес­сия­лық ықпалын жүрек лоблуы түрінде сезінесің.
Әуен және ішкі түйсік
Сонымен, музыка дегеніміз не? Музыка деген, әлбетте, бұл – бірінші кезекте өнердің бір тар­ма­ғы. Яки адам табиғатын нұр­­лан­ды­рып, жағымды эмо­ция­лар туды­ратын сезімдік дең­­гейдің өлшемі. Мұндай оң тү­сі­ніктегі му­зыкалар толқы­ма­­­лы­­лы­ғы жағынан адам интона­ция­сына бейім келеді. Адам тәніндегі жасу­ша екеш, жасу­­ша­лардың му­зы­кадан шық­қан әр­бір дыбыс тол­қынына сілкі­ніп, діріл түрінде жауап қатар­лық кездері болады. Маман­дар­дың айтуынша, егер музыка ырғағы мен жүрек соғысы бір тізбекте та­был­атын болса, он­да ондай әсерге ұшы­раған кісінің жа­ны жады­рап, жа­ғасы жай­лау­ға кетеді.
Мысалы, классикалық му­зы­ка жағымды әсер береді. Не­ге? Жауабы да белгілі. Өйткені клас­сикалық музыка – жүрек со­ғысының ырғағымен орай­лас­тырылған жанр. Минутына 60-70 дүрсіл жасайтын жүрек му­зыка ырғағымен шебер үй­ле­сім табады. Сөйтіп, адам өзін дем­алғандай жайлы сезіне бас­тайды. Классикалық музы­ка­ға заманауи клубтық музыка­лар­ды қарсы қоюға болады. Олар­да дыбыс ырғағы жүрек со­ғысынан екі есе жылдам­дық­пен өрбиді. Ал енді өзіңіз есеп­теп көріңіз.
Музыка қандай жолдар ар­қы­лы адам болмысына әсер ете­ді? Біздің түйсіктік бес сезі­міміз тәулік бойы миға ақпар жет­кізу­мен болады. Ал тыңдау қабілеті ар­қылы жеткізілген ақпар солардың ішіндегі ең әсер­лісіне жатады. Әуелі әлде­бір тылсым күйді сезінуден бас­та­латын бұл қалып үлкен сезім мен эмоциялар бұрқағына ай­налып сала береді.
Музыканың осы қырына қатысты көнеден жеткен бір хи­каят бар: теңіз төрінде жүзіп бара жатқан кемеде әлдебір ер кісі скрипкада ойнай бастайды. Оның әуенін тыңдап отырған теңізші шал бір кезде зар жы­лап қоя береді. Скрипкашы ойы­нын доғарғанда, шал келіп, «дәл со­лай болған еді» дейді өз-өзінен күбірлеп. «Әр кәл­ләда бір қиял» де­сек те, әлгі скрип­кашы оның кө­ңіл перне­сін дәл басқаны анық.
Байқасаңыз, музыка өте қысқа мерзімнің ішінде жан дүниені алай-дүлей ете алады. Кітапта миллиондаған сөздер­мен суреттеп бере алмайтын я жет­кізе алмайтын күйді му­зыка­ның бір елеусіз ғана нота­сымен немесе интонациясымен беруге болады.
Музыка және жол апаттары
Кесіп айтар болсақ, қатты һәм жылдам ойналатын му­зыка­лар жүргізушінің нөмірі бірін­ші қатері болып саналады. Жылдам ыр­ғақты музыкалар адам жүрегінің шамадан тыс соғып, дене қысы­мының ар­туы­на апарып соғады. Ондай жағ­дайда адам өз-өзінен дег­бір­сізденіп, оқыс жүрістер жа­сау­ға көшеді. Міне, осындай се­беп­терді ескере отырып, жол-көлік оқиғаларына оңай жол та­былатыны түсінікті болса керек-ті.
Музыкаға қатысты фактілер:
*музыка қанның бір минуттық ағымына дереу әсер ете алады және лүпіл жиілігін арттырып, қан қысымын көтереді, қандағы қант мөлшерін арттырады;
*бұлшықет сіңірлерінің тар­тылып созылуына себеп болады;
*алақұйын эмоциялар туғыза алады;
*вербалды және арифмети­калық қабілеттерді арттырады;
есте сақтау және қабылдау сезімдерін ұштай түседі;
адамды шығармашылық ойлауға итермелейді;
Сөз аяғында айтарымыз, әлі күнге ешбір жерде, ешкім жеке тұлғалық қабылдаудың бар екенін жоққа шығармайды. Бір адамды еңіреткен музыка екін­ші­сіне тіптен әсер бермеуі мүмкін. Сонымен қатар ішкі әлемімізде жатқан бейсаналық қабылдау түйсігін де жоққа шығарған ғылым жоқ. Сондықтан да біз тың­даған әрбір дыбыс жан дү­ние­мізде қайталанбас із қалды­рады. Өйткені әуез бен әуен біз­дің өз ішімізде, жан жүрегімізге жасырылған. Құдайға сыйыну ма, сөзі жоқ құр ыңыл ма – ма­ңыз­ды емес, ең бастысы, жүрек­тен шықса болғаны.
Ендеше, таңдау еркі өзіңіз­де...


Автокеңес
Жол азабын тартпайын десең...

1. «Инспектор істі біржақты қарағандықтан, ол толтырған хаттамамен келіспеймін» деген мазмұндағы жүргізуші түсініктемесі бар жол жүру ережесі бұзылғандығы туралы хаттамалар қандай тәртіппен қаралады? Мұндай фактілер тексеріле ме? Тексерілсе, қандай шаралар қолданылады?
Жол полициясының инспекторы жүргізушіге хаттама толтырмас бұрын, сол жерде дереу оның жол жүру ережесінің қай бөлігін бұзғандығын түсіндіреді. Әкімшілік хаттама толтырыла басталғаннан-ақ, көп жүргізуші кінәсін мойындап, кешірім сұрап, жіберуін өтініп тұрып, инспектор хаттама толтыруын тоқтатпаса, хаттамамен келіспейтінін айтып, қулыққа басатын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндайда «мен хаттамамен келіспеймін, дәлелдеңіз» деп тұрып алатын жүргізушілер көп.
Мұндай жағдайда іс Әкімшілік кодекске сәйкес, ішкі істер органдарында комиссия қарауымен талқыланады. Бірақ қалай болғанда да, жүргізуші хаттамада құқық бұзушылықпен келіспеймін деп жазып, қандай да бір дәлелдер келтіре алса, мұндай материалдар қарастырылып, екіжақты шешім шығарылады.

2. Жол полициясының қызметкерлері қандай жағдайда мемлекеттік нөмірлерді шешіп ала алады?
Автокөліктің мемлекеттік нө­мірлік белгілері Әкімшілік кодек­с­ке сәйкес шешіп алынады. Егер ав­токөлік тұраққа қою ережесін бұзып немесе жол белгісінің талабын орындамаса, оның мемлекеттік нөмірлік белгісі тәркіленіп, мем­ле­кеттік нөмірді шешіп тәркілеу туралы акт толтырылады.
Бұдан өзге, мемлекеттік нөмір мемлекеттік техникалық байқаудан уақытында өтпеген автокөлік тро­туар­да, газонда тоқтап тұрғанда тәркіленеді.

3. Жол полициясының қызметкері жүргізушіні тоқтатып, тек жеке өзінің күдіктенуіне сүйене отырып, жүргізушіні медициналық тексерілуден өтуге мәжбүрлеп апара ала ма? Егер апарса, медициналық тест жүргізуші ешқандай алкогольді өнім тұтынбағанын дәлелдеп, жүргізуші тексерістен өтіп жүргенде материалдық зардап шегетіндей, пойыздан, ұшақтан, жұмыстан қалып қойса, оған инспектор жауапты бола ма?
Әрине, егер инспектор ешқандай дәлелдер мен негізсіз жүргізушіні медициналық куәландыруға әкелсе, жүргізушіге келтірілген материалдық шығын үшін жауап беруге міндетті. Бірақ бұл – аса сирек кездесетін жағдай.
Жүргізушіні медициналық куәландыруға әкелудің басты себебі – жүргізушінің мас екендігін айғақтайтын алғашқы белгілер болуы тиіс. Ол белгілер – жүргізушімен әңгімелесу барысында сезілетін арнайы иіс, оның өзін қалыпсыз ұстауы, қисалаңдау. Бұған қоса, инспектор жүргізушіні сараптамаға апармас бұрын, оның алкогольді немесе есірткілік өнім қолданғанына 100 пайыз сенімді болуы керек.
Ал егер жүргізуші жол-көлік оқиғаларына тап болған жағдайда медициналық куәландырудан өтуге міндетті.

Бетті дайындаған Нұраддин Рысбайұлы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста