Өзге қалаларды қайдам, Шымкенттің көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан абайлап өтпесеңіз, өміріңізге қауіп төнуі ғажап емес. Талап қоюдың арқасында қазір ереже біршама сақталатын болды, дегенмен ақ жолақтан өтерде айналаңызды жақсылап шолып алмасаңыз, ғайыптан зуылдап келе қалған көлік иесі «үйіңмен қоштасып шығып па едің» деп өзіңді кінәлап, айқайдың астына алатын әдеті.
– Соңғы уақытта жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған көлік оқиғалары көбейіп кетті. Бұл – бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы бірінші кезектегі проблема. Әрине, кейде жүргіншілер тарапынан да ереженің сақтала бермейтінін жоққа шығаруға болмайды. Облыс әкімінің арнайы тапсырмасынан кейін жаяу жүргіншілермен де түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ережені көлік жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де қатаң сақтауы тиіс. Сонда ғана қауіптің бетін қайтаруға болады, – дейді облыстық жол полициясының бастығы Аманқұл Қасымбеков.
Шымкент қаласында 7000-ға жуық жол белгілері бар. Алайда көптеген жерлерде сол белгіде көрсетілген талаптар сақтала бермейді. Әсіресе «Тоқтауға болмайды», «Тұраққа тыйым салынады» деген секілді белгілерге жүргізушілер көз қырын да салмайды.
«Жылдамдықтан асыру» демекші, облыс әкімінің қатысуымен өткен бір жиында Асқар Мырзахметов полицейлердің жұмысына кіжіне отырып, «қала ішінде көліктерді сүмірейтіп 40-пен жүргізіп қоясыңдар, онсыз да көліктер көшеге сыймауға айнала бастағанда қолдан кептеліс ұйымдастырасыңдар, жылдамдықты сәл көтеріп қойсаңдаршы» деп ескерткені бар еді. Алайда бұл ескерту жар басында айтылған жаңғырықтың күйін кешкен сыңайлы.
Ала сызық ана өмірге бастауы мүмкін
Последние статьи автора