"Әкімдік қызметкерлері қысым жасап, кешірім сұратты": Нарынқолдағы дәрігерге қатысты дау жалғасын тапты

"Әкімдік қызметкерлері қысым жасап, кешірім сұратты": Нарынқолдағы дәрігерге қатысты дау жалғасын тапты

Сұхбат бергенім үшін қысым көрдім деген Нарынқол тұрғыны жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Осыдан 10 күн бұрын ол арнамызға сұхбат беріп, ауылдағы ауруханаға білікті мамандар қажет, сауатсыздар керек емес деп ойын ашық айтқан еді, деп хабарлайды Almaty арнасы. 

Алматы облысындағы дау тұрғынның сұхбатынан басталған. Дәрігерлердің телефонға қарап диагноз қоятынын айтқан Әлібек Дәлденбаевтың кешірім сұраған видеосы көп ұзамай әлеуметтік желіде тарады. "Қорқытып кешірім сұратқан", "Ойын айтқаны үшін кінәлі ме?", "Жергілікті әкімдік қысым көрсеткен" деген пікірлер жазылды.

"Әкімшіліктен қоңырау шалып, көпбалалы отбасы  болғандықтан кітап па, дәптер ме береді деп ойлап, аңқылдап жүгіріп барған. "Содан бардым дейді, адамдар машинадан түсіп, қасымда тұрды. Енді амалсыз шындықты айттым. Амангелді деген кісі әкім. 15 тәулікке қамау керек депті". Маған айтпаған, өзі барып, кінәлі бола салайын, Алла көріп тұр деген", – деді Ә. Дәлденбаевтың жұбайы Балқия Әбдірахманова .

Алпыс жастағы ауыл тұрғыны өзіне қысым жасағандықтан кешірім сұрап, видеоға түскенін айтады. Ал Нарынқол ауылының әкімдігі ешкімді қорқытпағанын алға тартты. Екі тарапты да тыңдап, бір мәмілеге келетіндерін жеткізді.

"Кірді, отырдық, әңгімелестік. Жаман әңгіме болған жоқ. Мен басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, осы кісілерге барамыз деп айттым", – деді Нарынқол ауылдық округінің әкімі Амангелді Шенебеков.

"Ауыл әкімінің кей сөзімен келіспеймін" деген қарияның әкімдік алдында қан қысымы көтеріліп, сол жерде жедел-жәрдем көлігі ауруханаға алып кеткен.

"Ұялы телефонға қарап диагноз қоймаймыз. Ауданның әкімі бар, ауданның бас дәрігері бар, келіңіз, кім сізге телефонмен диагноз қояды? МКБ-10 деген аурудың коды бар, ұялы телефонға қараймыз.  57 дәрігер бар, соның бәрі топас емес, білікті дәрігерді алып келіңіз", – деді Райымбек аудандық ауруханасының бас дәрігері Жантас Әкімбаев.

Райымбек аудандық ауруханасының бас дәрігері қол астындағы әрбір қызметкер үшін сенімді екенін айтты. Ауылда маман тапшы екенін растай отырып, 17 дәрігерді жұмысқа шақырғанын жеткізді. жақындарының айтуынша, әкімдік алдында хәлі нашарлап, аурухананың жансақтау бөліміне түскен Әлібек Дәлденбаевтың жағдайы қазір бірқалыпты. Ал жергілікті әкімдік бұл мәселені көп ұзамай шешіп береміз деп уәде етті. Алайда кешірім сұраған видеоны кім түсіргені белгісіз болып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Нарынқол ауылының тұрғындарының сырқатымызға ем сұрап барсақ,  дәрігерлер ұялы телефонға қарап оқып береді деп шағымданған еді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста