Айдың Жерге жақындауынан қауіп бар ма?

Айдың Жерге жақындауынан қауіп бар ма?

Наурыздың 19-ы күні бір апта бұрын жиі айтылып, қызу талқыланған бірегей Толған Ай құбылысы байқалады. Ай Жерге 356 500 шақырымға жақындайды да, бізге бұрынғыдан 14%-ға үлкен, 30%-ға жарқын болып көрінеді.
Вентспилс халықаралық радиоастро­номия орталығы (Латвия) мамандарының мәліметінше, мұндай құбылыс 19 жылда бір қайталанады. Мұны Айды мейлінше толығырақ зерттеуге таптырмас мүмкіндік деп қарастырып отырған ғалымдар аспан денелерінің бір-біріне жақындауы Жер шарына, табиғат пен адамдарға ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді. Ресми ғылыми тұжырымдарға қарағанда, 1955, 1974, 1994, 2005 жылдары мұндай құбылыстың түрлі зілзалалармен, тасқындармен сәйкес келуі – кездейсоқтық. М.В.Ломоносов атын­­­дағы Мәскеу мемлекеттік универ­ситетінің П.К.Штернберг атындағы астро­номия институтының ғалымдары да осы пікірді қуаттайды. Дегенмен мамандар Айдың жақындауы мен Жердегі сейсми­калық құбылыстар арасында байланыс бар екенін жоққа шығармайды. Ай – біз мекен­дейтін ғаламшардың жалғыз табиғи серігі. Ол – Жер тұрғындары үшін Күннен кейінгі екін­ші жарық аспан денесі, адамның таба­ны тиген тұңғыш бөгде ғаламшар және Күн жүйесіндегі бесінші үлкен табиғи серік. Жер мен Ай орталықтарының орташа ара-қашықтығы – 384 467 шақырым. Айта ке­тейік, Жерге жақындап, үлкен болып көрінетін Айды қазақстандықтар нау­рыздың 19-ы күні Астана уақыты бойынша 00.11-ден бастап, күні бойы тамашалай алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста