Аяжан Еділованың өлімі: Желіде қылмыскердің суреті жарияланды
19 жасар алматылық Аяжан Еділованың өліміне кінәлі деп танылған күдіктіге қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"19 жасар Аяжан Еділованың өліміне қатысты ұсталған адамның түрі осы. Біздегі ақпаратқа сәйкес, оның аты-жөні Рахманберді Төребеков. 11 сәуірде ол 28 жасқа толады. Мектепті "Алтын белгімен" бітіріп, ОҚМА-да (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы) фармацевтика мамандығын меңгерген", - деп хабарлайды Qumash телеграм арнасы.
Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазған болатынбыз.
Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды. Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады.
Полицияға пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.
Сосын Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат берді. Сұхбат кезінде қыздың туыс ағасы оның басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алғанын айтты.