Әдебиеттану ғылымына қосылған байсалды еңбек

Жуырда қолыма бір кітап түсті. Кереқарыс қампиған дүние емес, көлемі шағындау болғандықтан соншама ежіктемей, бірер аударыс­ты­рып қоя салғанмын. Арада біраз күн өткеннен соң, тиесілі дема­лыс­ты пай­даланып қайта ақтарғанда салмақты зерттеуге жолыққанымды тү­сіндім. Тақырыбы айқайлап тұрған жоқ – «Ұлттық әдебиет және дәс­түрлі ментальдік». Үш автордың (Д.Қамзабекұлы, Б.Омарұлы, А.Шә­­ріп) шығармашылық ынтымақтастығының жемісі екен.
Ұлттық әдебиет, ұлттық сана, ұлттық мі­нез, дәстүрлі ментальдік қазақ әде­биет­та­ну ғылымына да жат емес. Қазақ халқының өне­рі, мәдениеті, әдебиеті зерттеу объек­ті­сіне айналғалы бері ен салып, ат қой­масақ та, зиялы ғалымдар зерттеуінде жа­расымды өріліп, үнемі ой жарысына түс­кендей күйде.
Сонау кеңестік қаһарлы, қытымыр тұс­та аса ірі ғалым Георгий Гачев тыңнан түрен сал­ған еді. Әуелде «Национальные образы ми­ра» (1988), беріректе толықтырулармен бас­па көрген «Ментальности народов ми­ра» (2008) монументальды еңбектері же­ке дара тұрған құбылыс іспетті. Ұлты бол­гар, саяси эмигранттың жанұясында дү­­ниеге келген, тәрбиеленіп шыңдалып өс­кен Г.Гачевтің әлем халықтары таным-түй­сінуіндегі ұлттық бейне, ұлттық модель мә­селелерін мүлдем басқа деңгейде қа­растыруы ғалымдарға зор ойтүрткі бол­ған­дығы анық.

Г.Гачев болгар халқының ежелгі аңызын оқырманға ұсынады: «Жаратушы ха­лық­тардың тілегін орындауда. Алдымен тү­рік­тер келеді. Оларға Жаратушы билік сый­лай­ды. Іле-шала болгарлар жетеді. – Не ті­лектерің бар? – Билікті сыйласаң, Жа­ра­ту­шым. – Билікті түріктерге бердім, сен­дер­ге сый – еңбек болсын. Баршасының сұ­рай­тыны билік. Солай жалғаса береді. Ев­рей­лердің еншісіне – есеп-қисап, фран­цуздарға – өнер, сығандарға – ке­дей­лік, тағысын тағылар». Билік пен бай­лықты аңсаған халықтардың пешенесіне жа­зылған тағдыр-талайы ойлана, толғана келгенде ғалымның тиянақты тұжырым жа­сауына жол сілтейді. «Так вот Инвариант Единого видится-понимается-сказывается каждым народом в особой проекции и это есть национальный образ мира», – деп тұ­жырымдайды Г.Гачев. Осы орайда, ойға ака­демик Ахмет Жұбановтың: «Ән аспанда қа­лықтап ұшып жер бетіне жақын келеді. Құ­дайдың құдіретімен келген ән қазақ же­рінде, тіпті төмен ұшқанда да, қазақ халқы оны естіп, әнді жақсы айтатын болған. Қа­зақ­тардың басқа халықтардан әнді жақсы айтатын себебі – осы», – делінетін Шоқан Уәлихановтан арна тартқан әпсананы тамсана баяндауы ойға ой қосады. Қазақ менталитетіне үңіле түсуге жол ашады.
Ендеше, жер шарын мекендеген әр ха­лық­тың тілі, ділі, өмір салты, мінез бай­лығы, парасат биіктігі, асыл мұраттары сияқ­ты ұлттық ментальдіктің белгі-си­пат­та­ры адамзаттың өзімен бірге туып, қа­лыптасып, жетілетіндігі сөзсіз. Осы орайда, монография авторларының алдарына қойған мақсаты биік, зерттемек объектісі актуальды екендігі дау туғызбайды. Дихан Қамзабекұлы, Бауыржан Омарұлы, Амантай Шәріп сынды қазақ әдебиеті ғы­лы­мында есімдері белгілі ғалымдардың қол­ға алған шаруасы қомақты, бүгінгі қо­ғам, келер заман кәдесіне асуға бек лайық өрнекті арна.
«Әдеби-тарихи үдеріс және дәстүрлі мен­тальдік» (А.Шәріп) аталатын алғашқы та­рауда зерттеудің мақсат-міндеттері, пай­даланылған әдіс-тәсілдері, қолданылған пәнаралық байланыстар нақты сараланған.
Көптеген ұлттардың әдебиеті мен өнеріне зер салу нәтижесінде төмендегідей байламға келеді: «Қазіргі парасатты, пә­туа­лы ғылымның қарауылынан қарағанда, мәдениеттер тоғысының шет-шекарасын диалогизм принципіне орайласқан (М.Бубер, М.Бахтин, В.Библер, Ю.Лотман) мә­­дениеттер мәмілесі (диалог культур) қа­ғидасымен қиыстырған ұтымды. Өйткені бел­гілі бір мәдениеттің бөтен мәдениетпен жүз­бе-жүз жолығып, теңбе-тең сұх­бат­тас­қан, сырласқан сәтінде ғана өзін ана­ғұр­лым толығырақ, тереңірек танып-түйсініп, қа­дір-қасиетін қайта құнттайтыны сөзсіз» (20-б.). «Жаhандану үрдістері ша­ғын ұлттардың жойылып кету қаупін күшейтеді» деп байбалам салушыларға байсалды жа­уап. Ұлттың санасын, тілін, ділін сақтау, дәс­­түрлі ментальдікке мән беру – уақыт оз­ған сайын көкейкестілігін белгілейтін бұл­жымас қасиет.
Тарау арқалап тұрған салмақ – көр­кем­­дік са­на түрлері мен ментальдік ме­та­­мор­­фо­засы, ментальдіктің мәмілесі жә­не ұлт­тың мі­нез, жыраулық жер­ұйық­нама, Абай – бей­­уақ тұстың бағыты та­рау­­ша­ла­рында та­рамдалып сараланған. Ұлттық мен­талитетті жи­нақтап, топ­тас­ты­ратын айы­рым бел­гілер ғылым та­ри­хы­нан сү­зіліп алынып, са­лиқалы әңгіме ауа­нына тар­тылған.
Зар заман поэтикасы әнебір жылдары құбыжық ретінде бағаланып, ел-жұрт ат-тонын ала қашып, үрпие қарағанымен бү­гін­де отаршылдық өктемдікке, шексіз зор­лық-зомбылыққа қарсы «заманның дерті – улатқан ақынның жүрегінен қайнап шық­қан шын жалын, шын қайғы» (М.Әуе­зов) екен­­дігін әбден ұқтық. Зар заман таби­ға­тының шынайы ашылуы қазақ дү­ние­та­ны­мының, мінезінің, салт-ғұр­пы­ның, тіпті оған бодандық мойнына салған қар­ғыс қа­­мытының ұлт менталитетінің қа­лып­та­суы­на тигізген кері әсерін бедерлей бел­гі­лемек.
Зар заман дәуірі кейінгі буынға қал­ды­рып кеткен жұмбақ сауалдар ұлы Әуезов айт­­пақшы, «алғашқы рет келешек за­ман­ның құбыжығын сезіп, тұспалмен белгі бе­ріп, болжам айтқан – Асан қайғы» фено­ме­ні, «зар заман ақындарының бар­лы­ғындағы сары уайым» тылсымы әлі де болса ой бөлісіп, ақыл тоғыстыруды тілейді.
«Зар заман поэзиясы және ұлт мен­тальдігінің трансформациясы» тарауын жазған белгілі әдебиеттанушы ғалым Бауыржан Омарұлы оқырман қауымның аңсары ауған, толғақты мәселелердің тү­йінін шешуді жан-жақты ойластырған. Зерттеу материалдарын тиянақты тексере келе, қорғасындай салмақты тұжырым жа­са­уы жемісті ізденістерден туған. Ға­лым­ның: «Зар заман – отаршылдық қысымын көр­ген елдің әдебиетінде рухани құн­дылықтардың азып-тозуына налудан, қоғамның болашағына үміт артпай, із­гі­лік­ті өткен өмірден іздеп, халықтың салт-дәс­түрлері салтанат құрған кешегі күнін аң­сау­дан, ежелден ұлттық танымына, көшпелілік та­биғатына жат құбылыстарды қабыл­да­май, дәуірге наразылық біл­ді­руден туған ағым» (62-б.), – деп са­на­ма­лап келтіруі жа­расымды. Гәп зар замандық идеяның мезгілінде жауапсыз қалуында. Дер ке­зінде шешімі қиын жұмбақтай болған ел­дік­ке ұмтылу идеясы XX ғасырдың басында ұлттық оянуға ұласты.
Зар заман құбылысының басты бел­гі­ле­рін құрайтын отаршылдықтың мейлінше етек жаюы, келімсектердің «бос жерлерді» иеленіп жергілікті халықтың тынысын та­рыл­туы, жердің, малдың, жанның есепке алы­нуы, небір көз көріп, құлақ естімеген мі­нездердің қазақ ортасына батпандап енуі, жақсының жаннан, жаманның мал­дан түңілуі ақыр аяғында ұлттық мен­тали­тет­ке тайға таңба басқандай таңба салды. Өз кезегінде ұлт болмысы қоршаған орта ықпалымен соны өзгерістерге ұшырай бастағаны анық.
Профессор Дихан Қамзабекұлы қала­мы­на тиесілі «Түркі ментальдігі және қазақ ағар­тушылығы» тарауы жүрекке қон­ған есті сөз әлеуметтік әуезділігімен тар­тым­ды оқылады. Жалпы алғанда, ағар­ту­шылық идеясы, жәдитке ден қою, ұлт­шылдық сана-сезімнің жедел оянып, қа­лыптаса бастауы қазақ қоғамының ай­рықша сапалық қасиеттерін танытатын бел­гілер. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ға­сырдың алғашқы ширегінде санада сер­пі­ліс туғызған соны идеялар, ең алдымен, ақын­дар шығармашылығында өріс тапты. «Ұлт», «ояну» ұрандары Алаш арыс­та­рының туындыларында жүйелі құбылысқа ұла­сып, барша қазақ болып бірігу, бо­дан­дық құрсауынан құтылу, дамыған, азат елдердің қатарына қосылу сияқты биік идеялық нысанаға жол алды. Алаш ұранды әдебиеттің өкілдері негіздеген өткір әлеуметтік мәселелер «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы арқылы халықтық та­ным­ды тәрбиеледі, оқырман жүрегіне со­ны пайымдар ұялатты. Сөйтіп, қазақ қоғамы күрескерлік рухты бойына сіңірді. Ұлттық санада қозғалыс бой көрсетті.
Монографияны жазу барысында ав­тор­лар қол жеткізген ортақ түйін бар. Ол: «Қа­­зақтың сөз өнерінде дәстүрлі ұлттық мен­­тальдіктің көркем бейнеленуінің түп­­қай­нарын, жетілуін және түрленуін зер­де­леу әдеби дамудың мәнді, маңызы же­лі­лерін, қадау-қадау тұстарын елдің та­рихи тағ­дырымен тығыз тұтастықта танып-түстеуге әркез кең көкжиек, шетсіз-шексіз зерттеушілік мүмкіндіктер ашып беретіндігі анық». Расында, аталмыш монография әде­­­биетті зерттеуді міндетіне алған кексе ға­­­лымға да, жас ізденушіге де ойтүркі бо­лар­­лық пайдалы шығарма екендігі сөзсіз. Бұл – жан-жақты зерттеулерге, терең тал­дау­­ларға зәру бүгінгі әдебиеттану ғылы­мы­­на қосылған байсалды теориялық ең­бек.
Арап ЕСПЕНБЕТОВ, филология ғылымының докторы, профессор

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста