Адам ағзасының он құпиясы

Адам ағзасының он құпиясы

Жуырда әлемнің ең тәжірибелі деген ғалымдары іріктеліп, осы күнге дейін құпия болып келген әрі сенуге қиын адам бойындағы бір неше қасиетті анықтапты. Оқыңыз қызық!
1. Адам ғашық болғанда мида нейромедиатор мен гормондардан микс пайда болады екен. Оның қуаты былайша айтқанда, амфетаминмен тең. Өздеріңіз білесіздер, амфетамин – синтетикалық есірткі. Міне, дәл сол микс адамның көңіл күйін күрт өзгертеді яғни жүрек соғысын күшейтіп, қатты толқытып, тәбетін бұзып қана қоймай ұйқысын да нашарлатады.
2. Егер күйзелістен тезірек арылғыңыз келсе, еңіреп тұрып жылап алу керек екен. Көз жасы арқылы адам бойындағы қайғы мен ашуын жеңілдетіп алады екен.
3. Егер шындап кіріссе, адам миының бір минутта 1000 сөз оқуға шамасы жетсе керек.
4. Адамның бойындағы қан тамырлардың ұзындығы 96 000 километр. Ол жер шарын екі рет айналып өтуге жетеді. Адам толған сайын, ол ұзара береді.
5. Адам өзінің тым ежелде пайда болғанын біле ме екен? Біздің ағзамызды құрастырып тұрған атомдар осыдан 13,7 миллиард жыл бұрын пайда болған.
6. Біздің асқазанымыздағы шырыш өте «ұяң» екен, біз ұялсақ, ол да біз сияқты қызарып кетеді екен.
7. «Әр бір адамзат баласының бойындағы күшті тіпті Гераклдікімен салыстыруға болады» дейді ғалымдар. Адамның күштілігі соншалық, көлікті де көтере алады. Алайда Аллаһ бізді жаратқанда ол күшті құр босқа ысырап етпейтіндей етіп жаратқан екен. Өйткені, бойымыздағы күш-қуатымызды оңды-солды жұмсай берсек, сіңірлеріміз бен бұлшық еттеріміз зардап шегеді. Қазақ - дана халық, «өзім дегенде, өгіздей қара күшім бар» деп осындайда айтқан ғой. Аса қажет кезде адам сол күшін жұмсайды.
8. Жер бетіндегі тіршілік иелеренің ішіндегі ең жүйрігі адам болып шықты. Ерте замандарда азық іздеген адам көзіне ілінген олжасы шаршап-шалдығып өлгенше қуа берген екен. Алайда, техника дамыған сайын сол артықшылығымыздан айрылып барамыз.
9. Біздің ағзамыз үзіліссіз қимылдап жатады. Бір секундта 25 миллион жаңа жасуша пайда болады.
10. Егер адамның миы толыққанды жұмыс істесе, яғни компьютер сияқты, ол бір секундта 38 000 триллион оператция орындауға қауқарлы. Бұл әлемдегі ешбір компьютермен салыстыруға келмейтін жылдамдық. Ал ең мықты деген компьютер жоғарыда келтірілген санның тек 0,002 пайызын ғана орындай алады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста