Шымкентте 9-сыныпта оқитын өрімдей қыз өзінің әкесінен бала туған. Осылайша, әкесі өз немересінің әкесі атанды. Оқиға осы жылдың мамыр айында болған. Жаға ұстатарлық жайды білім бөліміндегілер хабарлады. Қазір полиция мән-жайларды тексеріп жатыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Белгілі болғандай, дүниеге келген бала - қыз. Зәбір көрген қыздың әкесі болса осы оқиға жария болысымен өзіне қол жұмсап қайтыс болыпты. Нәресте қазір қыздың анасының, яғни әжесінің қамқорлығында.  
 
"9 сынып оқушысы осы жылдың мамыр айында сәбиін дүниеге әкелді. Бұл зорлық-зомбылық болды ма, жоқ па, біз айта алмаймыз. Мұны полицейлер анықтап жатыр. Сәби қазір оқушының анасында", - дейді Ұлжалғас Саурабаева, қалалық білім басқармасының бас маманы. 
"Әкем ешкімге айтпа деді": Қызылордада әкесінің досынан зорлық көрген жеткіншек туралы жаңа деректер белгілі болды 
Ал немересінің әкесі атанған еркек азғындығы жұртқа жария болған соң, өз-өзіне қол жұмсаған.
"Жұрттың барлығы тек баланы ғана кінәлап жатқанына ашулымын.  Әкесінің қойнына өзі барып
жатқан шығар, қысқа белдемше киген болар деген сарындағы пікір көп.  Бұл не деген сұмдық?", - дейді Дина Таңсәрі, "Не молчи" қорының жетекшісі. 
"Бұрын басқа біреу зорлап кетті деп естуші едік. Енді мынау сұмдық құбылысқа айналды. Өте өзекті өртейтін жағдай. Жалпы бұл - азғындық. Бұның басқа атауы жоқ", - дейді қоғам белсендісі Айша Құрманғалиқызы.
"Әйелі қасындағы күйеуінің қызына зорлық жасап жүргенін білмеуі мүмкін. Байқамауы мүмкін. Өйткені педофилдің келбеті жоқ. картинасы жоқ, ол генетикалық жағынан болмайды", - дейді психолог Ғалияш Махашева. 
"Айтпағаны - анасына сенбегені. Бұл анасының мойнындағы үлкен жүк. Өзінің қызына жақсын бола алмағаны. Міне, қызы мен 
"Ең қорқыныштысы, ол тұрмысқа шығуға қорқады. Тұрмысқа шығып бала тууға қорқады. Бала туса, өзінің күйеуінен күдіктеніп жүреді", - дейді ол. 
"Іштен туа біткен жүрек қан ауруларына, жүрекшер арасындағы деффектілерге алып келеді, қарыншалар арасындағы және өкпе ауруларына, мукавецидоз деген ауру бар. Альбинизм, ақыл естің кемістігіне", - дейді генетик-дәрігер Мақпал Құдайбергенова. 
"90-шы жылдардың басында бір  хаус пайда болды. ер азаматтар жұмыссыз қалып, бар жүк әйел адамдарға түсті.  Барлық мұғалімдер бір сәт базарға шығып кетті. Сол кезде тәрбиенің бір кемістігі, олқылығы орны алды да. жалпы былай қарағанда осындай қылмысқа баратын көбісі сол 35-39-40 шамасында да", - дейді  Айша Құрманғалиқызы.
Соңғы он айда 11 жасқа дейінгі 212  бала зәбір көрген. Сорақысы, жақындарынан, ал одан да сорақысы  сол 212 істің тең жартысы жабулы қазан күйінде қалған.
"Абай жолы шығармасында Қамқа мен Қодардың, күйеуі қайтыс болған келіншек пен өзінің қайын атасы арасындағы қарым-қатынас. Зинақорлық, ол тіпті дәлелденбеген де, бірақ инцест дейді ғой. Қазақ қоғамы сол кездің өзінде  қарсылығын білдіріп,
жазасын белгіледі", - дейді  Айша Құрманғалиқызы.
Ал қызын жүкті еткен әке әрине бұл дүниедегі жазадан құтылды.   Жаратқан алдында жауап берер. Ол оқушымен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр.