8 жастағы баланы әкесі арматурамен ұрған. Бейнежазбаны Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына журналист Гүлмира Әбіқай бөліскен.
Кадрда баланың денесінің сау-тамтығы қалмаған. Автордың айтуынша, видео Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы ауруханасында түсірілген.
«8 жасар баланы өз әкесі арматурамен ұрып, өлімші күйге жеткізген. Анасы да дәл осындай күйде бас сауғалап қашып кеткен. Алматы облыстық ауруханаға түскен бала «Көмектесіңізші! Әкемді 20 жылға қамауға бола ма?» деп жалынады. Ертең ауруханадан шықса оны заң бойынша жалғыз туысы әкесіне ғана береді», - деп жазған Гүлмира Әбіқай.