"50 мың теңге. Бір отбасын ойран қылуға осынша сома жеткілікті"

«Айрандай ұйыған отбасының шаңырағын шайқап, отағасының басын айналдыру арқылы бар дүние-мүлкін тартып алу оп-оңай. Бізге хабарласыңыз!» Қара сиқырды меңгердім деп жүргендер ғаламторда дәл осылай жарнама жасап жар салуда деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасай отырып.

Мұхамед Егінбайұлы өгей шешесінен күдіктенетінін айтады. Әкесін дуалап алғанына сенімді. Қария отбасынан өз еркімен кетпегеніне көз жеткізу үшін өз зерттеуін жүргізіпті. Ақыры келіншек балгердің көмегіне жүгінгенін анықтаған. Дәлелі қолында. Алайда заң бойынша жауап қа тарта алмай жүргеніне 10 жылдан асқан.

Мұхамед Егінбайұлы: «Қазақстанда осыған байланысты заң қарастырылмаған. Ол екінші минус. Үшінші минус осындайлардың көптігі соншалық Қазақстанда өте көп көлемде таралып кеткен. Мен өзім білетін Оралда 7, Алматыда 11, Шымкентте 24, Семейде 3, Тадықорғанда 3 жерде орналасқан. Бұл баю жолдары».

Мұхамедтің айтқанына дәлел табылар ма екен деп интернетті ашып бақсы-балгер, қара
сыйқырдың өкілдерін іздеп көрдік. Ғаламторда толып тұр. Солардың біріне қазір хабарласып, қызметінің құнын біліп көрдік. Біз 100 хабарландырудың ішінен бірін таңдадық. Бұл бақсыға жазылудың өзі оңай шаруа емес екен.
- Фотосы бар ма?
- Иә. Сізге тағы не апаруым керек?
- Фотосын алып маған келесіз. Мен көрейін. Сосын сізге қалай жасалатынын айтамын.
- Жұмысыңызға кепілдік бере аласыз ба?
- Сомасына қарай кепілдік болады.
- Мысалы?
- 10 минуттан соң хабарлассаңыз?
- Шамамен қанша болады?
- 50 мың теңгеден басталады.

50 мың теңге. Бір отбасын ойран қылуға осынша сома жеткілікті деп сендірді. Жоғарыда пікір білдірген Мұхамедтің айтуы орынды-ақ. Ол шетел асып бірер елдің заңын саралаған. Мысалы Малайзияда кінәсі дәлелденсе жаңағы тәуіпті де тапсырыс берушіні де 12 жылға түрмеге жабады екен. Ал Араб әмірліктерінде тіпті өлім жазасына кесетін көрінеді. Біздің ата заңда дәл осы сиқыр мен дуалауға байланысты нақты жаза жоқ.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: «Мұны көтеру керек. Түбегейлі зерттеп барып қарастыру керек. Негізі жадылау, адамның басын айналдыру деген нәрсе бар. Иманы бар адам, Құдай деген адамға ондай нәрсе жұқпайды. Сақтану жолдарын қарастыру қажет. Имамдар бар рухани жағынан. Екінші жағынан мұны арнайы істеген адамдар болса міндетті түрде өте қатаң жазамен жазалануы керек».

Әлеуметтанушы Айдар Хамит бұл Орталық Азиядағы посткеңестік мемлекеттерге тән дүние екенін айтады. Ленин мен коммунизмге құдайындай сеніп келген жұрттың атеизмнен алшақтаған соң белгілі бір дінге, сенімге деген сұранысы артқан.

 

Айдар Хамит, әлеуметтанушы: «Бұл идеологиялық тұрғыдан бұрынғы адамдар енді болашаққа коммунистік сеніммен тұрса қазір осы сенім тұрғысынан белгілі бір вакум қалыптасты. Сол 90-жылдан бастап ешмі, балгер, балгерсымақтар көптеп тарады».

Исламда бұған байланысты не делінген? Дін өкілдері құран аяттарынан мысал келтіреді.

Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі: «Құран Кәрімде Алла Тағала айтады «Ішімдік ішу, арақ ішу, құмар ойын ойнау, бал ашу және сиқырлау бұл шайтанның амалдарынан. Бұдан аулақ болған кезде ғана адам құтылады». Яғни осы аяттың астарына үңілетін болсақ бұл балгерлікпен айналысу, адам өмірін болжау, өткенін болашағын болжау ислами тұрғыдан харам саналып тыйылғанын көрсетеді».

Айтты-айтпады бұл да өз алдына жеке проблема. Көз жұма қарайын десең еліміздің әр өңірінде бал ашамын, бақ ашамын, сүйгеніңді қаратамын, мұң-қайғыңды тарқатамын дейтіндердің саны артқан. Мұндай «мамандардың» мәселесін заң жүзінде қайта қарау сұранып-ақ тұрғандай.

qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста