43 түрлі тағамға 30 мың теңге керек

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Күні кеше статистика агенттігі қазірде елдегі күн­көріс себеті 17 353 теңгені құрағанын, өт­кен жылдың мамыр айымен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 7,7 пайызға өскенін мәлім етті. Сол-ақ екен, нақ осы күнкөріс себетіне қа­тыс­ты мәселелер көкейін тесіп жүрген біраз қа­уым өзіндік пікірлерін айтып, «тиісті орындар бұ­қараның қамын ойласа, күнкөріс се­­бетін қай­та қарау қажет» десті.  Жалпы, күн­кө­ріс себетіне қатысты еліміздің Тағамтану академиясының мамандары тұтыну себетіндегі азық-түлік түрлерін 15-тен 43-ке дейін көтеру қажеттігін баса айтуда. Бұған қоса қайсыбір сарап­шы­ларымыз да «күнкөріс себетін қайта қарап, оның ішіне коммуналдық төлемдер, телефон қыз­ме­ті, дәрігерлік көмек, киім-ке­шек шығыны, қо­ғам­дық көліктерге кететін шы­ғын тағы басқа әлеу­мет­тің қажетін өтеуі тиіс қызметтер енгізілуі тиіс» деп отыр. Ендеше, сараптап көрелік...

43 түрлі тағам жеу де – бір арман
Бағамдасақ, мамандардың «күн­кө­ріс себетіне 43 түрлі тағам енгізу керек» деп тақымдауында өзіндік астар бар. Мысалы, біздегі күнкөріс себе­тінің 60 пайызы азық-түлік өнімдері болса, қалған 40 па­йызы – халыққа қажетті тұрмыстық күн­де­лікті тұ­ты­ну тауарлары. Бұдан шығатын қо­ры­тын­ды: күн­көріс себеті 17 353 теңгеге есептелсе, ха­лық со­ның 11 мың теңгесін азық-түлікке жұм­­­сайды, ал қал­ған 6 мың теңгесіне кіржуғыш зат­тарын және де тұр­мысқа қа­жетті дүниесін тү­гендейді. Мұны  ескерген ма­ман­дар «ай сайын 11 мың теңгенің кө­лемінде ғана та­мақ­танып са­лауатты өмір сүру мүм­кін емес, сон­дық­тан қа­ра­пайым халықтың жа­йын ойласақ, күн­көріс се­бетін тез арада қайта қараған жөн» дейді.
Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ, сарапшы-маман:
– Біздің халыққа 43 түрлі тағам жеу қазір арман болып тұр. Өрке­ниетті елдердегі тәрізді бізде әр отбасы толыққанды тамақтану жүйесін қалып­тастыра алды десек, біз қатты қателе­семіз. Себебі біздің елде тапқан табысы мен күнкөріс деңгейі қабыспайтындар­дың қарасы көбейген. Мысалы, 17 мың теңгеге қалай жан бағуға болады? Бір айға азық-түлік ең жоқ дегенде 50-60 мың теңгеге шығатынын біз білеміз. Халықтың ең көп тұтынатын тауары: нан, сүт, еттің бағасы күн сайын өсім беруде. Болашақта халық тұтынатын тауар бағасының төмен түсетініне еш­кім кепілдік бере алмайды. Керісінше, баға әлі де өседі. Осыны ескеретін бол­сақ, бізге күнкөріс себетін қайта қарау керек. Себебі қазір біз әлеуметтік аз қам­тылған топқа салмақ түсіріп отыр­мыз. Сол әлеуметтік аз қамтылған топ­тың қолында тіпті 17 мың теңгені де таба алмай жұмыссыз жүргендері де бар. Күнкөріс деңгейі елдің орташа жалақысына қарап есептелетіндіктен, бізге нақ қазір орташа жалақы көлемін 120-150 мың теңгенің көлеміне дейін өсіріп, күнкөріс себетін 30 мың теңгенің айналасында қайта жіктеу қажет. Сон­да орташа шаруаға азық-түлігін түген­деу жеңіл болады. Ал әлеуметтік аз қам­тылған, мемлекеттен әлеуметтік көмек алатындарға қатысты айтарым, олардың да мемлекеттік төлемдеріне үстеме косылуы керек. Сонда ғана ха­лықтың күнкөрісі жеңілдеп, иығындағы жүк түседі.

Әкімдер қызықты механизмдер ұсынуы керек
Абзалында, күнкөріс себетін сөз ет­кен­де қазіргі баға жыл өткен сайын жылдам­дығын асырып отырғанын тілге тиек еткен мамандарымыз болашақта бұл ретте жергілікті әкімдер арнайы шаралар ұсынса дейді. Мәселен, тауар бағасының анағұр­лым шарықтап кетпеуі үшін жергі­лікті жер­лерде тауар бағасы арзандатылған жәр­мең­келер жиі өткізілуі керек. Әкімдер жер­гілікті кәсіпкерлерге тауар бағаларын өсірмеуі үшін қызықты механизмдер ұсыну­лары керек. Бұған қатысты мамандар «әкімдер тауар өндірушілерге тауарыңның бағасын сәл арзандатсаң, жергілікті бюд­жетке салық төлеуде сәл жеңілдіктер болады деген тәрізді қызықты ұсыныстар айтулары керек» деседі.
Айдар АХМЕТБЕКОВ, заңгер:
– Қазір қаншама жылдан бері коммуналдық төлемдер бағасы өсім беруде. Зейнеткерлерге тіптен қиын. Біздің қоғамда 20 мың теңгеге жетер-жетпес зейнетақы алатын зейнеткерлер де баршылық. Олардың қайсыбірі осы қаражатқа ас-ауқат ала ма, болмаса дәрі-дәрмегін ала ма, шарықтап кеткен коммуналдық төлемді төлей ме, бол­ма­са басқа қажетін өтей ме? Айталық, алысқа бармай-ақ көрші Ресейді мы­сал етсек, Ресейде күнкөріс қоржынына телефон қызметі (тіпті ұялы телефонға бірлік салуға кететін қаржы мөлшері), коммуналдық төлем мөлшері, дәрі-дәрмек, киім-кешек шығыны – барлы­ғы қарастырылған. Негізінде, тұтыну себеті жайлы сөз еткенде елдегі тауар бағасын да бағамдау керек. Мысалы, бізде бір лимонның бағасы – 100 тең­ге, ал Қытай елінде тура сол лимон біз­дің теңгеге шаққанда 15-ақ теңге тұра­ды. Тауарлары арзан болғанымен, Қы­тай­дың күнкөріс себетіне енетін тауар­лар түрі біздің елмен салыстырғанда төрт есе көп. Оларда күнкөріс себетіне енетін қызмет түрі 45-тен асады. Ал бізде бұл қызмет түрі санаулы ғана. Сондықтан біз үшін күнкөріс себеті тізі­мін қайта қарап, ондағы қызмет түр­ле­рін көбейткен жөн. Бұған қоса азық-тү­лік тізімінің де ұлғайып, соған орай ха­лық­қа жалақы да төленуі керек. Шын­дығында, біздегі күнкөріс себетіне ай сайын 100-200 теңге көлемінде қаржы қосылып отырады. Бірақ қашан­ғы халықты емексітеміз?!

Сауда-саттықтың 50 пайызын мемлекеттік ету керек
Бұдан соң тұтыну себетіне қатысты маман­дардың тағы бір айтары, елде сауда-саттық саласында мемлекеттік дү­кен­дер ашуды қолға алған жөн. «Мұндай мемлекеттік сауда нүктелерін ашу, халық­тық дүкендер желісін құру – инфляцияны тежеудің алғышарттарының бірі. Егер әр қалада кемінде бес-алты ірі көлемде мем­лекеттік сауда нүктелері ашылып, сол сау­да нүктелеріндегі баға мөлшері қатаң бақылауға алынатын болса, халықтың қал­тасындағы қаржысы үнемді жұмса­латын болады» деседі мамандар. Бұған қоса сарапшыларымыздың пайымдауын­ша, күнкөріс себетін өсіру үшін елдегі ке­дей­шілік мәселесін де жіті бақылап, тал­дап таразылауға алған жөн екенін алға тартуда. Жалған статистика беріп, кедей­шілік мәселесін азайтып көрсеткеннен күрделі мәселелер шешілмейді.
«Жалпы, мәселенің арғы төркініне үңіл­сек, тығырықтан шығаратын мынадай тетіктер бар: ол үшін, біріншіден, елде дайын өнім өңдеу саласына жан бітіруміз керек. Бұдан соң кезіндегідей халықты азық-түлік өнімдерімен және тұтыну та­уар­ларымен қамтамасыз ететін мемлекет­тік дүкендер болуы тиіс. Міне, осы алғы­шарттарды сауатты орындауға кіріскен кез­де халықтың күнкөріс қамы да жеңіл­дейді. Елде делдалдарсыз отандық тауар­лар саудаға шығарыла бастайды. Бастысы – күнкөріс себетіне енетін тауарлар бағасы арзандайды. Бұдан соң халықтың да тұр­мысы жеңілдей бастайды» дейді ма­мандар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста