Бүгін – домбыра күні. Мереке, жыл сайын аталып өтеді. Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мақсатында шілденің бірінші жексенбісі мереке болып белгіленді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Тиісті жарлыққа 2018 жылдың 13 маусымында қол қойылған.
Жалпы домбыра қазақ үшін жай аспап емес. Қос ішекті аспап арқылы ата-бабамыз талай тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Сондықтан бұл мерекенің маңызы зор.