15 жастағы оқушы қыздардың арасында пәк қыз жоқ па?

 Қазақстандықтардың 64 пайызы жыныстық қатынасқа алғаш рет мектеп жасында түседі-міс. Мұндай нәтижені Қазақстандағы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қоры (ЮНФПА) жүргізген зерттеу нәтижесінде анықтаған.

Кеше еліміздегі бірқатар ақпарат құралдары осы бір "қаралы" хабарды сүйінші сұрағандай етіп желеулетіп, таратып жатты. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жарасады? Мұндай "жаға ұстатарлық" жаңалық неге тарап жатыр? Мұнымен шетелдік зерттеу орталығы не айтпақ? Оны ойлаған бір адам жоқ. Сырткөз айтты, бітті... Осылайша "қазақ қызының абыройы төгіліп жатқанын" оп-оңай растай салдық.

64,6 пайыз деген не көрсеткіш?. Яғни, Қазақстанда пәк, таза, абыройлы қыз жоқ дегеннің кері ғой. Алдымен, "қаралы хабардың" бір үзігін оқып алыңызшы.

Жастардың 13,6 пайызы алғашқы сексуалдық тәжірибеден 15 жасқа дейін, 50 пайызы 18 жасқа дейін өтеді. Жасөспірімдердің негізгі бөлігі тәуекелге бара отырып, жыныстық қатынасқа сақтанбай түседі. Мектеп жасындағылардың 40 пайызының екі немесе одан да көп жыныстық серіктесі бар", - дейді.

Осыны оқып отырған әрқайсымыз қыз өсіріп отырмыз. Сонда мына санақтың ішінде Сіздің қызыңыз жоқ па? Бар екен делік, демек сол қызыңыздың екі немесе одан да көп жыныстық серіктесі болғаны ғой. Мұны мойындайсыз ба? Мойындамасаңыз неліктен үнсіз отырсыз...

2010 жылы 15-19 жас аралығындағы 1000 қыздың ішінде жүкті болғандардың саны 28,3 болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 34,7-ге жеткен.

Егер де дәл осындай дерек нақты болса, біздің Білім мен Денсаулық сақтау министрлері не қарап отырған. Ата-аналар ше?

ЮНФПА осы мәселені шешу бойынша бірнеше кеңес берді. Сол кеңесті оқып отырып, мен мәселенің тым тереңдеп кетпегенін байқадым. Мысалы "зерттеушілер": "әйелдерге сексуалдық және репродуктивті денсаулықты қорғауға мүмкіндік беріп, жасөспірім қыздардың осы жөнінде білімді болуына жағдай жасау керек" дейді.

Олар осы мәселені шешу мақсатында Шығыс Қазақстан облысында қолға алынған жобаны мысалға алған. Облыста валеология негізінде сексуалдық және репродуктивті денсаулық сақтау курсы ашылған. Ол жобаның нәтиже беріп жатқанын мәлімдеді. ЮНФПА мәліметінше, бұл жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға көмектесетін негізгі әдіс екен-міс.

Міне, әңгіме қайда жатыр? ЮНФПА өтірік ақпаратты (осылай демеске лаж жоқ) тарату арқылы мектепке тұмсық тығуды көздеп отырғанға ұқсайды. Әйтпесе, бар әңгіменің аяғын: "Еліміздің барлық колледждерінде валеология курстарына репродуктивті денсаулықты сақтаудың күшейтілген құрамын енгізуді ұсынамыз", - деп аяқтамаса керек-ті...

Қош! Сонда дейміз-ау, қазақ қыздарына жыныстық қатынасты үйрететін жобасын өткізу үшін бүкіл қазақ қызының абыройын төгіп, арын таразыға салып жіберу құқығын оларға кім беріп отыр? Түсініксіз! Десек те, бұл үлкен топтардың қолға алып отырған шаруасы секілді. БҰҰ-ның атын бетперде етіп сөйлеуінен-ақ осыны аңғаруға болады. Шығыс Қазақстанда ашылған бір ғана курс нәтиже бергенін немен дәлелдейді екен, олар...

Ең қиыны сол, "мектеп жасындағы қызың төсекте тояттап жүр" дегенге намыстанбайтын ел болып бара жатқан сияқтымыз. Әйтпесе, арың мен жаның сынға түсіп жатқанда үнсіз қалмасақ керек-ті...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста