Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні.
Алапат өртте қайтыс болған Семей орманы резерватының 14 қызметкерін еске алу мақсатында кеше Президенттің арнайы Жарлығы шықты.
Айта кетейік, бұл – ел тарихындағы 12-ші аза тұту күні. Былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адамның қаза болуына байланысты 10 қаңтарда қаралы күн жарияланған еді.
Аза тұту күнінде елдің барлық аймағында Мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ойын-сауық хабарлары тоқтатылады.