107 жастағы тыл ардагері баспанасыз отыр

107 жастағы тыл ардагері баспанасыз отыр

Бұл билік баспана сұрап, бүгін-ертен келместің кемесін күтіп отырған 107-дегі ақсақалдың алғысын, я қарғысын ала ма? Таңдау өзінде.Қарттың шашының ағын болмаса да, 107-ге келген жасын сыйламайтын бұл безбүйректік пе? Әлде бюрократтық па? Кім білген?! Бір білеріміз - жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған елдің қария қадірін түсінер ер-азаматтары азайып кеткенге ұқсайды. Олай демеске шара жоқ. Бірнеше жылдан бері билік атаулының есігін қақты. Табалдырығын тоздырды. Сонда ең құрығанда, қалқиған төрт қабырғаны иелене алмай жүрген тыл ардагері, ІІ топтағы мүгедек, 107 жастағы Әлдубай Тәттімбетов ақсақал Қарағанды облысы Шет ауданы, Кеншоқы ауылында тұрады. Денсаулығы мәз емес. Сондықтан аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылынан баспана сұрап отыр. Көп жылдың жүзі болды. Бірақ өтініші өксікке айналып барады. Аудан орталығынан баспананы бұйыртпай-ақ қойды.
Ұлы Отан соғысы кезінде майданнан броньмен қалдырылып, паравоз машинисінің көмекшісі болған. Тыл ардагері. ІІ топтағы мүгедек. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер қатарында жергілікті билік жоқ дегенімен, заң басқаша айтады. (ҚР-ның 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңының 9-бабы, 3-тармағын қараңыз). Солай бола тұра, сол ауданның басшылары ардагерді зар илетіп, үй беруге асығар емес.
Құзырлы орындарға жазған өтінішінде ақсақал: «...Талай ауыртпалық қиындықты ашаршылықты, азамат соғысын, Ұлы Отан соғысын көрдім. Осы қиындықтарды жастық шағымда өткергендіктен бе екен, осы күні балам-келінім, немерелеріммен үйсіз-күйсіз жүргенім бұрынғыдан да ауыр тиіп қиналып жүрмін...
Ұлы Отан соғысы жылдары әскерден броньмен қалдырылып, қазақ темір жолында паравоздың от жағушысы, машинист көмекшісі болып жұмыс істедім. Москваға 3 рет, Ленинградқа 1 рет, Совет әскеріне азық-түлік, киім-кешек апарған машинистердің бірі едім... «Быламық ішейін деген асым ба еді, жүз көрейін деген жасым ба еді?» дегендей, менің енді екі жүз жасамайтыным анық қой...»
деп күйінеді. Бұл күні ақсақал төсек тартып жатып қалған.
Әлдубай ақсақалға күтім жасап отырған келіні Әсемгүл Қыздарбекованың айтуынша, басшылардың айтар уәждері – ақсақал Ұлы Отан соғысына теңестірілгендер қатарында жоқ. Сондықтан кезексіз «өлдім» десе, үй берілмейді. Ардагердің аудан басында үйі болған. (Толқымалы тоқсаныншы жылдары ардагер бәйбішесі қайтқан уақытта ол үйді сатып жіберіп, Кеншоқы ауылында электриктер пунктінде тұратын ұлы - Мараттың қолына келген). Енді сол сатқан үйінің ақшасына өзі үй сатып алсын. Бюджеттің сатып әперетін, беретін далада жатқан үйі жоқ. Сондықтан кезекте тұрып, кезегі келгенде алады үйді-міс. Ал ардагер кезекте – 100 бірддеңесінші боп тұр. Я күліңіз, я жылаңыз. Шыны - сол. Әкімдік, сірә, ардагердің өзі айтқандай, қарияны «200 жыл жасайды» деп ойлап отырса керек.Ақсақалды сайтанмен шатастырып алған ғой шамасы. Әсемгүл Қыздарбекова жергілікті билік жауап ретінде хат жазудан әрі аспайтынын айтады. Ол хаттарда баяғы «әләулай». «Кезекте тұр пәленбайыншы боп, Пәлен-пәштуан, кезегіңіз келгенде аласыз» деген ыңғайдағы сыңаржақ әңгіме. Бұған дейін аудан орталығында жаңадан бірнеше үй салынып, жалға берілгені мәлім. «Содан неге берілмеді? деген заңды сауал шығады. Соны айтамыз-ау... Сөйтіп, бір байламға келе алмаған баяғының ғашықтары секілді екі жақтың бір-біріне хат жазысқалы бірнеше жыл. Ұят та болса, айтайық. Ардагерге келген хаттар сықиған бір «папкі». Бетін тіліп жіберсе, қан шықпайтын сазарған қоғамдағы сазбеттіктің бірі - осы емей, немене? Бұлай деуге хақымыз бар. Заңды тұрғыда. Биліктегілер заңды белден басып, беломыртқасын бытырлатып сындырып отырса да, заңды сыйлайтын азамат ретінде өз басымыз заңға жүгініп көрелік...
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 ҚР Заңы және «Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында оған кімдердің жататындығы туралы соқырға таяқ ұстатқандай етіп жазылған.
«...9-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары деп мыналар танылады:
...3. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар...» (Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңы).
Құдайға шүкір, бұл жағынан келгенде ардагердің марапаттары жыртылып артылады. Атап айтайық. Мұны бір деп, бас бармағыңызды бүгіп қойыңыз. Тағы заң-зәкүнге үңілейік. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте және кезектен тыс тұрғын үй беруге келейік. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 ҚР Заңының 118-бабы:
«118-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте және кезектен тыс тұрғын үй беру
1. Осы Заң күшіне енгенге дейін есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте тұрғын үй:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және белгіленген тәртіппен соларға теңестірілген адамдардың отбасыларына;
4) І және ІІ топтағы мүгедектерге (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда).... беріледі».
Мұны екі деңіз. Ардагердің тылдағы еңбегі үшін берілген медальдарына келсек, теңестіріліп те тұр. Оның үстіне ІІ топтағы мүгедек деген дәрігердің қағазы тағы бар. Өзге себептерін айтпағанда бұлар заң сыйлайтын сауатты адамға темірқазық емес пе? Немесе ол заңдар базбіреулердің тақиясына тар ма?
Өмірінің көбі кетіп, азы қалған ардагердің арызына құлақ асып, аудан орталығынан бір баспана берсе, аудандық бюджет кедейленіп қалмас еді. Әйткенмен, беймәлім принцип бұған жар бермей тұрған секілді. Шылқыған қазба байлығымыз бар деп, кеуде ұрғанымызды қайтейік. Шүйкедей ғана бір шалға баспана бере алмаймыз. Сын ба? Сын! Жердің жыртығы болса, жүрегінде оты барларды тірідей жерлейтін сын.Естіген елден, көрген көзден ұят-ты. Тек ұялмай отырған ауданның жергілікті билігі секілді.
«Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кіреді» екен. Демек, тоқпағы кемшін секілді. Олай болса, бұл жазғанымыз ардагердің арызына құлақ аспай жүргендерге темірдей тоқпақ болсын дейік...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста