Халықтың орташа табысымен салыстырғанда біздің елде тұрғын үй бағасы әлдеқайда жоғары. Өйткені, нарықтағы сұраныс жоғары. Сондықтан құрылыс компаниялары тұрғын үйді өзіндік құнынан әлдеқайда қымбатқа бағалайды. Салыстырмалы түрде қарағанда Алматы қаласында үй бағасы Орта Азия елдерінің бас қалаларындағы үй бағасынан екі есе қымбат. Ал Астана қаласындағы бір бөлмелі пәтер бағасына Еуропаның көптеген елдерін кең және жайлы баспана сатып алуға болады.
Мысалы, Астана қаласының Есіл ауданында ( «Лазурный квартал» ТК) бір бөлмелі пәтердің бағасы 100 мың доллар тұрады. Ал оған Еуропа елдерінен қандай баспана алуға болады?
Бұл Астанадағы бір бөлмелі пәтер (krisha.kz)
Бірлескен ас бөлме мен қонақ бөлме
Жуыну бөлмесі
Ал 100 мың долларға еуропа елдерінен қандай баспана алуға болады?
Салыстырып көрелік.
Болгария
Болгарияның Күншуақ Жағалауында аумағы 114,5 шаршы метр болатын, жиһазбен толықтай жабдықталған 3 бөлмелі пәтер бағасы 102 065 доллар. Теңіздің жағасы. Жағажай. Ауа температурасы жазда 25-28 градус, ал су – 22-24 градус.
Испания
Ал Испанияда дәл сондай бағаға тұрғын үй кешенінен өзінің жеке ауласы бар, екі жатын бөлме мен қонақ бөлмеден тұратын үй сатып алуға болады. Үйдің алдында ересектер мен балаларға арналған бассейн орналасқан. Үй толықтай жиһаздалған. www.ispaninvest.com/costa-blanca/429-novoe-bungalo-s-dvumya-spalnyami.html
Черногория
Адриат теңізінің жағалауында орын тепкен Бар қаласында үш бөлмелі пәтердің бағасы 97 722 доллар.
www.cg-allproperty.ru/ru/katalog/kvartiryi/kvartiryi/1183.html
Германия
Астанадағы бір бөлмелі пәтер бағасына Германияның кез келген ірі қаласынан пәтер сатып ала аласыз. Тіпті Herne саксондық қалашығы орталығынан жалпы аумағы 413 шаршы метр болатын бірнеше пәтерден тұратын үш қабатты тұрғын үй сатып алуға болады екен. demgroup.ru/object_catalog/dohodnye-doma/1071/
Латвия
Ал Ригада тұрмыстық техникамен жабдықталған, жалпы көлемі 82 шаршы метр болатын үш бөлмелі жаңа тұрғызылған пәтер құны 95 333 доллар. prian.ru/price/462618.html
Греция
Астанадағы бір бөлмелі пәтеріңізді сатсаңыз, Грецияның Неа Перамос курортты аумағынан жалпы көлемі 110 шаршы метр, жеке жағажайы бар, терезесі теңізге қараған үш қабатты үй сатып алуыңызға болады. www.homesoverseas.ru/objects/468683
Кипр
Егер қалтаңызда 100 мың доллар болса, бұл елде терезесі тау мен теңізге қараған, жалпы аумағы 107 шаршы метр болатын үш бөлмелі вилла сатып алу мүкіндігіне ие боласыз.
Мақала yvision.kz сайтынан аударылған.
P.S. Еуропа елдерінде жұмысшылардың жалақысы да жоғары. Үйлердің сапасы да талапқа сай. Демек бізге қарағанда шығын көп болуы тиіс. Тиісінше, баспана бағасы да қымбат болуы керек. Алайда, оларда үй бағасы бізден әлдеқайда арзан. Ал біздің елде баспана бағасы неге қымбат? Мамандар оны құрылыс материалдарының қымбаттығымен түсіндіреді (сапасы сай болмаса да). «Сонда еуропа елдерінде құрылыс материалдары тегін бе екен?» деген ой келеді.