Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы қаңтар оқиғасынан басталды: «Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді».

Президент бұл қайғылы оқиғаның себеп-салдарының бірі уақтылы қабылданып, қолға алынбаған саяси іс-шаралар екенін баса айтты. Біз қазір жаңа уақытты бастан кешіріп жатырмыз. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа қажетті реформаларды тарату өзінің басты міндеті екенін айтып, әрі қарай мемлекетті дамыту, ауқымды-экономикалық өзгерістер жасау үшін саяси жаңғырудың мән-маңызы туралы сөз қозғады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы ерекше маңызы бар нақты бастамаларды атап өтті: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына ауқымды Ұлттық құрылтай құру; Президент туыстарының басшылық қызметтер атқаруына тыйым салу; мемлекетте Конституциялық сот құрылуы; сайлау рәсімдерін жетілдіру; бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетті және еркін болуын қамтамасыз ету;  электронды сайлау технологияларын енгізу т.б. «Бұл жолдауды іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізу қажет», –  деп тұжырымдады Президент.

Жолдауда көтерілген тағы бір мәселе – ел тарихы үшін маңызы зор жаңа облыстардың құрылуы. Яғни Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысының, Семей аймағында Абай облысының құрылуы, Алматы облысын екі облысқа бөлу – Жетісу және Алматы облысы ретінде, сондай-ақ Қапшағайға Қонаев есімін беру ұсынысы. Әрине, аталған мәселелердің көптің көңілінен орын алғаны рас. Себебі қазіргі кезеңде аталған өңірлердің жағдайы төмен. Ал оны дамыту үшін жаңаша леп керек.

Президент: «Ұлан-ғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз», – деп түйіндеді. Жалпы, Мемлекет басшысының жолдауындағы «Азаматтардың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын» деген сөздері болашаққа зор үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялататыны сөзсіз.

 

Қарлығаш Айдарбек,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Түркітану және тіл теориясы

кафедрасының доценті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста