ТӘУЕЛСІЗДІК - МӘҢГІЛІК ЕЛ ТҰҒЫРЫ

Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған игі шаралар жалғасуда.

 

Бұл жолы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Тәуелсіздік - мәңгілік ел тұғыры» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды.

 

Аталған ғылыми басқосуда еліміздің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері мен даму жолдары айшықталды.

 

Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың өнер саласының жаңғыруына қосқан сүбелі істері сараланды.

 

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/fSfL0-D0ejk" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

Аталған жиында алдымен еліміздің Тәуелсіздік алу жолындағы жеткен жетістіктері айтылды. Сондай-ақ 30 жылдық тарихы бар Қазақстанның алдағы уақыттағы келешегі де талқыланды. Бүгінгі шараның мақсаты- тәуелсіздіктің бәрінен де қымбат екенін жас ұрпаққа дәріптеу.  Басқосуға жиналған қауым «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел тұғыры» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастырушыларына шын жүректен табыс тілеп, жоспарланған шаралардың сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.

 

Ханкелді Әбжанов - тарихшы

 

Ұлт үшін ұлы есімдерді ардақтау – перзенттік парызымыз. Биылғы жыл қазақ мәдениетін жаңғыртуға үлкен үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, тарихшы, академик Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына да  90 жыл толып отыр. Бұл мерейтойдың Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен  тұспа-тұс келуі және дәл бүгінгі күні бұл қос мерекенің біздің қарашаңырақта  атап өтілуінің ерекше мәні бар,- дейді Гүлжан Сүгірбаева.

 

ГүлжанСүгірбаева - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректор

 

Айтып өтейік, мән-мағынаға толы келелі жиынға алыс-жақын шетелдерден келген белгілі ғалымдар, қала басшылығы мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Ал, басқосуға қатыса алмағандар іс-шараның барысын әлеуметтік желі  арқылы тамашалады. Келген қонақтарға керемет әсер қалдырып, ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

 

 

 

shymkenttv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста