АЛҒАШ РЕТ «SHYMKENT MOBILOGRAPHY FEST» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

АЛҒАШ РЕТ «SHYMKENT MOBILOGRAPHY FEST» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Шымкентте алғаш рет республикалық деңгейде «Shymkent mobilography fest»фестивалі өтті. Қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мұрындық болған шара елімізде бірінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Фестивальда Қазақстанның 17 өңірінен қатысушылар бақтарын сынауда.

 

Техниканың дамыған заманында бір ғана телефонның көмегімен түрлі мүмкіндіктерге ие болуға болады. Оған дәлел бүгінгі қоғамда мобилография саласының дамуы. Қазақстанға келгеніне көп болмаған салаға қызығушы жастар қатары басым қазір. Осыны ескерген Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы елімізде алғаш рет республикалық деңгейде  «Shymkent mobilography fest» фестивалін ұйымдастырды.

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/uBDAVG8-gMo" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

Азамат Нұрымбетов – Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бас маманы

 

Екі күнге созылған шараға жалпы саны 900-ге жуық адам өтінім білдірген. Қатысушылардың басым бөлігі Шымкент және Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан т.б қалалардан келген. Олар сайыстың алғашқы күнінде алдын-ала берілген «Welcome to Shymkent» тақырыбы аясында қала туралы имидждік және креативті жарнамалық бейнероликтер түсірді.

 

Мақсұт Исахов – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

 

Шара аясында өткен пленарлық кездесуге Өркен Кенжебек, Сырымбек Тау, Ақбота Ануарбек, Әділет Рахметолла сынды бірнеше мадиа саласы мен түрлі бағытта өз бастамаларын дамытып жүрген әлеуметтік желі белсенділері қатысып, креативті индустрия мен мобилографияның туризм саласындағы рөліне ерекше тоқталып өтті. Олардың айтуынша, байқауға 800-ден астам өтінім, 520 видеоролик келіп түскен. Қазақстанда дәл осы саланың негізін қалаған Қыран Талапбек мұндай фестивальдардың жастар үшін маңызы жоғары, - дейді.

 

Қыран Талапбек – мобилограф

 

Айта кетейік, шара екі  күнге созылды. Нәтижесінде, Шымкент қаласы туралы сапалы бейнероликтер әзірленіп, ол бейнематериалдар алдағы уақытта Шымкент қаласы туралы жарнаманы жандандырып, туристерді тарту мақсатында жарияланып отырмақ. Ал, жобада қазылар шешімімен ең үздік деп танылған видеоролик авторына соңғы үлгідегі бренд смартфон, өзге де жеңімпаздарға әртүрлі сый-сыяпаттар қарастырылған.

 

 

 

shymkenttv.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста