ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында бүгін  №104, №60  және №75 автобус бағыттары іске қосылды. Бұл жоспарлы кешенді схемасына сәйкес және қала халқының сұранысы бойынша жүзеге асырылып отыр,- деп хабарлады қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир барысында.

 

Қала тұрғындары тарапынан көп көтерілетін сауалдардың бірі қоғамдық көлік мәселесі екенін айтқан сала жетекшісі тұрғындар сұранысы бойынша жыл басынан бері 15 маршрут жаңадан қосылып, 30-ға жуық автобустың бағытына өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

 

 

Эфир барысында Ержан Жолдасов бүгін жұмысы ұйымдастырылған 3 автобустың жүрі бағыттарына тоқталып өтті.

 

Оның айтуынша, №104 бағыт «Қайтпас-1 ш/а - Оңтүстік ш/а» аралығына дейін қатынайтын болады. Онда қызмет көрсететін автобус саны 8, демалыс күндері 6 автобус. Аралық интервалы 18 мин, демалыс күндері -24 минутты құрайды. Ал, №60 бағыт Қазғұрт шағын ауданынан Темір жол вокзалы аялдамасына дейін келеді. Автобустардың қатынау аралығы 15 минут.

 

Іске қосылған үшінші бағыт №75. Бұл Тұран шағын ауданынан 11-ші шағын ауданындағы аялдамасына дейін келеді. Аталмыш маршрут бойынша автобус саны 6, демалыс күндері 4. Аралық интервалы 20-25 минутты құрайды.

 

 

Сонымен қатар, бүгін №9, 21, 56, 68 бағыттардың қозғалыс сызбасы қайта ұйымдастырылды. Атап айтқанда Шымсити шағынауданына қызмет көрсететін №9 бағыт «Автонұр» базарынан ОҚМУ аралығына дейін ұзартылды. Құрсай ш/а қатынайтын №21 маршрут «Рахима» плаза аялдамасынан «Қажымұқан» стадионына дейін қысқарды. Нұртас ш/а қызмет көрсететін 56 маршрут «Қырғы» базарына дейін созылса, Күншығыс шағын ауданының Пазиков  көшесінен қатынайтын №68 маршрут қазіргі уақытта Б.Момышұлы және Түркістан көшесіне түспей, Тәуке хан даңғылымен Бейбітшілік көшесі арқылы Темірлан тас жолына түседі.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста