Тылсым қасиет. Бұл сөзді әркім әрқалай қабылдайды және әркім өзінше елестетеді. Кейбіреулер мұндайға мүлде сенбесе, кей адам тылсым қасиеттің тұрақты ем алушысы. Қазіргі заманда түрлі экстрасенс, емші атын жамылып, ақша табуды мақсат еткен алаяқтардың көбейіп кеткені де мәлім. Мұның өзі бойларында шын қасиеті бар нағыз емшілердің қызметіне үлкен залалын тигізеді. Бірақ біздің айтпақ адам мүлде басқа. Ол құрметті халық емшісі атанған тылсым күш иесі, өзі де, өмірі де ерекше адам.
 
Қасиетті Құран сүрелері, қамшы мен асатаяқтың қайталанбас ерекше үні, алақанының айрықша жылуы мен шипалы шөптерінің пайдасы адамдардың дертіне дауа болатынын ол да басқа кейіпкерлер сияқты білген емес. Емші боламын деп ойламағанын да айтады. Ал өзі бұл сынақ пен қасиетті қалай қабылдады екен? Төлеген Қалиұлы (суретте) былай дейді:
 
Ол қалай емші болды?
 
«Мен Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы, Бексейіт ауылында кіндік қаным тамып, сол жерде өстім. Осыдан он екі жыл бұрын Петропавл қаласында жеке меншік үй салумен айналысып, жеке кәсібімді дөңгелетіп жүрген жан едім. Осындай қарапайым күндердің бірінде 3-ші қалалық емхананың жанында кенеттен өзімді жайсыз сезініп, есімді жоғалтып алдым. Есімді жисам, сол ауруханаға түскен екенмін. Дәрігерлер қанша тырысса да нақты диагноз қоя алмады. Түрлі ем жасап, түрлі дәрілер береді. Бірақ денсаулығым сол қалпы болады. Өзгеріс жоқ. Бұл бір түсініксіз жағдай еді.
 
Cол ауруханада жатып бойымда өзгеше бір сезім пайда болды. Мен солай емшілік қасиетке ие болдым. Әрине, бәрін бірден түсініп, ауруханадан шыға сала адам емдеп кеткен жоқпын. Жұмбақ та тылсым жағдайда адастырмас жолға түсірген ұстазым бар. Менің ұстазым, тәлімгерім, жетекшім Алматыдағы елге белгілі, мақтаулы Арал аға. Ол маған көп қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесін айтып, өмірімді түбегейлі өзгертті десем артық емес. Мен осылай Құран сүре­лерін жаттап, алақанмен (биоток) ем жүргізе бастадым.
 
Әлі есімде, ең алғаш емге келген әйел ұзақ жылдар бойы бала көтере алмай жүрген екен. Жеті күн ем алған. Алла-тағала шипасын менен еткен екен, ана бақытына ие болды. Қазіргі күні үш баланың анасы.
 
Менің емшілік жолға бет бұрғаныма 12 жыл толыпты. Осы уақыт ішінде көптеген адамның өмірін сақтап, екінші дем сыйладым. Қаншама адамның маған келгендегі үмітін ақтап, қолымнан келгенше ем жасап, дертіне шипа беру­демін. Заңды құжатым бар. Кәсіби шеберлікті шыңдау бойынша дәрістерге қатысып, тәжірибе алмасу сабақтарына қатысып тұрамын. Мәселен, 2017 жылы «Қасиет» халық емшілерінің мекемесі білімді жоғарылату сабақтарын ұйымдас­тырды. Тәлімгерім Амангелді Еңсебай­ұлының қолдауымен соған қатысып, ха­лық және рухани медицина тарихы, адам анатомиясы және физиологиясы, сүйекпен емдеу, биоөріс терапиясы, парапсихология, космоэнергетика, өсімдіктер терапиясы, жан-жануарлардан алған емдік заттар, өзін өзі реттеу техникасы, дұғалардың емдік қасиеттері бағдарламасы бойынша арнайы курстан өтіп келдім. Өткен жылдың қараша айында Мысыр қаласында өткен «Народная медицина в Египте» конгресінің «Сохраняя прошлое, создаем будущее» конференциясына қатыстым. Ол жақта қазақ халық медицинасының мықтылығы мен мүм­кіндігін барынша көрсетуге тырыстым. Өзімнің де көңілге түйгенім, үйренгенім көп болды. Осылай әрдайым ізденіс үстінде жүремін. Себебі халық маған сеніп, үміт арқалап келеді. Сенімді сетінеткім келмейді.
 
Қамшы мен асатаяқтың күші
 
Бұл еңбегім үшін алған марапаттарым да бар. «Құрметті кәсіби халық емшісі» төсбелгісінің, Халықаралық «Экология» Академиясының академигі құжатының иегерімін. Одан басқа да алғыс хаттар мен марапаттар жетерлік. Бастысы &ndash халықтың алғысы!
 
Қазақта көне кезден бүгінге жеткен киелі жәдігерлер өте көп екені айтпаса да мәлім. Олардың барлығы да ата-бабаларымыздың көшпелі өмір салтынан сыр шертіп, дала құпиясын алдымызға тосып, таратып келе жатқан жәдігерлер. Ерліктің, ерен күштің, қайсарлықтың белгісі &ndash қамшы бұйымының қасиеті жайлы бүгінгі таңда бірі білсе, бірі біл­мейді. «Қамшы ұстағаннан жын-шайтандар қашады» деген де түсінік бар. Рас, қамшы оның қасиетін білетін емшілердің қаруы. Сол сияқты менің де қаруым мен қорғаным &ndash қамшы мен асатаяқ.
 
Асатаяқ тек музыкалық аспап емес, ол сонымен қатар қуаты мен күші мол ерекше емдік-ритуалдық құрал. Қасиеті сонау заманғы шамандардан бастау алған бақсы ойынының құралы. Асатаяқтың адамға пайдасы көп, оның дертке деген емдік қасиеттері бар. Сол себепті мен ата-бабаларымыздың заманынан адамға көп пайдасын тигізіп, бірнеше ғасыр бойында қалған жақсы энергетикасын жоғалтпай келе жатқан құралдар мен құнды жәдігерлер арқылы адам бо­йындағы ауруларды емдеп, айықтырудамын деп айтуға болады.
 
Мына бұрышта тұрған тақтың да тарихы бар. Бұл бір ғажайып оқиға: маған өзге ұлттың өкілі, он саусағынан өнер тамған, ағаштан неше түрлі жадігерлер жасайтын кісі келді. «Түсімде аян алдым. Мен сізге бүркіттің баласының басын салып асатаяқ, анасының басын салып тақ істеу керекпін», &ndash деп, қағазға суретін салып көрсеткенде өзім де таң қалдым. Көп кешікпей асатаяқты, араға екі жұма салып тақты әкеліп берді. Алланың құдіретіне шек жоқ деп осыны айтуға болады. Кейбір кездерде қатты шаршағанда осы таққа отырсам, өзімді жақсы сезініп, дем алып, керемет күш жинағандай боламын.
 
Түсіндіру қиын тылсым жай
 
Маған түрлі жастағы адамдар, балалар да келеді. Диагноздары мен проблемалары әр түрлі. Жүйкесі жұқарып, есін білмей келетіндері де болады. Әйелдер қауымы «ана бақытын сезінгім ке­леді» деп бедеулік деген ауыр диагнозбен жиі жылап келеді. Шүкір, талай адамның бұл көз жасы кейін қуаныш тамшыларна айналып жатады.
 
Кейде ем кезінде адам айтса нанғысыз жағдайлар болып жатады: дәрігер медицина ештеңе істей алмайды деп кері қайтарған адамдарға шипа Құраннан табылып жатады. Бойымдағы тылсым күштің ерекшелігі &ndash емханада ауыр халде, жансақтау бөлімінде жатқан нау­қастарды фото-суреттері арқылы емдей аламын. Яғни маған науқастың туыстары келіп фотосын береді, ал мен биоэнергетикалық қуат пен қамшы мен асатаяқ арқылы емдеуге кірісемін», &ndash дейді Төлеген Қалиұлы.
 
Емшінің сөзінің дәлелі ретінде біз мына бір хатты жариялай кетейік.
 
«Төлеген ағаны мен сонау 2010 жылдан бастап білемін. Басында оның емдей алатынына кейбір адамдар сияқты мен де күмәнмен қарадым. Бірақ күмән бірінші емнен кейін-ақ сейілді. Өйткені өзімді бірден жеңіл,тәуір сезіндім.
 
2015 жылы мен ауыр жол апатына түстім. 14 қабырғам мен бірнеше сүйектерім сынып, миым шайқалып, түр-әлпетім де бұзылып кетті. Екі апта бойы ессіз жатыппын. Комадағы «өлі күй» кезінде ағзадағы барлық органның жұмысы өзгеріске ұшыраған. Дәрігерлер туыс­тарыма жақсы хабар айта алмапты. Үміт толығымен сөне бастаған.
 
Бір күні мен сол ұйқыдан ояндым. Есімді жиғанда анамнан: «Төлеген аға қайда? Осы уақыт бойы менің қасымда отырып, маған қолдау көрсеткен абзал жан кім?» &ndash деген сұрақ қойғаным есімде. Анам мені есінен алжасты деп ойлапты.
 
Уақыт өте толық қалпыма келіп, са­уыққан соң анама әлгі ұйқы кезінде жаным жоғарыда бір әлемге қарай көте­рілгенін, яғни өзімнің қалықтап жүр­генімді және Төлеген ағаның мені емдеп жатқанын көргенімді айттым. Сонда анам мен жол апатынан ес жимай жат­қанда суретімді Төлеген ағаға апарғанын айтты. Ал ол мені 2 жұма бойы фото-суретім арқылы емдеп, маған күш берді. Мен оны ми қалың ұйқыда, жаным көкте қалықтап жүргенде кәдімгідей сезіндім. Көрдім.
 
Мен комадан ес жиятын кезде Төлеген аға анама қой сойып, етін мұқтаж жандарға таратуды тапсырыпты. Сол жағдайдан кейін мен ұйқыдан ояндым. Менің ұзақ ұйқыдан оянуым дәрігерлерді де таң қалдырды. Ал мен одан кейін де біраз уақыт емші ағадан ем аып, толық қалпыма келдім», &ndash деп жазады Әлия Сайранқызы.
 
Шөптен емдік май жасайды
 
Жоғарыда емші биоөріс, парапсихология, космоэнергетика дәрістерінен өткенін айтқан болатын. Хатта көрсе­тілген жай &ndash комада жатқан адамды қашықтан емдеуі, оны науқастың сезінуі Төлегеннің осы қасиеттерді жетік меңгер­генін білдіреді. Одан бөлек, бұл емші өсімдіктер терапиясы бойынша да шипа дарытып жүр.
 
«Емдік өсімдіктерден үш түрлі жақпамай дайындаймын. Біріншісі &ndash буын ауруларына арналған. Ол жеті түрлі шөптен жасалады. Буынның қақсауы, сыздауы, тартылуы сынды кез келген түрінде қолдануға болады. Нәтижесі жеті күнде сезіледі. Оған тапсырыс берушілер өте көп.
 
Екіншісі &ndash мидан бастап табанға дейінгі әрбір тамырдағы қанның айналымын жақсартады, бүкіл ағзаны сауықтырады. Ол 26 түрлі шөптен жасалады. 1 немесе 2 ай ішкен жақсы. Ағзаны токсиндерден тазартады.
 
Үшіншісі &ndash тоқ ішек жарақатын 100 пайыз кетіретін май. Үш күнде нәтиже береді. Геморройға керемет шипа. Тоқ ішек қабынуы, жарылуы, қанауы, жалпы осы ішектегі барлық проблеманың емі.
 
Мен емге қойған бағаны да өзім шешпеймін. Бұл тылсыммен шешілетін мәселе. Мысалы, ем бастаған алғашқы жылдары әркім өз атағанын беретін. 5 теңге ме, 100 теңге ме, қанша болса да емделушінің ризашылығына қанағат дедім. Ол кезде таңғы 5-тен түнгі 11-ге дейін демалыссыз ем жасайтынмын. Кейін 3 жылдан кейін тылсым рухани әлем ем бағасы 500 теңге деп белгілеуге рұқсат етті. Осыдан екі жыл бұрын 100 теңгемен жұмыс істеу керек деген ақпарат келді. Әр сеансқа. Дегенмен атағаным одан артық еді немесе ақшам жетпейді дегендерге қарсылығым жоқ. Оны әркімнің өз пейілі біледі. Қай істің де Алла берекесін берсін.
 
Ал емге келетін болсақ, кез келген адам 3 күнде нәтиже алады. Ал 3 күнде белгі болмаса, емі менен емес деген сөз. Онда емін дәрігерден, басқа жақтан іздеуді айтамын», &ndash дейді Төлеген Қалиұлы.
 
...Мен Төлеген Қалиұлымен ұзақ сөйлестім. Оның маған айтқаны бір төбе, айтпағаны мың төбе екенін сездім. Өйткені оның өмірі әлі де тылсыммен түйісіп жатқан жан. Мұның бәріне, әлбетте, сену қиын. Бірақ сенбеске лаж болмайтын ғажап оқиғалардың арасында жүрген емшілердің бірі &ndash осы Төлеген аға.
 
Өзім де отбасым мен туған-туыстарымыз ауыра қалсақ Толеген ағаға барамыз. Ондайда емшінің бұл айтылғандардан өзге де кереметтеріне куә боламыз. Біз отбасымызбен Төлеген емшіні тек шипагер ғана емес, керемет психолог, жол сілтейтін аға, сабырлы жан, қи­налған жанға жаны ашып тұратын жанашыр ретінде қабылдаймыз. Өткен жылдарға көз жүгіртіп қарасам, Төлеген ағаны 6 жылдан бері біледі екенмін. Ол қашанда қарапайым қалпынан айнымаған, дұрыс жол сілтейтін қамқоршымыз секілді болып кетті.
 
Міне, емшілер әлемі осындай ғажап! Осы уақыт ішінде адам қасиетті емес, қасиет адамды таңдайды деген ой-қорытынды шығардым. Төлеген ағаның бо­йындағы қасиетін адамның игілігі үшін жұмсап, осы жолда еңбек пен білімін төгіп жүргеніне көзім жетті.
 
Г. ҚАЖҒАЛИҚЫЗЫ.
Емші Төлеген Қалиұлының байланыс телефоны: 8-775-691-07-64.