Адамның іш құрылысын анық көреді: Тараз қаласында көзі рентген әйел бар

Окулист дәрігер Овсянникова отадан кейін: «Динара, көзіңді түзедік. Алайда, көз түбінде кішкентай лампа сияқты бірдеңе тұр. Не екенін білмеген соң, тиіспедік», &ndash деп, оң көзінен шырақтай жанған әлдебір жарық сәулені көргенін айтыпты.

Тәңірдің адам баласы шеше алмай келе жатқан құпиялары таусылған ба, сірә?! Осы уақытқа дейін, тіпті, ғылымның өзі түйінін таппаған ғажайыптар қаншама?!. Сол ғажайыптардың бірі ретінде науқастарды рентген көзімен емдеп келе жатқан Динара Орынтайқызын атасақ та болар.

Ешқандай медициналық арнайы тексерусіз емделушінің диагнозын тап басып айтып, ешқандай арнайы құрылғысыз, дәстүрлі және халықтық медицинаны ұштастыра отырып, Құдайдың берген арнайы құдіретімен, көзіндегі ғажайып сәуле арқылы талай дертіне дауа іздеген жандардың сауабына ие болып отырған Динара емшіні бұл күнде Тараз жұртшылығы ғана емес, республика біледі десек, қателеспеспіз.

Ол емдеу барысында адамның іш құрылысын анық көреді және ем жасағанда жараның аузын көз жанарымен күйдіре алатын күшке де ие екен. Ал аяғы ауыр келіншектерге құрсағындағы сәбиінің қыз немесе ұл болатынын анық айтып бере алады.

Қазақстан Республикасының Халық және рухани емшілері мекемесінің толық мүшесі Динара Орынтайқызы бұдан алты-жеті ғасыр бұрын өмір cүрген, аты аңызға айналған көріпкел, назары мен назы қалт кетпейтін Оқшы бабаның ұрпағы екен. Қасиет ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзіне қоныпты. 30-жылдары ғұмыр кешкен әжесі де бақсы болып, науқастарды отпен емдеп, талай адамды ажалдан арашалапты. Яғни, науқас жандарға, дертіне дауа іздеген дімкәстерді емдеу емшінің ата тегінен бар екен.

1984 жылы Динара әлдебір дертке душар болып, талма ауруына ұшырайды. 14 жасар жасөспірім қызға дәрігерлер «елірме» (эпилепсия) деген диагноз қояды. Ауруханада ем қонбаған соң, Динараны анасы Талас ауданы, Майтөбе ауылындағы атақты емші, көріпкел Қожағаппарға апармақшы болады. Қожағаппар қария ем-домын жасап, жас қызға ішірткі жазып береді.

«Сен кейін емші боласың. 18-ге толғанда мен тірі болсам келіп кетерсің. Тірі болмасам, көрерсің», - деп шығарып салады.

Қожағаппар атаға қаралғаннан кейін Динара талма ауруынан құлан-таза айығады. Мектеп бітіріп, Жамбыл қаласындағы медициналық училищеге оқуға түседі. Туғаннан оң көзінің қарашығы қисық біткен бойжеткен қатты қысыла бастайды. Ақыры көз дәрігері Овсянникова ота жасап беруге келіседі.

Овсянникова оң көзге жасалатын отаны қолға алып, кіріскенде, неге екені белгісіз, қыздың аяғы жан шыдатпай ауырғаны соншалық, әлдекім оң аяғын кесіп жатқандай күй кешеді. Оң көзге жасалған ота сәтті аяқталғанымен, Динара сол күні оң аяқтан қалған еді&hellip

Ал окулист дәрігер Овсянникова отадан кейін: «Динара, көзіңді түзедік. Алайда, көз түбінде кішкентай лампа сияқты бірдеңе тұр. Не екенін білмеген соң, тиіспедік», &ndash деп, оң көзінен шырақтай жанған әлдебір жарық сәулені көргенін айтыпты.

Күн өткен сайын жағдайы нашарлап, ол енді жүре алмайтын халге жетеді. Белінен төмен қарай буыны ұстамай, белі мен денесі екі жаққа айналып кететін. Дәрігерлер қыздың болашағынан үміт үзеді. Ата-анасы сал болып қалған қызын жер-көктің дәрігеріне көрсетеді.

Бірақ, бірде-бір дәрігер қызды айықтыра алмайды. Екі жылға жуық уақыт төсек тартып жатқан Динараны ата-анасы Жамбыл қаласының тұрғыны Бектұр Мыңбаев есімді емшіге алып келеді. 

«Тоғыз күн емдеймін. Қызда әруақ бар. Құдай жазса, үлкен емші болады. Дәрігерлер көп қинаған екен», - депті Бектұр ата. Үш күннен соң қабырға жағалап жүре бастап, тоғызыншы күні аяғына тұрған Динара емшіліктегі жолын ең алғаш 14 жасар Мәдина есімді қыздан бастайды. Дәрігерлер ем қонбаған соң үміт үзген қыздың бетін бері қаратып, жаңа өмір сыйлаған. Мәдина бүгінде үлкен қызметкер екен.

1993 жылы Тараз қаласындағы Әбдіқадыр медресесінің екі жылдық курсын бітіреді. Одан әрі Бұқара мен Самарқандта дәріс алып, Тараз қаласына қайта оралады. Содан бері дұғамен де емдеуді қолға алыпты. Қасиетті Құран кітабының аят-cүрелерін қолданып, сырқаттарға дем де салады.

«Тек қана көзімдегі сәуленің күшімен дертінен айығатындар бар. Мен адамдардың жазылып келе жатқанын да көремін. Егер ем қонбай, нәтиже болмай жатса, оны да жасырмай айтамын. Барлығы да Алланың қалауымен. Тек адамдар дертін асқындырып келмесе екен деп отырамын. Асқынған ауруды жазу өзіме де өте ауыр», - дейді Динара.

Емші әйелдің қазіргі көзі жас күніндегі суреттерімен салыстыруға мүлде келмейді. Жыл ұзарған сайын көздерінің шарасы да үлкейгені таңдандырды. Ал емдеу барысында көзіне қара көзілдірік киіп ала қояды. Оның себебі, оң көзінің қарашығы рентген сәулесін шығарарда аунақшып тұрады екен. Бұл құбылыстан емделуші шошынып қалуы мүмкін.

Динараны қараған арнайы білімі бар мамандар көзінде рентген сәулесінің ұшқындарындай күш бар деп тапқан. Осы саланың білгірі, профессор В.М. Инюшиннің лабараториясында да арнайы тексеруден өткен.

«Науқасы меңдеп, жүдеп-жадап, үміт сәулесі өшкелі тұрған жандардың ауруынан айығып, жүзін қуаныш кернегенін көргенде, жаным жадырап сала береді», - дейді емшінің өзі.

Динараның емдеу тәсілі дәстүрлі медицинадан алшақ емес. Тамырды ұстап, науқастың диагнозын дәлме-дәл, сол сәтте қояды. Аурудың бетін Құранмен қайтарады, шөп қолданады. Қатерлі ісік ауруынан бастап, ішкі мүшелердің барлық ауруларын, жүйке жүйелері, буын сырқаттарын, әйелдер аурулары мен бедеулікті, басқа да аурудың талай түрін емдей беретін оның пікірінше, емшінің бойында үш қасиет болғаны жөн. Атап айтқанда, дінді де, медицинаны да, халықтық дәстүрді де ұштастыру керек. Діннен хабары жоқ емші &ndash емші емес.

Қазақстанның әр қиырынан шыбын жанын шүберекке түйіп келіп, құлан-таза айығып кеткен адамдардың алғысы емшінің тілек кітабында жетіп артылады.

Бүгінгі таңда Динара емшінің есігін торығандар мен жолына қарағандар да көп екен. Ол әрбір емделушіге жеке-жеке уақыт бөліп, әрқайсысына өзінің дертіне қарай тиісінше бөлек-бөлек ем қолданады.

Динара емшінің ендігі бір мақсаты өзінің тылсым көзі туралы өзі де толық білгісі келеді. Ғылыми түрде арнайы мамандар сырын біліп берсе деген ол, бұл ғажайыптың құпия болып қалғанын қаламайды.

Наурызбек САРША

sn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста